Атырау, 19 желтоқсан 23:28
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Батыр ана жеті баласын асырай алмай отыр". "Жүздеген оқушының мектепке қатынауы азапқа айналды". "Яссауи жылы Саят Ыбырай бостандыққа шыға ма?". "Ауылдағы дағдарыс. Қымбатшылықтан «қарыз дәптерге» дейін…".

2 816 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Батыр ана жеті баласын асырай алмай отыр" - Күйеуі кетіп қалған 37 жастағы Мейрамгүл Нәбиева жеті баласымен Алматы облысы Шелек кентінде қайыршылықтың аз алдында күн кешіп жатыр. Билік отбасының қиын жағдайына «мінезі жаман» әйелдің өзін кінәлайды.

"Жүздеген оқушының мектепке қатынауы азапқа айналды" - Шымкенттегі 10 мектептің 1713 оқушысы сабаққа жаяу барып, қиналып жүр. Білім бөлімі жыл басында оқушыларға бөлінген арнайы көліктердің тоқтатылуына прокуратура анықтаған кемшіліктер себеп болғанын айтады.

QAMSHY.KZ. "Яссауи жылы Саят Ыбырай бостандыққа шыға ма?" - Жуырда ЮНЕСКО 2016 жылды Қожа Ахмет Яссауи жылы деп жариялады. Халықаралық ұйымның шешімі бүкіл түрік халықтарының мерейін өсіріп, рухын асқақтатқаны анық. Өйткені ол түрік халықтарына ислам дінінің кең таралуына зор еңбек еткен тұлға. Әйтсе де, соңғы жылдары Яссауиды және оның ілімін ашықтан-ашық айыптайтын азаматтар пайда бола бастады. Әсіредіншілдердің айтуынша, Яссауи ұстанған сопылық ілім мұсылмандарды адастыратын көрінеді.

"Мұнай - арзан, бензин - қымбат" - Әлемдік нарықта мұнай бағасы бұрын соңды болмаған рекордтық деңгейге дейін арзандап жатыр. Соған сай мұнай өнімдірінің де бағасы түсуі тиіс еді. Мұнай өндіруші ел саналатын Қазақстанда да үш бірдей мұнай өңдеу зауыты бола тұра жанармай бағасы қымбат күйінде қалып отыр. Осы аптада АҚШ-тың Мичиган штатында 1 литр бензин құны 12 центке түскен. АҚШ бойынша бензиннің 1 галонының орташа бағасы 1 доллар 89 центті құрап отыр. Бұл сомаға 3,8 литр бензин алуға болады деген сөз. Алайда, АҚШ-тың басқа штаттары мен ірі қалаларында бензин бағасы мұнша құлдыраған жоқ.

ABAI.KZ. "Билікке 50 пайыз әйел келсе... өлдің дей қазақ, көріңді қаз..." - "Көшеде қазақы орамалымен кетіп бара жатқан келіншек үйіндегі ата-енесі, айналасындағы күйеуінің рулас ағайын туыстарына сәлемін салып, қайын-қайын сіңлілерінің атын атамай ат тергесе, бауырында балалары, жанында сүйікті жары, басында құтты шаңырағы бар болса, сол жан ғана бір әулеттің аяулы келіні бола алады. Ал шыққан төркіні; анасы тәлімді-тәрбиелі, ибалы-инабатты, ата-ененің құрметіне, әр салған сәлемі үшін халықтың батасына бөленген, әкесі де саналы ата-анасын аялаған абзал жанның қызы – барған жерінде бақытқа бөленіп жүр. Орамалды әйел - бақытты әйел" деп еді бірде ҚР Парламент мәжілісінің депутаты қоғам қайраткері Оразкүл Асанғазы ханым.

SERKE.ORG. "«Моңғол» – «Мәңгі ел»" - «Моңғол» сөзінің мағынасы жайында бұрын-соңды айтылған пікірлерді шолсақ: Рашид ад-Дин «Жами` ат-Тауарихта» (1310 ж.): «Слово же монгол сперва звучало«мунгол», то-есть «бессильный» и «простодушный»; Әбілғазы баһадұр «Түрк шежіресінде» (1663 ж.): «Мұңғұл» сөзі «мұң» және «ол» деген сөздерден шыққан. «Мұңның» мағынасы қайғы екенін барша түрк біледі, ал «ол» – дың мағынасы дақайғыға жақын, түнерген дегенге келеді»; Т.Әбенайұлы «Шыныңа көш тарих!» кітабында: «Маң» сөзі – түрк тілдерінде жүру, жылжу мағынасын білдіреді.

TURKYSTAN.KZ. "Мұрагерлігін өгей анасы иеленген жас қызды аудандық сот қорғады" - «Түркістан» газетінің Шымкенттегі тілшісіне телефон соғылған. Қайта-қайта соғылды. Өзін «Жанат» деп таныстырған қарындасымыз бізбен жолығып, әңгімелесудің ретін сұрады және жазбаша арызының бар екенін де айтып жеткізді. Уақыт белгіледік. Жолығып, әңгімелестік. Жас қыздың жазбаша арызына да ден қойғанбыз. Арыз айта келген қарындасымыздың аты-жөні Жанат Әбдіғаппар екен.

ULT.KZ. "Ауылдағы дағдарыс. Қымбатшылықтан «қарыз дәптерге» дейін…" - Елдегі қаржы дағдарысы, теңгеміздің құнсыздануы, күн сайын қымбаттап бара жатқан тауар бағасы туралы жиі айтамыз. Жалпы, осы жағдай алыстағы қазақ ауылдарына қалай әсер етіп жатыр екен? Ауыл қазағы қымбатшылықпен қалай күресуде?

25 қаңтар 2016, 12:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.