Атырау, 6 мамыр 02:49
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бейнесі", "Бен Ладен «дүниежүзілік джихад» үшін миллиондарын мұра ғып қалдырған", "Швейцария Храпуновты оңайшылықпен қайтармайтын сияқты", "Ақтөбеде аудан әкімі "крышасы" жоқтығын айтып ақталды", "Ғылым қашан қазақша сөйлейді

2 173 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси бейнесі" - Ресей саясаткерлері «еуропалық деңгейден де жоғары дипломат» деп бағалаған Қасым-Жомарт Тоқаевты өз елінде түрліше қабылдайды. Оны «Қазақстан дипломаттарының көшбасшысы» деушілер де, «Назарбаевтың көлеңкесі» дейтіндер де бар.

"Forbes: Қазақстан байларының дәулеті ортайды" - Forbes тізіміндегі Қазақстан байларының табысы кеміді. Биыл әлемдегі байлар саны да, олардың жиынтық байлығы да азайған. Forbes жаңалығы Facebook негізін қалаушы Марк Цукерберг болып отыр.

ULT.KZ. "Бен Ладен «дүниежүзілік джихад» үшін миллиондарын мұра ғып қалдырған" - «Әлемнің бірінші терроршысы» атанған Усама бен Ладен радикалды исламистердің ісі мен жолын құптамайтындарға қарсы «дүниежүзілік соғыстың» тоқтаусыз жүргізілуі үшін ғұмырында жинап үлгерген бар байлығын өмірден өткен соң мұра ғып қалдыратынын айтып кеткен. Бұл туралы «Аль-Каида» басшысының жеке құжаттары һәм хаттарымен танысқан Reuters ақпараттық-агенттігі хабарлайды.

"Назарбаев: өз ұлтыңды өзге ұлттардан артық көрме" - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елдегі келісім пен бейбітшілік үшін қазақстандықтарға алғыс айтты.

KORRESPONDENT.KZ. "Ақтөбеде аудан әкімі "крышасы" жоқтығын айтып ақталды" - Ақтөбе облысы, Қарғала ауданының әкімі Рахат Сыдықов "крышасы" жоқтығын, бүгінгі жетістігіне өз еңбегімен жеткенін айтты. Сонымен қатар аудан басшысы ешкімнің мұрнын бұзып, басын жармағанын да жасырып қалмады.

ABAI.KZ. "Иманов көтерілісін Ленин қаржыландырған жоқ" - 1916-жылғы Торғайдағы ұлт азаттық көтерілісі әлі күнге ел арасына кең тараған аңыз тәрізді. «Әр патша тарихты өз ыңғайына қарап жаздырады» деген ертеден сөз қалған. Кеңес өкіметі де тарихты коммунистік идеология негізіне сүйеніп жаздырды. «Аңыз» дейтінім сол. 1916-жылғы ұлт азаттық көтерілісі туралы осы күнге дейін жазылған ғылыми, әдеби еңбектерде сол марксизм идеологиясының салқыны осы күнге дейін сақталып келеді.

SERKE.ORG. "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" - «Былтыр Қазақстан халқы Ассамблеясы сессиясында айтылған менің ұсынысым жұртшылықтан кеңінен қолдау тапты. Сол іс-шарада елдегі түрлі этнос өкілдері бір-біріне және қазақ халқына алғыс тақырыбын қозғады. Биылғы қаңтарда мен тиісті жарлыққа қол қойдым. Алғыс айту күні - енді ұлттық күнтізбедегі Еңбек күні, Отбасы күні сияқты өзге де мерекелердің қатарындағы жаңа дата. Мен бұл мереке қазіргі уақытта аса қажет біздің қоғамдағы сенімді, келісім мен достықты бұрынғыдан да нығайта түсетініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы

QAZAQUNI.KZ. "Швейцария Храпуновты оңайшылықпен қайтармайтын сияқты" - Былай естігенбіз: Алматы қаласының экс-әкімі Виктор Храпунов Швейцарияға қашқанда Қазақстандағы бүкіл дүние-мүлкін бір ұшаққа артыпты. Ал сыймағанымен қимай-қимай қоштасыпты. Ту-154-ке тиеген дүние-мүлкінің салмағы 18 тоннаны құрапты. Аспаған да, саспаған да сабазың.

"Бұл мамандықтар болашақта болмауы мүмкін" - CNN Money басылымының хабарлауынша, инновация, технологияның дамуы болашақта кейбір мамандықтардың керексіз болып қалуына «септігін» тигізеді

QAMSHY.KZ. ''Google компаниясында қызмет ететін қазақ жастары" - Google корпорациясының түрлі құрылымдарында қызмет ететін жастар компанияның өз жұмысшыларына барынша жақсы жағдай жасайтынын айтады, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

"Cириядағы соғыстан қашып, қарағандыға паналағандар қазақстанда қалатын болды" - Соғыстан қашып, Қазақстандағы туыстарында жан сауғалаған сириялық отбасы Қарағандыда сәуірдің ортасына дейін қалатын болды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы

DALANEWS.KZ. "Ғылым қашан қазақша сөйлейді?!.." - Тәуелсіздіктің 25 жылдығына аяқ бастық. Мемлекеттік тіл мәртебесін алған қазақ тілі өз мәртебесіне лайық құрметке бөлене алған жоқ. Біздегі заңдар мен жарғылар, қаулылар мен шешімдердің көбі негізінен орыс тілінде дайындалып, артынан мемлекеттік тілге аударылады.

"Долларды неге ұстап тұр?" - Теңге мен доллардың айналасындағы хаостан қарапайым халық қана оңбай ұтылды.
Бұрында əлгі бір дəу дүкендерге баратынбыз. Супермаркеттерге… Үйден алып шыққан 15 мың теңге артығымен болмаса да нақпа-нақ жететін сияқты еді. Қазір жетпейді. Қазақшалап айтқанда, жыртығыңды жамауға да жарамайды.

ZHASALASH.KZ. "Киелi жердегi күрескер ұлт" - Әлемнiң қай түкпiрiнде күн кешiп жатқанына қарамастан кез келген еврей Израильмен мақтанады, “өркениеттiң ежелгi бесiгi" деп оны ерекше қасиет тұтады.




2 наурыз 2016, 14:08

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.