Атырау, 28 қараша 20:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

​ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы отандық бизнестің өзекті мәселелерін жариялады

1 966 просмотра

Image 0Бүгін Алматыда қалалық кәсіпкерлер Палатасының ұйымдастыруымен Алматы кәсіпкерлерінің II жыл сайынғы конференциясы өтті.

Оған ҚР «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев, Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек, «Атамекен» ҚР ҰКП Төрағасы Абылай Мырзахметов, сондай-ақ, «Бәйтерек» ұлттық холдингі, қаржы және даму институттары, Алматы қаласының шағын және орта бизнес субъектілерінің басшылары қатысты. Өз сөзінде Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Юрий Тілеумұратов отандық бизнестің алдында тұрған негізгі кедергілерді атап көрсетті.

«Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасы бизнестің жүйелі проблемаларына тұрақты түрде талдау жүргізіп келеді. Өйткені, Алматы шағын және орта бизнес қаласы. Осы жылғы мониторингте Алматыдағы 3 мыңнан астам бизнес субъектісі қамтылды. Соның нәтижесінде кәсіпорындардың 1 139 нақты проблемасы анықталып, олар ең жиі кездесетін 7 жүйелік мәселе бойынша топталды. Сонымен олар: отандық өндірушілердің өнімдерін өткізудегі қиындықтар (56,2%), қаржы ресурстарына қолжетімділік (17,2%), сатып алу және жергілікті қамтамасыз ету (12,6%), әкімшілік кедергілер (9,4%), бизнесті қолдауға қатысты мемлекеттік бағдарламарға қолжетімділік (3,1%), басқа да проблемалар (0,8%), салық әкімшілігіндегі проблемалар (0,7%)» - деді Ю. Тілеумұратов.

Сонымен қатар, ол Ұлттық кәсіперлер палатасының осы мәслелерді шешу бойынша бірқатар ұсыныстар әзірлегенін жеткізді.

«Кәсіпкерлік саласы өкілдері рұқсат құжаттарын алу кезінде қиындықтарға жиі тап болады. Осыған байланысты, ҰКП кәсіпкерліктің мемлекеттік органдарға жолдаған өтініштерін бақылап отыру үшін Палатаға Электронды құжат айналымы бірыңғай жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз ету (ресми сырғытпаларды, белгіленген мерзімдерді сақтамау және негізсіз бас тарту әрекеттерін болдырмау үшін), кәсіпкерліктің мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты мәселелерін тұрақты бақылап отыру үшін call-орталық ашу қажет деп есептейді», - деді Ю. Тілеумұратов.

Бұдан бөлек, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы тарапынан басқа да ұсыныстар айтылды. Олардың ішінде шағын және орта бизнестің айналымдық қаражатын қаржыландыру және валюталық қарыздарын қайта қаржыландыруды ұсыну, ҚР Ұлттық Банкіне екінші деңгейлі банктерге бірыңғай мөлшерлеме бойынша қысқамерзімді өтімділікті жүзеге асыру мүмкіндігін беру, сонымен бірге, пайыздық мөлшерлемені субсидиялау, «БЖК-2020» бірыңғай бағдарламасы бойынша бөлінетін бюджеттік қаражат көлемін арттыру жағы ұсынылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

9 ақпан 2016, 16:37

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.