Атырау, 6 мамыр 12:03
 ашықВ Атырау +20
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

"Қажыгелдин немесе «қалталы қазақ» кімге керек болды?". ""Путин премьер мен патриархты «Батыспен беттесуге» жұмсады" ". "Қызылордадағы әруақтар «қоныстанған» үйдің адам шошырлық құпиялары". "Қырғызстан: Сәуір оқиғалары сотының алтыншы жылы...".

2 544 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қазақстан Африкада мұнай өндіруге ниетті" - Батыс басылымдары Малавиде мұндай өндіруге қазақстандық мамандар қатысуы мүмкін екенін, ал мұнай бағасының құлдырауы Ресейді әлсіретіп, геосаясатқа әсер етіп жатқаны жайлы жазады.

"Путин премьер мен патриархты «Батыспен беттесуге» жұмсады" - Владимир Путиннің ең жақын екі одақтасы - Ресей праваслав шіркеуі патриархы Кирилл мен премьер Дмитрий Медведев шетелге ауыр міндет арқалап кетті, ал Ресей президентінің өзі елде қалды.

«Бестік баға екі мың теңге тұрады» - Түлкібас агробизнес колледжінің студенттері «пара беруден шаршағандарын» айтады. Жақында «жақсы баға үшін пара сұраған» осы колледж оқытушысы туралы видео интернетте тарап кеткен еді.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. "«Магнит баланың» күші көлікті тоқтатуға жетті" - Тараз қаласындағы «магнит балаға» қатысты оқиға талайды таңқалдырғаны жасырын емес. Небәрі 6 жастағы Нұрдәулет Арыстанбектің денесінде металл заттарды ұстап тұра алатын қабілеті ойламаған жерден оянған. Ең бірінші қасықты денесіне жабыстыра алған бала, кейін планшетке дейін ұстап тұра беретін қабілетті арттырған.

"Бос қайыққа ашуланбаймын" - “Нағыз құлшылық деген сабырмен өз бойыңдағы мініңді жығу екен ғой" деген ақиқатты ашқан молда кешкісін үйіне бала-шағасы мен дос-жаранын аң-таң етіп, адам танығысыз мүмін кейіпте оралыпты. Кейін өзін ашық балағаттап, жөнсіз соқтыққандарға назар аудармай, өмірдегі түрлі қиындықтарға күйзелмей, жымиып қана жүре беретін дәрежеге жетіпті.

"Ең бақытты отбасы болу үшін 15 кеңес" - Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) – идеал күйеудің керемет үлгісі. Оның өмірбаянымен танысып, жанұялық өмірде өзін қалай ұстағанын оқып білсек, көптеген проблемалардың алдын алған болар едік. Махаббат оты қайта маздап, сезімдеріміз қайта түлеп, бақыт құшағында тербелетін едік.

AIKYN.KZ. "Түріктер таңғалдырғалы отыр" - Түркияның туристік саласын қайта жандандыруға кіріскендер енді істі алға бастыру үшін әлемге әйгілі поп-жұлдыздарға көз тікті.. Анталияның сауда-өнеркәсіп палатасының басшысы Давут Четиннің айтуынша, Жерорта теңізі жағалауындағы концерттерге Мадонна, Дженнифер Лопез және Джастин Бибер секілді жұлдыздарды қонаққа шақырмақшы.

"Ауыл тұрғындары өз күштерімен кино түсірді" - «Қостанай облысында шалғай ауыл тұрғындары өз күштерімен кино түсірді. «Кәусарым» деп аталатын туындының негізгі кейіпкерлері – балалар», - деп хабарлайды Ислам. Кз.

STAN.KZ. "Қызылордадағы әруақтар «қоныстанған» үйдің адам шошырлық құпиялары" - Бұл екі қабатты коттеджді Қызылордада тұратын адамдардың барлығы жақсы біледі. Қаланың қақ ортасында бой көтерген үйге қатысты түрлі әңгімелер әлі күнге дейін басылар емес. Көпшілікті толғандыратын бұл сұрақтың жауабын Stan.kz сайтының Қызылордадағы тілшісі де іздеп көрген еді.

ULT.KZ. «Арқаңда сенің Алты Алаш» - Ұлттың құл болмауы, мемле­кеттің тұл қалмауы да саясат пен саясаткерлерге байланысты. Демек, ірі саясаткердің мезгілсіз қазаға ұшырауы – ұлт пен мемлекет тағдырына да мейлінше кері әсерін тигізетін күйзелісті құбы­лыс. Көрнекті саясаткер, мемлекетшіл тұлға, қайраткер-реформатор Алтынбек Сәрсенбай­ұлы­ның қайғылы қаза­сын Қазақстан зиялы­ларының аса ауыр қабылдауының сыры да осында жатқандай.

"Қажыгелдин немесе «қалталы қазақ» кімге керек болды?" - Ол Үкіметбасы болғанда анасы қатты қуанған. Әкесі ештеңе демеген. Аздан соң ғана: «Әй, Әкежан, Абай есіңде ме? Тәкежанның болыс болғанын естігенде жер шұқып отырып қалған. Сонда Абайдан неге қуанбағанын сұрағанда, ертең болыстықтан түскенде Тәкежанның күні не болады» деп уайымдаған ақынның күйін енді мен кешіп отырмын. Сен өмірбақи Премьер болмайсың. Сондықтан да әзірден бастап қызметтен таза кетеріңді ойла» депті.

"Қырғызстан: Сәуір оқиғалары сотының алтыншы жылы..." - Ақпанның 17-сі күні Қырғызстанның әскери сотында сәуір оқиғаларына қатысты сот процесі қайта басталады. Жапа шегушілер «кінәлі адамдар алты жылдан бері тиісті жазасын алмады» деп наразы.

HALYKNEWS.KZ. "Жылқы адамның көңіл-күйін қас-қабағына қарап біледі" - Қыл құйрықтылар иесінің көңіл-күйін қас-қабағынан-ақ біле береді. Оны Ұлыбританиядағы Сассекс университетінің ғалымдары іс жүзінде дәлелдеп, өз тұжырымдарын Biology Letters журналында жариялапты.


15 ақпан 2016, 09:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.