Атырау, 6 мамыр 07:22
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Елбасының қазақ тіліне не үшін шүйліккені белгілі болды". "Қазақстандықтар жақсы өмір іздеп о дүниеге аттануда". "Сталин кәпiр ме өзi, мұсылман ба?..". "Кедейліктің көшін кім бастап тұр?". "Есеп берудiң екiншi аты – шоу". "Қазақ көшіне қандай бөгет бар?"

2 327 просмотра

KORRESPONDENT.KZ. "Елбасының қазақ тіліне не үшін шүйліккені белгілі болды" - Белгілі журналист Марат Тоқашбаев Елбасы Н.Назарбаевтың орыс тілінде сауал жолдаған азаматтарға өзге тілде жауап берген мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан қуылатыны туралы мәлімдемесіне қатысты өз пікірімен бөлісті.

"Қазақстандықтар жақсы өмір іздеп о дүниеге аттануда" - Ешқандай да таңсық оқыған жоқсыз. Дәл солай. Себебі бізде өз-өзіне қол жұмсау деректері көбейіп кетті. Біреуге ренжісе де, несие алып, төлей алмаса да өз өмірімен қоштасуға дайын тұрады.

AZATTYQ.ORG. «Билікке көмекші партия» жетекшісі Серік Сұлтанғали" - Ақпанның 12-сі күні Орталық сайлау комиссиясы парламент мәжілісінің ерте сайлауына «Бірлік» партиясы ұсынған депутаттыққа үміткерлерді бекітті.

QAMSHY.KZ.азақстандықтардың 64,6 пайызы алғашқы жыныстық қатынасқа мектепте түседі" - Біріккен ұлттар ұйымының тұрғындар мәселесі жөніндегі қоры (ЮНФПА) жүргізген зерттеулер осындай нәтиже көрсеткен, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы.

ABAI.KZ. "Виртуалды әлемдегі электоратты да ұмытпау қажет" - Кейінгі кезде дәстүрлі ақпарат құралдары мен интернет ресурстар, әлеуметтік медиа арасында ақпарат таратуда бәсекелестік байқалып жүр. Алайда, биылғы сайлау науқаны кезінде байқағаным, әдеттегідей дәстүрлі ақпарат құралдары алдыңғы қатарда тұр.

ZHASALASH.KZ. “Сталин кәпiр ме өзi, мұсылман ба?.." - Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толды. Ұлы жыраудың дүниеден өткенiне де 70 жылдан асып барады екен...

"Есеп берудiң екiншi аты – шоу" - Жасанды сценарий, көпе көрнеу көзбояушылық жұртты жалықтырып бiттi. 23 ақпанда Астанадағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өңiр басшылары өткiзетiн дәстүрлi брифинг кезегi Оңтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Бейбiт Атамқұловқа тиiп, журналис­тер тарапынан қойылған он шақты сауалға шама-шарқынша жауап қайтарды.

SERKE.ORG. "Қазақ көшіне қандай бөгет бар?" - Қазақ көші қаңтарылып тұрғалы да үш жылдан асты. Мұның басты себебі 2013 жылғы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталатын ҚР Заң жобасына енгізілген аты шулы жауапсыз өзгерістердің кесірі болатын.

ULT.KZ. ұлбек Ергөбек: халық неғұрлым қараңғы болса, билiкке соғұрлым тиiмдi" - Рухсыздық — жеке адам үшiн де өте бiр қасиетсiздiк, ол қауiптi нәрсе. Ұлттық рухты қалай көтеруге болады дегенде, ұлттық рухты көтеретiн бiрнеше компоненттер болғаны абзал. Жастарымыздың бойында Отанды сүю, Отанға құштарлық сезiмдерiн оятуымыз керек. Бұл үшiн бәлкiм идеология керек шығар. «Отаныңды сүй» деп қазiр ата-ана балаға да айтпайтын болды ғой. «Отаныңды сүй, сенде жалғыз Отан бар» деп билiктегiлер де көп айта бермейдi. Өздерi бiледi деп ойлайтын болуы керек. Бiлгенi өз алдына. Отанды сүюшi сезiмiн бiз бесiктен бастап үйретуiмiз керек балаға, онсыз болмайды.

лбасы еуразэо-ның түпкі нәтижесінде пайдалы болатынына күмән келтірмейді" - Баспасөз қызметінің хабарлауынша елбасы Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы Тигран Саркисянмен кездесті. Кездесу барысында Еуразиялық экономикалық одақты дамыту, бірлестіктің үшінші елдермен экономикалық қарым-қатынастар аясын кеңейту мәселелері, сондай-ақ ЕурАзЭО-ға мүше елдердің жаһандық нарықтарда қалыптасқан ахуал жағдайындағы ортақ іс-қимыл стратегиясы талқыланды.

AIKYN.KZ. "Кедейліктің көшін кім бастап тұр?" - Әлем дағдарысқа қарсы тұра алмай келеді. Жыл түгілі ай өткен сайын жұрттың әмияны жұқаруда. Бұл елдің экономикасымен тығыз байланысты. Осындайда кедейліктің көшін кім бастап келе жатқанын білуге ынтық халықтың қарасы да көбейеді.

QAZAQUNI.KZ. "Кітап музейін жабу елбасының тапсырмасы ма, Арыстанбек мырза?" - 8 жылдық тарихы бар республикалық Кітап музейі жабылмақшы. Музейді таратып, орнына Мәдениеттерді жақындастыру орталығын құру жөнінде Үкімет басшысының қаулысы 2015 жылы 27 желтоқсанда шығыпты. Бұған дейін «Қазақконцерттің» жабылғаны белгілі. Маңызды мәдени ошақтардың бірінен соң бірінің жабылуы мәдениетке жасалып отырған шабуыл демеске шара жоқ.



25 ақпан 2016, 16:40

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.