SN.KZ. "Тойдан "шаршаған" шоу-бизнес өкілдері депутат болуды көздеп отыр" - Наурызда жаңаратын Парламент Мәжілісінің құрамынан тек саясаткерлерді ғана емес, әншілер мен актерларды да көруіміз мүмкін. Бүгін "Нұр Отан" партиясының кезектен тыс өткен XVII съезінде Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі бекітілді.
"ҚР ІІМ-нің бос лауазымдары алып-сату сайтына шығарылды" - Әлемнің 105 елінде 40 тілде ғаламтор арқылы көнерген заттар мен түрлі ескі бұйымдарды сатумен айналысатын olx.kz сайтында Астанадағы ІІД Күзет басқармасына қызметкерлер қажет деген хабарлама шықты.
"Freedom House: қырғыздар қазақтарға қарағанда еркін өмір сүреді" - Freedom House халықаралық адам құқығын қорғау жөніндегі ұйымы "2016 жылғы әлемдегі еркіндік" баяндамасын жариялады. Бұл жайында ұйымның ресми сайтында айтылған.
AZATTYQ.ORG. "Дағдарыс магистранттардың шетелде тәжірибеден өтуін қиындатты" - Кей университеттер екі аптаға шетелге баруы керек магистранттарын Батысқа емес Ресейге жібермек, кейбірі бұл бағдарламадан бас тартқан. Оқу орындары бұл өзгерісті қаржылық қиындықпен түсіндіреді.
"Молдовада ресейшілдер басым күшке айналып келеді" - Молдовада ресейшіл және батысшыл саяси партиялар жұмылып, үкіметті отставкаға кетіруге тырысып жатыр. Кей сарапшылардың болжауынша, бұл тартыста Мәскеу ғана жеңеді.
NEWS.KAZ.KZ. "Назарбаев облыс әкімдерін өздерін княздей сезінбеуге шақырды" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев облыс әкімдерін өздерін княздей сезінбеуге шақырды.
QAMSHY.KZ. "Сайлауды сақымазақ ету кімге пайдалы?" - Басым бөлігі «Нұр Отандықтардан» тұратын Парламент Мәжілісі күтілгендей «ойламаған жерден» өздерін таратып тынды. Партия жетекшісі мұны қолдап, кезектен тыс сайлау белгіледі. Бүгін бас партиядан сол сайлауға қосылатын үміткерлердің де есімі белгілі бола бастады.
ABAI.KZ. "Сайлау: ұлтшылдар қай партияны қолдауы керек?" - «Алдағы Мәжіліс сайлауында ұлтшылдар қай партияны қолдауы керек?» деген сауал соңғы күндері жиі естілетін болды. Оның ішінде сайлауға бойкот жариялап, мүлде қатыспау, дауыс бермеу керек деген де ойлар да айтылуда. Сонымен бірге ұлтшыл азаматтар түрлі партияларға кіріп, сол арқылы Парламент мінберіне көтерілуге тиіс. «Мәжілісте ұлтшылдар көп болса, жағдай жақсарады, ұлт мүддесі қорғалады» деген сыңайдағы ұсыныстар да қылаң беруде.
"Орталық Азияның өнерпаз басшылары" - Жақында «Азаттықтың» қырғыз қызметі Орталық Азия елдерінің ондаған жылдар бойы аттан түспей келе жатқан басшыларының әлеуметтік желілердегі кейбір сәттерін жариялады. ОА Президенттері батыстық бұқаралық ақпарат құралдарында жиі жазылып жүргендей тек геронтакратиялық басқару жүйесімен ғана емес, ұлттық дәстүр әм ән мен биге де икемді екендіктерін дәлелдеп келеді.
SERKE.ORG. "Қайрат Нұртас депутат болса, сахнадан кетеді" - Бүгін «Нұр Отан» саяси партиясының кезектен тыс XVII съезінде Мәжіліс депутаттығына үміткерлердің партиялық тізімі бекітіліп, сол тізімге енген әнші Қайрат Нұртас съезден кейін журналистермен тағы тілдесті.
ZHASALASH.KZ. "Қытай қаупi қайта күшейдi" - Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарының жартысына жуығын бауырына басқан Қытай ендi аграрлық салаға да ауыз салды. Осы аптада ауыл шаруашылығы министрлiгi Қытайдың бiрнеше компаниясымен бiрлескен iс-қимыл жоспарына қол қойды. Ресми мәлiмет бұл шараларды “100 нақты қадамның" жөн-жоралғысымен байланыстырып жатыр. Ал халық көңiлiнде бұл – Қытай экспансиясының жаңа қадамы емес пе екен деген күмән басым.
"Еңбекшiнi еңбектеткен кодекс" - Қаңтардан бастап елiмiз жаңа Еңбек кодексiмен өмiр сүре бастады. 8 жыл бойы еңбек қатынастарын реттеп келген бұрынғы заң былтыр аяқ астынан ескiрiп қалды. Бұған “Ұлт қадамы –100 нақты қадам" дейтiн Н.Назарбаевтың кезектi “жаһандық" бағдарламасындағы “еңбек қатынастарын ырықтандыру" деген сөзi себеп болды. Жалпы, президенттiң осы бастамасының қазақшасы мен орыс тiлiндегi мағыналары екi түрлi. “Ырықтандыру" – бiр нәрсенi ырқына көндiрiп, дегенiмен жүргiзу дегендi бiлдiрмей ме? Ал оның орысша баламасы – “либерализация". Интернеттегi сөздiкке сүйенсек, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейту, оларды шектейтiн заңдарды жою боп шығады. Сонда ырқына көндiру ме, еркiндiк беру ме? Кiмдi ырықтандырып, кiмдердiң құқығын кеңейтедi? Президенттiң 83-қадамындағы қара сөзге неге қадалып қалды дейсiздер ғой. Жаңа Еңбек кодексiндегi өзгерiстердегi кереғарлықтар осындай ойға жетелейдi. “Ақсақ қой түстен кейiн маңырайды" демеңiздер, бұл заң жобасының түпкiлiктi түрiмен бiз түгiлi, кәсiподақ белсендiлерi мен заңгерлер де таныса алмай, пұшайман болған.
"«Путиннiң құпия байлығы» 40 миллиард долларға бағаланады (видео)" - “Би-Би-Си" арнасының “Панорама" бағдарламасы зерттеу жүргiзiп, Ресей президентi Владимир Путин құны 40 миллиард долларға жуық құпия байлыққа иелiк етедi деген қорытындыға келген. Ұлыбританияда дүйсенбi күнi кешкiсiн көрсетiлген бағдарламаға сұхбат берген Путиннiң бұрынғы жақындары мен қашқындағы экс-шенеунiктер бұл долбарды растай түседi.