Атырау, 6 мамыр 05:07
 ашықВ Атырау +16
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қайшылыққа толы тұлға: Қонаевты ұлтын өзгертуге не нәрсе мәжбүрледі?". "Жаңа тарифтің тиімділігі мол". "Дінмен ойнама – от шығады". "ЕО Беларусьті негізгі санкцияларынан босатты". "Жезөкшелікті заңдастырғысы келетіндердің иманы жоқ".

2 242 просмотра

AIKYN.KZ. "Ойыншық жасап, ойға қалдырды" - Цех жұмысын бастағанына көп уақыт бола қоймаған. Алғашында айына 3,5-4,5 мың ойыншық шығаруды жоспарлаған цех қызметкерлері бүгінде бұл межені артығымен орындап отыр.

"Зейнетақы «Жұмыс істеуге» көшті"- Жуырда Елбасының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында еркін зейнетақы жинағын инвестициялауды тапсырды. Пайдаланылмай тұрған 1 триллион 45 миллиард теңге зейнетақы жинағы ұлттық экономиканың бірнеше бағытын инвестициялауға жұмсалмақ. Оны ести сала, қоғам пікірі екіге жарылды.

AZATTYQ.ORG. "Дағдарыс кезінде ажырасу көбейген" - Ресми статистика бойынша, Қазақстанда соңғы жылдары ажырасу күрт көбейіп кеткен. Отбасылық психолог мамандарға сұраныс күшейген. Астаналық судья ажырасудың себебін жұмыссыздықтан көреді.

"ЕО Беларусьті негізгі санкцияларынан босатты" - ЕО Беларуське адам құқықтары мен демократия талаптарын бұзғаны үшін салған санкцияларының біразын алып тастап, Минскімен ынтымақтастық жобасын әзірледі. Бұл Беларусь авторитарлық режимін онан сайын еркінсітеді деп уайымдайтындар бар.

"Батыстың Путин арынын тежеу саясаты" - Батыс елдерінің Еуропаға Ресейден төнетін қауіп-қатерді тежеуге бағытталған стратегиясы Мәскеудің шамына тиеді. Кейбір сарапшылар Кремль өз мақсатына жету үшін кез-келген құралды пайдалануға тырысатынын айтады.

BAQ.KZ - «Сен маған досыңды көрсет, мен саған кім екеніңді айтамын» деген мәтел бар. Осы мәтелді «сен маған немен айналысатыныңды айт, мен саған кім екеніңді» айтамын деп өзгертуге болады. Адамның мамандығы біршама уақыт өткеннен кейін (негізі 5-6 жылдан соң) оның бойына ізін қалдыра бастайды. Ізін қалдыруға икемді әрі мінез өзгерісіне әкеліп соғатын мамандықтарды ұсынып отырмыз.

ABAI.KZ. "Қайшылыққа толы тұлға: Қонаевты ұлтын өзгертуге не нәрсе мәжбүрледі?" - Қай заманда да ел басқарған адамдардың сан қырлы, сан қилы саясаттағы өмірі әр кез, тіпті олар саяси сахнадан біржола кетсе де қызу талқыланып, қым-қиғаш пікірлер алаңына айналған. Қазақ Совет Социалистік Республикасын ұзақ жыл басқарған Дінмұмаммед Қонаев та қайшылыққа толы саяси тұлға. Иә, Қонаев Қазақстанды басқарған жылдары оның бірінші басшы ретінде жасаған жұмыстарын ешкім жоққа шығармайды. Ол кісінің шапағатын көрген жандар да көп.

"Ресейлік ағайындылар 700 жерлесімізді сан соқтырып кеткен" - Тегін жатқан ештеңе жоқ. Тегін жатқан жем тек тышқанға құрылған қақпанда ғана болуы мүмкін. Алайда, арзан дүние деп, алаяқтарға алданушылар саны әлі де азаяр емес. Бір қызығы, алданушылардың көбісі көзі ашық, жоғарғы оқу орнын бітірген сауатты адамдар. Соған қарамастан, алаяқтар құрған қақпанға өздері түсіп, қапы қалып жатады.

"Дінмен ойнама – от шығады" - Кез келген халықтың ұлттық ерекшеліктері, менталитеті, өмірлік ұстанымдары мен рухы өзінің дәстүрлі діни сеніміне негізделіп қалыптасады. Сондықтан діни сарында бастау алатын кез келген саяси күрес салдары өте ауыр қайғылы жағдайларға әкеп соқтырады.

EGEMEN.KZ. "Жаңа тарифтің тиімділігі мол" - Бес институттық реформаны жүзеге асыруға бағытталған «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары шеңберінде берілген Елбасының тапсырмалары еліміздің әр өңірінде, әр саласы бойынша ретімен орындалып келеді. Бұл ретте аталған қадамдар аясында өз тарапынан жұмыс жасау барысымен таныс еткен Энергетика министрлігінің есебі мынадай.

QAMSHY.KZ. - "Қайрат Жолдыбайұлы: Жезөкшелікті заңдастырғысы келетіндердің иманы жоқ" - Таяуда еліміздегі бір сайттан жезөкшелікті заңдастыруға қатысты бір ақпаратты көзім шалды. Осыдан бірнеше жыл бұрын өзін зиялы санайтын бір зиянды кісі де маған дәл осы ұсынысты айтқан болатын. "Қоғамда бұл іс қалай болғанда да жүзеге асып жатыр. Сендер харам дегенмен ол тоқтап қалмайды. Істейтін адам әйтеуір бір амалын тауып, бәрібір жасайтынын жасайды. Ендеше, оны заңдастыру қажет. Есесіне қазынамызға салық төленеді. Қыздар медициналық бақылауда болғандықтан, ауру тарамайды" - деген уәжін келтірді, қазынаның қамын ойлап, халқымыздың денінің сау болғанын тілеген адам болып.

SZH.KZ - "Мақпал Жүнісова: «Өз елімнен кететін шығармын»" - Қазақтың ерке қызы көптеген концерттерде бой көрсеткенімен, оны эфирге шығармайды. Қайда барса да, алдынан кесе-көлденең кедергілер шығады. Оған кім себеп? Наурыз айына жоспарланған концерт неліктен сәуір айына ауысты? Осы және өзге де сырларымен Мақпал Мұхамедиярқызы журналист Ай-Керім Самалбекқызымен бөлісті.

16 ақпан 2016, 14:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.