Атырау, 6 мамыр 01:43
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Санкцияны айтқан Тоқаев "әлемдік саясаткер" аталды". "Лоссерталес «экспо-2017» көрмесі өтпей қалуы мүмкін дегенді жоққа шығарды". "ДАИШ-та секс-құлдықта болған қыз содырлардың зорлығын айтып берді".

2 337 просмотра

AZATTYQ.ORG "Санкцияны айтқан Тоқаев "әлемдік саясаткер" аталды" - Қазақстан парламенті сенатының спикері Қасым-Жомарт Тоқаев 25 ақпанда Венада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Парламенттік ассамблеясында сөйлеп, Еуропа елдерінің кейбір елдердің депутаттарына қарсы санкциялар салғанына қарсылық білдірді.

"Үш баласын интернатқа берген отбасы" - Алматы қаласында көпбалалы отбасы тұрмысқа жайсыз әрі жартылай қираған үйде тұрып жатыр. Сондықтан билік үйдің кіші үш баласын интернатқа орналастырған. Балалардың анасы «бұдан өзге амалым жоқ сияқты» деп қамығады

TENGRINEWS.KZ "ДАИШ-та секс-құлдықта болған қыз содырлардың зорлығын айтып берді" - Сексуалдық құлдықта болған Шириннің оқиғасын Daily Mail басылымы жариялады.

ABAI.KZ. "Лоссерталес «экспо-2017» көрмесі өтпей қалуы мүмкін дегенді жоққа шығарды" - Өткенде «Abai.kz» порталында біз Халықаралық ЭКСПО көрмесінің Астанадағы экс-кеңесшісі Хуан Корреастың Елбасы атына жолдаған хатын жариялаған болатынбыз. Үшбу хатында Корреас мырза көрмені ұйымдастыру жұмысындағы жетекші топтың ауысуына байланысты әлемдік ЭКСПО 2017 жылы Астана төрінде өтпей қалуы мүмкін деп жазған еді. Кеше Астана қаласындағы ЭКСПО-ның кезекті кеңесіне арнайы келіп қатысқан Халықаралық көрме бюросының Бас хатшысы Висенте Лоссерталес Хуан Корреастың мәлімдемесін жоққа шығарды.

ZHASALASH.KZ "Ермұрат Бапи: Сайлау әдiл өткен заманда мамыражай репортаж жасасам деп армандаймын" - Өткен аптада “ДАТ" жобасымен шыққан басылымдардың 700-iншi саны оқырман қолына тидi. Он сегiз жылға жуық уақыт iшiнде билiктiң қысастығына көнбеген, құқайына мо­йымаған тәуелсiз басылымдағы әрiп­тес­терiмiздi осы атаулы оқиғамен құт­тықтай отырып, “ДАТ – “Обще­ст­вен­ная позиция" газетiнiң “Бас оқырманы" Ермұрат Бапимен тiлдес­кен едiк.

SERKE.ORG. "Жақиянова мен Ерғалиеваның арысындағы дау қоғамдық маңызы бар мәселе ме?" - «Свобода слова» газетінің бұрынғы бас редакторы Гүлжан Ерғалиевадан 1 миллион доллар алып, қарызын қайтармай жүрген саясаткер Ғалымжан Жақияновтың әйелі Қарлығаш қазір Қазақстанда екен. Оның шетелге шығуына сот орындаушылары шектеу қойып тастапты. Ол Гүлжан Ерғалиевадан алған қарызын қайтаратыны жөнінде жазбаша уәде берген. Бірақ сот орындаушыларына жазып берген әлгі түсініктемесінде Қарлығаш Жақиянова өзіне тиесілі дүние-мүлкінің жоқ екенін, күйеуінің жұмыссыз жүргенін айтыпты.

"Канадалық студент киіз үйде тұрып жатыр" - Канадалық студент Майкл Джеффри пәтерде тұрудан бас тартты. Ол табиғатты жақсы көреді екен де, коммуналдық қызмет үшін төлеуді ұнатпайды екен. Сондықтан пәтер жалдаудың орнына ол өз күшімен киіз үй салып алып, көшпенділердің осы үй түрінде тұрып жатыр, - деп хабарлайды BuzzFeed

AIKYN.KZ. "Көршінің көңілі неде?" - Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығы елде сауалнама жүргізу арқылы олардың ой-пікірін зерттеді.

"Тутанхамон перғауын асық ойнаған ба?" - Біреу сізден «Асық деген не?» деп сұраса қалай жауап қайтарар едіңіз. «Қазақтың ұлттық ойыны» дейсіз иә? Бәріміз де солай жауап береміз. Себебі, қазақтың қай баласы да асықпен ойнаған. Ал анығында, асық тек қазақтың ғана ұлттық ойыны емес екен.

QAZAQUNI.KZ. "Дүниеқоңыздық дерт пе, әдет пе?" - «Үйіміз үй емес, тура бір үйінді дерсің. Екі бөлмелі үйде аяқ алып жүру азапқа айналды. «Сіз журналиссіз ғой, ақылыңызды айтыңызшы, не істеймін?» деп сұраулы жүзбен маған қараған көрші келіншекке не дерімді білмей, тосылып қалдым.

QAMSHY.KZ. "Қазақ қайтсе дамиды?" - Осыдан екі жыл ілгеріде болса керек, бір бейтаныс жігіт көкекте (QQ) кеңесте отырып, кенет маған мынадай сұрақ қойды: «Аға, қазақ қайтсе дамиды? » . .




26 ақпан 2016, 14:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.