Атырау, 19 желтоқсан 23:18
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Путин Ленинді неге жақтырмайды?". "Мемлекет өзін өзі өзгертпесе, басқа біреу келіп өзгертеді – Машкевич". "Билікке жақпайтын белсенді ісіндегі «тергеу құпиясы»". "2016 жылғы жұмыссыздар қатарын кімдер толықтыруы мүмкін?".

2 300 просмотра

SN.KZ. "Путин Ленинді неге жақтырмайды?" - Кеше Ресей президенті Владимир Путин Ставрополь қаласында кремльшіл белсенділермен кездес іп, Ленин саясатын сынға алыпты. Путин ның айтуынша, коммунистер көсемі мемлекетке « жасырын бомба қой ған» көрінеді. Нақтырақ айтсақ, Путин Лениннің совет республикаларына өз алдына бөлініп шығуына құқық бергеніне қарсы. Ресей президентінің пікірінше, бұл идея 1991 жылы Совет одағының ыдырауына ықпал еткен.

"Мемлекет өзін өзі өзгертпесе, басқа біреу келіп өзгертеді – Машкевич" - Өткен апта соңы Давоста өткен әлемдік экономикалық форумда «Еуразия өңірі мен заманауи Жібек жолының болашағы» атты брифинг ұйымдастырылды. Еуразия құрлығындағы сауда айналымы тақырыбына арналған шарада жібек жолының болашағы мен Еуразия құрлығындағы мемлекеттердің алдағы уақытта қандай қиындықтармен бетпе-бет келуі мүмкін екені сөз болды.

AZATTYQ.ORG. "Мектеп формасына дінді араластыруға тыйым салынбақ" - Білім және ғылым министрлігі бірыңғай мектеп формасына қойылатын талаптарды әзірледі. Енді дін белгілерінің бәріне тыйым салынуы мүмкін.

"Freedom House: Қазақстан – еркіндігі шектелген ел" - Қазақстанның еркіндік ахуалы биыл да өзгерген жоқ. Сарапшылардың бірі елдің еркін болмау себебін «азаматтардың енжарлығынан» деп түсіндіреді, екіншісі «еркіндікті шектеген – билік» деп біледі.

"Билікке жақпайтын белсенді ісіндегі «тергеу құпиясы»" - Құқық қорғаушылардың пікірінше, тоталитарлық режимдер «тергеу құпиясы» туралы бапты қолшоқпар ретінде пайдаланады. Олардың айтуынша, билікке жақпайтын белсенділер мен журналистердің үстінен қозғалған істерді тергеуге қатысты жайттарды орынсыз құпиялау оларды қоғамдық пікірге жүгіну құқынан айырады.

QAMSHY.KZ. "Теңгенің ендігі тағдыры не болмақ?" - Кешегі демалыстарда біраз ақша айырбастау орындарында шетелдік валюта сатылғанымен теңге болмай біраз жұрт әбігерге түсті. Бұл жағдай дүйсенбі күні де сақталды. Теңге таппай тарыққандардың бір бөлігі «Шынымен де ұлттық валюта күшеюге бет алған екен. Мынау сол долларсызданудың алғашқы қадамы болар» деген ойға қалды. Яғни, елдің бір бөлігі доллардың дәурені осымен бітті деген тоқтамға келсе, біразымыз мұнай бағасына қарап мұндай асығыс шешімге бармадық. Осы мәселеге орай қазақстандық экономист Олжас Құдайбергенов те Фейсбук әлеуметтік желісінде пікір білдірді. Оның айтуынша, бүгінгі теңге бағамына қатысты әңгімелердің барлығы дерлік белгілі бір экономика заңдылығына негізделген, сарапталған пікірлер емес көрінеді. Саяси сипаттағы болжамдардан да абай болған жөн. Экономист бұдан былайғы валюта бағамының қалай қалыптасатынын толық түсіну үшін негізгі 5 фактордың динамикасын назарда ұстау керек деп санайды.

SERKE.ORG. "Қазақ ұлттық мемлекетінің тұңғыш басшысы" - 2015 жылғы 2–18 қарашада Парижде өткен Біріккен Ұлттар Ұйымының оқу, ғылым және мәдениет жөніндегі мамандандырылған мекемесі Бас конференциясының 38-ші сессиясы мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым Әлихан Бөкейханның туғанына 150 жыл толуына арналған мерекелік іс-шараларға қатысатыны жайында шешім қабылдады. Сонымен, қазақтың ардақты перзенті, «Алаш-Орда» Халық Кеңесінің төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойы биыл ЮНЕСКО аясында атап өтіледі. Алаш қозғалысы серкесін ұлықтау үстіміздегі жылы осынау беделді халықаралық ұйымның қатысуымен өткізілетініне айрықша қанағаттанғандық сезіммен оның өмірі мен қызметі жайында жазылған төмендегі мақаланы оқырман назарына ұсынамыз.

QAZAQUNI.KZ. "2016 жылғы жұмыссыздар қатарын кімдер толықтыруы мүмкін?" - Жылдан жылға жұмыссыздар саны көбейіп келе жатқандай. Олай деуімізге мына статистикалық ақпарат куә. Статагенттің мәлметіне сенер болсақ 2015 жылы 13,5 мың қазақстандық қысқартуға ұшырапты. Бұл көрсеткіш 2014 жылмен салыстырғанда 3,7 есеге артқан екен. Ал сарапшылар арасында сауалнама жасаған “Курсив"іскерлер газеті 2016 жылы еңбек нарығында қандай жағдайлар орын алатыннын болжапты.

27 қаңтар 2016, 10:45

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.