AZATTYQ.ORG. "«Біртұтас Ресей» сайлаушымен сөйлесуге әзірленіп жатыр" - Қыркүйектегі сайлау алдында Ресейдің билік партиясы – «Біртұтас Ресей» өз кандидаттарының партия ережесін қатаң ұстанғанын қалайды.
"Pussy Riot «Ресей патриотымын» деген әжуа клип шығарды" - Панк-әншілер тобы Ресейдегі режимді мысқылдап келеді. Олар шіркеу ішінде Путинді тәлкек етті. Сочи олимпиадасын келекеге айналдырды. Кремльді өнер арқылы сынап танылды. Енді жаңа клиптері шықты.
QAMSHY.KZ. "Қазақ елшілері шетелдерден қайыр сұрамақ" - Кеше Астанада елдің Сыртқы істер министрлігінде алқа мәжілісі болып, оған Елбасы қатысқаны бірқатар ақпарат құралдарында жарияланды. Алқа мәжілісінің негізгі тақырыбы Сыртқы істер министрлігі мен еліміздің шет елдердегі мекемелерінің қызметіндегі сыртқы экономикалық бағдарды күшейту мәселесі болды.
"Той-мәжіліс һәм шоу-мәжіліске тағы кімдер келеді?.." - Еліміздегі жетекші саяси құрылым - «Нұр Отан» партиясы парламент мәжілісіне сайлауға 127 кандидаттың тізімін жариялады. Партиялық тізім ығай мен сығайға толы. Жетекші партия тізімінен қазақ еліндегі бүгінгі саяси құрылымның ахуалы мен рухани-моральдық жағдайдың ауанын байқауға болады. Осынау ығай-сығайдың ұлты мен елі үшін «сіңірген» еңбектеріне шолу жасап, қолдан келгенше, қойдың он екі мүшесіндей бұтарлап көрейік.
ABAI.KZ. "Әлихан Бөкейханның жаңа суреттері табылды" - Революцияға дейінгі жылдары Петерборда Карл Булла (1853-1929) деген фотограф өткен. Оны орыстар «ресейлік фоторепортаждың атасы» санайды. 1875 жылы Петербордан өзінің жеке фотоательесін ашқан. 1897 жылдан бастап түсірген суреттері атақты «Нива» журналына жарияланған.
"Әзірбайжан Қазақстанның ресми позициясына наразы" - Жақында әзірбайжандық «haqqin.az» сайтында «И.Әлиевтің жобасын қазақстандық коррупционерлер бүлдіруде» (http://haqqin.az/news/62516) деген тақырыпта көлемді мақала жариялады. Түркия мен Ресей арасындағы жанжалдарға әм үлкен саясаттағы геосаяси ахуалдарға шолу жасаған әзірбайжандық журналист Ваграм Агаджанян былайша бажайлайды.
"Сапарбаев өз кадрларына неге шүйлікті?" - Жақында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев облыс аумағына қарасты Мұғалжар ауданы әкімінің үйіндегі электр жарығын қиып тастау туралы тапсырма берген. Бұл туралы «Абай-ақпарат» «ҚазТАГ» мәліметтеріне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
EGEMEN.KZ. "Мессиді іздеген бала" - Журналистер Аргентина құрамасы мен «Барселона» командасының шабуылшысы Лионель Мессидің нөмірі жазылған ақ-көгілдір түсті футбол жейдесін киіп алып, суретке түскен кішкентай баланы іздестіріп жүріп, ақыры тауып алды. Ол Ауғанстанның оңтүстік-батыс өңіріндегі Газни провинциясында тұратын Муртаза Ахмади есімді бес жасар балақай болып шықты.
"Атырау облысының әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ: «Ақылымның асқанынан емес, көргенімнің көптігінен айтамын…»" - Жаңа жылжазбамыз басталар межелі мезетте Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовпен сұхбат құруымыздың сәті түсті. Көкейде тұнған сан түрлі сауалға жауап алдық. Шаруашылық жайымен ғана шектелмей, шығармашылық, адами-ғұмырлық ұғымдарға қатысты әңгіме өрбітуге тырыстық. Сонымен…
"Қазақ хандығы һәм Қарасай батыр" - Қазақ хандығының бірнеше ғасырлық тарихында мемлекеттің тұрақтылығы мен тұтастығын сақтауда ұлт батырларының орны ерекше болғандығы белгілі. Олардың елін қорғаудағы жеке ерліктері мен сарбаздарды бастаған қолбасшылық ерендігі халықтық жыр-дастандар арқылы ұрпақ жадында жатталып қалды. Сонымен бірге, халқымыздың жатжұрттық жаулаушыларға қарсы күресі, ондағы батырлардың алған орнын айқындауға арналған әр кезеңдердегі көптеген шетелдік және отандық тарихи жазбалар мен ғылыми зерттеулер де баршылық.
ZHASALASH.KZ. "Үмiткерге үңiлсең, iлiп алар кiмiң бар?" - Саяси партиялардың денi додаға қосатын үмiткерлерiн үкiлеп, айыл-тартпасын бекiтiп, көптiң алдына шығарды. Оның iшiнде кiмдер жоқ дейсiз: қойшының топай торысы да, арбаға жеккеннен басқаға жарамайтын бота тiрсек те, ым қақсаң, алдыңғы аяғын көтерiп, артқы аяғымен тiк тұратын цирк аттары да толып жүр. Ноқтасын сыпырып, өрiске жiберсең, жем тiлеп, науасына қайта келе беретiн тымпи көктер де аз емес. Бiр қызығы, олар шаппайды. Мәжiлiстегi орын партиялардың жиған дауысы арқылы бөлiнедi. Сондықтан жабу астындағы “сәйгүлiктердiң" сәнiне қызықпасаңыз, бабына мән берудiң қажетi жоқ. Мәселе мүлде басқада.
"Шемiшке – зиян, гептил – залалсыз..." - Күнбағыс дәнi – шемiшке денсаулыққа аса пайдалы. Көз талшықтарына қажеттi қоректiң көбi қара шемiшкенiң құрамында. Өзi отандық өнiм! “Ұлы дала" брендiне сұранып тұрған тауардың бiрi. Бағасы долларға байланбаған. Теңгемен қымбат та емес. Кез келген дүкеннен табылады. Экологиялық таза өнiм. Қабығы жерге түссе – қара шiрiк. Дәнi ағзаға, майы асқа, қабығы топыраққа құнар. Бiрақ осы ақ һәм қара шемiшке мыңдаған адамның тiлiн тiстеттi.
"Босқындардың қамын күйттеу және түсiнгiш қытайларға сену" - “Мұнай өндiру дағдарыста да 18 млн тоннадан түспейдi. Ешкiм жұмыстан қысқартылмайды. Балалар үйi тәрбиеленушiлерiнiң барлығы тек iрi мұнай компанияларына жұмысқа тұрады. Жаңаөзен қаласының экономикалық дамуы iлгерiлеп, үш ауысымдағы мектеп проблемасы шешiледi. Ел айтып жүргендей Маңғыстауға қытайдан келер қауiп жоқ. Керiсiнше, тек солар ғана менi түсiнедi. Жаңа жобалар салынбайды, босқындарға арналған лагерьлер салынады". Бұл әлдебiр көрiпкелдiң болжамы емес, Маңғыстау облысының әкiмi Алик Айдарбаевтың ақпанның 2- сi күнi Астанада кезектi жылдық есебiнде айтқаны.
ULT.KZ. "Тәуелсіз журналист Шыңғысханның моласын тапты (эксклюзив)" - Тәуелсіз журналист Робин Акройд «Ұлы қолбасшы Шыңғысханның жоғалған моласын таптым» деп, жарты әлемге жар салды.
AIKYN.KZ. "БАҚ басшылары хартияға қол қойды" - Отандық бұқаралық ақпарат құралдары алдағы парламенттік дода барысында қазақстандықтарды сайлау науқаны, сондай-ақ кандидаттардың қызметтері туралы шынайы, әділ, толық және сенімді ақпараттармен қамтамасыз етуге уәде етеді.
"«Құнанбай» ғаламторда жүр. Бұл заңға томпақ емес пе?" - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы «Құнанбай» фильмін жарыққа шығарды.