Атырау, 6 мамыр 08:36
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Юлия Козлова ақталып шықты", "Казактар Қазақстан Конституциясын өзгертудi талап етпек пе?", "Иран парламентіндегі әйелдер саны жаңа «рекордқа» жетуі мүмкін", "Қазақстандық журналист қазақ тілінің тынысы тарылуына Д.Назарбаеваны кінәлады"

1 897 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Юлия Козлова ақталып шықты" - Оппозициялық Nakanune.kz сайты журналисі Юлия Козлова есірткі сақтау ісі бойынша ақталды. Оның адвокаты Алматы соты шешімін «сирек құбылыс» деп атады.

"Бизнесін ұжымына берген адам" - Ақсай қаласында тұратын бизнесмен Барлық Меңдіғазиев 40 миллион долларға бағалаған бизнесін компания ұжымына түпкілікті өткізіп берді. Азаттық тілшісі кәсіпкердің бұл жомарттығы себептерін анықтап көрді.

"Иран парламентіндегі әйелдер саны жаңа «рекордқа» жетуі мүмкін" - Ирандағы сайлауда 20 әйел парламенттен орын алуы мүмкін, бұл – Ислам Республикасы үшін рекордтық көрсеткіш.

ZHASALASH.KZ. "Казактар Қазақстан Конституциясын өзгертудi талап етпек пе?" - Ақпанның басында өткен Қазақстандағы орыс, казак және славян ұйымдарының үйлестiру кеңесiнiң есеп беру-сайлау съезi көпшiлiктiң назарынан тыс қалды. Осы жиында казактар атынан мәжiлiске депутат сайлау мәселесi көтерiлген екен.

"Мәскеуге қарап мәймеңкөлеу" - Өткен аптада Қа­зақ­станға қатысты дау­лы iстермен дақпырты асқан Австрияның астанасы Венада тағы бiр отандасымыз “шу шығарды". ЕҚЫҰ парламенттiк ассамблеясының жиынына келген Қасым-Жомарт Тоқаев ЕО-ның кейбiр елдiң депутаттарына салған санкцияларына ашық түрде наразылық бiл­дiр­­дi.

ABAI.KZ. "Қазақ жеріне өзге ұлт өкілдері қалай депортацияланды?" - Алғыс айту күніне орай беріліп отырған бұл бейнебаяндағы оқиғалар мен оқиға куәгерлері өткен күндерді еске ала отырып, қазақ халқына риясыз алғыс айтады.

"Белорусь пен қазақ ауылы 25 жылда қалай өзгерді?" - Жақында ресейлік www.nakanune.ru сайты «Батька» басқаратын мемлекеттегі шалғай жатқан ауылдардың бүгінгі келбеті туралы мақала жариялады.

HALYKNEWS.KZ. "Әйел өзімдікі деп, тың тыңдама, бәлеге қалуың мүмкін" - Зайыбының сыртынан рұқсатсыз тың тыңдағаны үшін, 34 жасар ер адам қылмыстық жауапқа тартылды деп хабарлайды Алматы ІІД.

KORRESPONDENT.KZ. "Зейнеп Ахметова: "Шаншар" театрының әйел болуға әуес жігіттерінің іштерінде бір бәле бар" - Жазушы, қазақы салт-дәстүрлерді насихаттаушы Зейнеп Ахметова елді күлдіремін деп, талай нәрсені бүлдіріп жүрген әртіс еркектерді қатаң сынға алды.

"Қазақстандық журналист қазақ тілінің тынысы тарылуына Д.Назарбаеваны кінәлады" - Танымал журналист Қуандық Шамахайұлы қазақ тілінің болашағына алаңдаулы. Журналист бұл туралы пікірін "Твиттер" арқылы «фэйсбук» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Тіпті қазақ тілінің тынысы тарылып жүр деген ол оның себебін де болжаған.

"Олимпиада киімі сын көтермейді" - Астанада Қазақстан құрамасының Бразилияда өтетін Олимпиада ойындарына арналған киімі таныстырылған болатын. Бұл жаңалық жарыққа шықпай жатып-ақ сынға ұшырады

AIKYN.KZ. "Руханидың жолы жеңіл ме?" - Иранда өткен парламент сайлауының толыққанды қорытындысы әлі шыға қойған жоқ. Дегенмен қазірдің өзінде жеңімпаздар белгілі секілді.

"Роботтар жұмысын адамдарға жүктемек" - Көлік шығарушы Mercedes Benz үлкен өнеркәсіптік роботтарды адамдармен алмастырмақ.

ULT.KZ. "Павлодар — кереку ме?" - Павлодар деген атауы бар қалада жүргеніңде, өзіңді әлі де патшалық Ресейдің боданы секілді сезінетінің ақиқат. «Қала атауы өзгерсе, қаншама қаржы желге ұшады, оның орнына балабақша ашуға, мектеп салуға жұмсайық» деп орыстілділер момын қазақтарды алдарқатып уақыт оздырып келеді.

"Нато-ны аңсаған Грузия" - Грузия президенті резиденциясында осы елдің қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті. Мұнда Грузия қарулы күштерін қайта құру мәселесі қаралған. Бұл туралы елдің қорғаныс министрі Тинатин Хидашели хабарлаған.


1 наурыз 2016, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.