Атырау, 6 мамыр 06:52
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қазақстан: ұшқыштың дауы халықаралық деңгейге шарықтады". "Қырғызстанда ресейлік насихаттың ықпалы күшті". "Мемлекеттік тілде жауап берген қызметкерді жазалауға бола ма?". "Сатушылар сізді қалай баурап, қалай алдайтынын біліп алыңыз".

1 982 просмотра

CENTRALASIAN.ORG. "Қазақстан: ұшқыштың дауы халықаралық деңгейге шарықтады" - «Қазавиақұтқару» АО бұрынғы ұшқышы Валерий Севостьянов сот шешімімен кәсіпорынға Германияда оқығаны үшін 8 миллион теңге қайтаруы керек. Алайда дау халықаралық сипат алып кетті.

"Қырғызстанда ресейлік насихаттың ықпалы күшті" - 2015 жылы Қырғызстанда ресейлік насихат ықпалы жоғары күйінде қалды. Бұл туралы бітімгершілік және медиатехнологиялар Мектебінің сарапшылар тобы дайындаған «БАҚ, интернет және қоғамдық дискурстағы араздық тілі -2015» атты зерттеуінде айтылды.

SHYN.KZ. "Сатушылар сізді қалай баурап, қалай алдайтынын біліп алыңыз" - Ғалымдардың есебінше, қабылданған шешімдердің тек 5 пайызын ғана ақылға салады екенбіз, қалған 95 пайызы еркімізден тыс күштің әсерінен болып жататын көрінеді. Міне, дәл осы жерде нейромаркетинг мамандары біздің санамызға тікелей әсер етудің түрлі әдістерін тапқан.

"Жемқорлар атылатын болса, қытай тілін үйренуге қарсы емеспін!" - Соңғы 25 жылда Қытайда жемқорлық үшін 1 миллион адам атылған!!!Шенеуніктерді ату жазасы жұртттың көз алдында өтеді әрі тікелей эфирден көрсетіледі!!! Мәселен, жақында ғана қытайдың "Силикон аңғарындағы" (Силиконовая долина) жұмыстарды басқарған Пекиннің вице-мэрі Лю Чжихуа атылды. Ол инновациялық экономика құру стратегиясын жеке мақсатына пайдаланып, аса қымбат мемлекеттік жобалардың есебінен қалтасын толтырған!!!

SN.KZ. "Ислам Каримов: Комсомол — сатқындарды тәрбиелеген ұйым" - Өзбекстан президенті Ислам Каримов комсомолда (Жастардың коммунистік одағы — КСРО кезіндегі жастар ұйымы) сатқындарды тәрбиелегенін мәлімдеді. Бұл жайында Азаттық радиосының Өзбекстандағы өкілдігі хабарлап отыр.

INFORM.KZ. "Қазақстан АҚШ пен Франция нарықтарына уранның ірі жеткізуші болды" - «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басшылығы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеевке компанияны трансформациялаудың 2016 жылға арналған Жол картасын таныстырды.

AZATTYQ.ORG. "Мемлекеттік тілде жауап берген қызметкерді жазалауға бола ма?" - AzattyqLIVE президент Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекеттік тілге қатысты мәлімдемесін талқылады. Оқырман және Азаттық сұрақтарына саясаттанушы Айдос Сарым жауап берді.

"Ресейлік шенеунік «АҚШ Зика вирусын қасақана таратты» дейді" - Ресей үкіметі басшысының көмекшісі және осы елдің бұрынғы бас дәрігері Геннадий Онищенко «Зика вирусын АҚШ әдейі таратып жатыр» деп санайды.

"Азапталған адам кінәлілерді жазалата алмаған күйі дүниеден озды" - Бейсенбі, ақпанның 18-і, Қостанай облысы Рудный қаласында 33 жастағы Расим Байрамовты жерлейді. Ол өзін азаптаған полиция қызметкерлері сол күйі жазаға тартылмаған іс бойынша жәбірленуші деп танылған. Байрамов адвокаты дерегінше, әлгі полицейлер ішкі істер органдарында әлі жұмыс істеп жүр.

STAN.KZ. "Қазақстандық банктер ипотекалық несие беруді тоқтатты" - Қазақстандық бірнеше банк бірден ипотекалық несиелеуді тоқтатты. Ұлттық валютаның тұрақсыздығы мен оның жылжымайтын мүлік нарығына енгізген өзгерісі осындай шара қолдануға алып келген. Жаппай тұрғын үйге несие беруді тоқтатқан банктердің ішінде – “Банк ЦентрКредит”, “Forte”, “Сбербанк”, “ВТБ” және “Казкоммерцбанк” мекемелері бар.

17 ақпан 2016, 10:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.