Атырау, 6 мамыр 05:18
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Сайлауға қатысатын бақылаушыларды дастархан жайып, қонақ етуге тыйым салынды". "«Үйреншікті үгітке» ақша жоқ, оппозиция әлеуметтік желіге көшті". "Қазақ үшін Отанын емес, руын қорғау маңызды". "Ұрланған автокөлік Қазақстанға қалай жеткізіледі?".

3 341 просмотра

KORRESPONDENT.KZ. "Сайлауға қатысатын бақылаушыларды дастархан жайып, қонақ етуге тыйым салынды" - Мәжіліс пен Мәслихат сайлауына келетін бақылаушыларға қазы-қартаға толы мол дастарқан жайылмайды. Шетелдік сарапшыларды қазына қаржысы есебінен мейрамханаға шақыруға, олар тұрып жатқан қонақ үйдің ақысын төлеуге де тыйым салынған. Яғни, бақылаушылар бар шығынды өздері көтеруі тиіс, деп хабарлады КТК арнасы.

AZATTYQ.ORG. "«Үйреншікті үгітке» ақша жоқ, оппозиция әлеуметтік желіге көшті" - Оппозициялық ЖСДП мерзімінен ерте мәжіліс сайлауы науқанын әлеуметтік желілерде жүргізбек. Газетке үйренген адамдар «ақпаратты әлеуметтік желіден алып үйренбегенбіз» деп кейиді.

"Орталық сайлау комиссиясының «хикаялары»" - Биыл наурыздың 20-сы күні өтетін мәжілістің ерте сайлауы қарсаңында Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) партияларға сайлау заңдарын сақтауды ескертті. Ал кей саясаткерлер ОСК-ның осыған дейінгі жұмысына күмәнмен қарайды.

QAMSHY.KZ. "Қытайдың телесериалында домбыра өздерінің ұлттық аспабы ретінде көрсетілді" - Қытайдың "Жие юй ханыша" телесериялында қазақтың ұлттық музыка аспабы домбыраны өздерінің ұлттық аспабы "Пипа" деп көрсеткен. Ең қызығы "пипаның" шанағында Қазақстан туындағы күн мен қыран бейнесі түсірілген.

ABAI.KZ. "Қазақ үшін Отанын емес, руын қорғау маңызды" - «Караван» газетіне берген сұхбатында ресейлік саясаттанушы Александр Собянин деген біреу осылай дейді. Аталған газеттің тілішісімен Қазақстанның ішкі-сыртқы мәселелерін сараптап сөз еткен Собянин қазақ президентінің білгірлігіне, көрегенділігіне, көсемдігіне, қайраткерлігіне шын ықыласымен оң баға береді.

"Фунтаменталист жастардың көбейгені маңызды" - Ұлттық идея әр адамның ұлт­тық санасымен, ұлттық рухымен келе­тін дүние. Ұлттық сана мен ұлттық рух – адамның жан әлемінің бойында тәрбиемен оянатын, адамды игі жолға бастап, оның болашағына қызмет ете­тін құндылықтарға адамды жетелейтін танымның ерекше құбылысы. Түркі жұртының тұл­ғалану қасиеті оның ұлттық рухының да бет бейнесін көрсетеді. Демек, ұлттық идеяның өзегі – ұлт тарихында жатыр.

"АҚШ қазақ ғалымын Нобель сыйлығына ұсынды. Ал ол..." - Ал ол... ашқан жаңалықтарын жүзеге асыра алмай жүр. Неге? Бұл сұраққа жауап берместен бұрын мына төмендегі жайттарды баян етелік.

EGEMEN.KZ. "Фурмановты түзеген Мырзахан" - Революционер, «қызыл комиссар», саяси жетекші, журналист, жазушы Дмитрий Фурмановтың есімі Кеңес Одағының дәмін татқан әрбір азаматқа етене таныс. Кеңес дәуірі қанша дүрілдесе, Чапаев пен оның көмекшісі Петька, пулеметші Анка туралы сонша дүрілдеген танымал әзіл әңгімелерді кім білмейді, тіпті… оны кім айтпады?! Ал енді шын мәнінде сол бір отандық ең танымал әрі ел арасында ең көп айтылатын халықтық анекдоттың алғашқы айтушысы сол Фурмановтың өзі екен дегенге сенер ме едіңіз? Жә, бұл басқа әңгіменің желісі. Біздің айтпағымыз, сол қызыл комиссар Дмитрий Фурмановтың Қазақстандағы күндері.

SERKE.ORG. "Ұрланған автокөлік Қазақстанға қалай жеткізіледі?" - Ресейде әбден сыналған қылмыстық айла табысты жұмыс істеуде — Свердловск облысында машиналар Қазақстанға жіберу үшін тұрақты ұрлануда. 2015 жылы ұрлықтың азайғанына қарамастан, цифрлар таңданыс тудырмай қоймайды.

ZHASALASH.KZ. "Шетi мен шегi көрiнбеген өтпелi кезең" - Алтынбек Сәрсенбайұлын еске алуға арналған жиында жасалған баяндама. 80-жылдардың соңы, 90-жылдардың басынан берi бiз транзит кезеңiн бастан өткеру­демiз. Алайда оның әлi күнге дейiн шетi де, шегi де көрiнбей­дi.

"«Қазақстанда орыс тiлi мәселесi жоқ»" - Өз елiнде, өз жерiнде құқай көрумен келе жатқан қазақ тiлiнiң-ақ басынан бұлт арылмай қойды. “Мемлекеттiк" деген мәртебесi – “тiл!" деп күңiренген көптiң көңiлiн жұбатып, алдарқатар айла болып қалды. Әйтпесе билiгi ресми түрде рәсiмделер тұста өзi үстiне қолын қойып ант берген Ата Заңда ол туралы не айтылғанын президент ұмытар ма едi?! Осы орайда еске алар болсақ, тап сол Ата Заңда қазақ тiлi “...мемлекеттiк басқару, заң шығару, сот iсiн жүргiзу және iс қағаздарын жүргiзу тiлi" ретiнде ұлықталған және “Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы" ретiнде Қазақстан Республикасының әрбiр азаматы меңгеруi парыз санал­ған. Ендеше орыс тiлiнде өтiнiш айтқан адамға мемлекеттiк тiлде жауап бергенде тұрған қандай заң бұзушылық бар?! Сол үшiн кiжiнуге, жазалауға негiз бар ма? Мемлекеттiк тiлдiң қадiр-қасиетiнен гөрi, орыстiлдi сайлаушыларының өзiне деген ықыласын жоғары қоятын президенттiң бұл әрекетiн көпшiлiк қалай қабылдады?!

QAZAQUNI.KZ. "Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» кітабының қолжазбасы" - Бүгінде арысы Абай мен Ыбырайдан бастап бірқатар қазақ қаламгерлерінің қолжазбасы сақталған. Оларды еліміздегі музейлерден көруге болады. Сондай құнды қолжазбалардың бірі – Міржақып Дулатовтың «Оян, қазақ» кітабының қолжазбасы.

ULT.KZ. "Осы біз, қазақ, кімбіз?" - Көзі ашық, көкірегі ояу адам баласын әрқашанда ойландыратын үш сұрақ: Бұл жарық дүние қалай пайда болған және мен оған қайдан келдім? Қазір тірі жан иесі ретінде кіммін? Болашақ қалай болмақ, өлгенде қайда барамын? Осы үш сұраққа жауап із­деу барысында бастапқыда мифология, одан кейін дін мен философия туындады. Осынау тылсым сұрақтар ғасырлар бойына ғұламаларды ойландырып, толғандырумен келеді… Идеалистер мен материалистердің болмыс пен сананың арақатынасы туралы өте ежелден басталған пікірталастары әлі күнге дейін жалғасуда. Ғаламды жаратушы құдіретті күш (ол әр дінде әр түрлі аталады: Құдай, Тәңір, қасиетті рух, Алла және т.б.) бар деген діни түсіндірмеден бастап, А. Эйнштейннің салыстырмалы теориясы, А. Фридман негіздеген космостың кеңеюі туралы шешімі, Ф. Хойл айтқан «Үлкен жарылыс» теориясы сияқты түрлі түсіндірмелер туындады.

AIKYN.KZ. "Есет батырдың суреті табылды" - Блогер және экономист Жандос Темірғали өзінің арғы атасы - Кенесары ханның үзеңгілесі Есет батырдың суретін тапты.

DALANEWS.KZ. "Жемқор қалай жазаланды?" - Қытайда Қылмыстық кодекстің 13-ші бабы бойынша айыпты деп танылған миллиардер Лю Хань жазаланды. Жазаланды дегеніміз жеңіл, нақтырақ айтсақ өлім жазасына кесілді (суретте).

"Жан Ахмадиев: «Отандық телеарналар бізді оппозиция санайды»" - Атышулы қазақ рэпері өзін заманауи жырау деп таныстыратын Жан Ахмадиев «Қала мен Дала» газетіне сұхбат берді.

ZHEBE.KZ. "ОҚО рекордтық көрсеткіштерге қалай жетіп отыр?..." - Оңтүстік Қазақстан облысы бүгінде республикамыздағы бірден-бір озық, әр қадамы алда келе жатқан аймақ екенін ешкім жоққа шығара алмайды. Жылына бірнеше мәрте өңірге ат басын бұратын Елбасы Н. Назарбаевтың өзі де талай бастамаларға куә болып, ОҚО-ның экономикалық-әлеуметтік, мәдени, рухани, жалпы жан-жақты даму қадамдары мен мүмкіндіктеріне жоғары баға беріп келеді... Ендеше облысты алдағы уақытта да биік тұғырлардан көре аламыз ба? .. Аймақ тізгінін 6 ай бұрын қолына алған облыс әкімі – Бейбіт Атамқұлов мырза, ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистерге брифинг берді. Осы уақытқа дейін не атқарылды, не атқарылмақ? Бұл сауалдардың жауабын әкімнің өз аузынан естідік.

"АҚШ пен Ресей Сирияға қатысты бір мәмілеге келген сияқты" - Осыған байланысты Ресей президенті Владимир Путин орыс тілді телеарналар арқылы арнайы сөз сөйледі. Оның барысында Путин АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы байланысып, екі тараптың Сирия жеріндегі әскери ұрыстарды тоқтату туралы келіссөз бойынша бір келісімге келгендіктерін мәлімдеді.

24 ақпан 2016, 11:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.