Атырау, 19 желтоқсан 23:24
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Парламент мәжілісі қалай түрленуі мүмкін?». «Ұлттық қор қаржысы “желінбейді"». «Мәжілістің төрт жылы». «Сөз еркіндігі болса, көрсетіп жіберу де тыйылады». «Мұхтар Әблязов: Далалықтарша ойлап, батысша өмiр сүру мүмкiн емес».

1 891 просмотра

AZATTYQ. ORG «Мәжілістің төрт жылы» - 20 қаңтарда президент тарату туралы өтінішін қабыл алған парламент мәжілісінің жұмысына баға берген сарапшылар бұл палатаның «биліктен тәуелсіз бола алмағанын» айтады.

«Қырғызстан мен Ресей СЭС жайлы келісімнің күшін жойды» - Қырғызстан жуық арада энергетикалық тәуелсіздікке жете қоймайтын тәрізді. Ел үкіметі Ресеймен бірігіп су электр станциясын (СЭС) салу туралы келісімнің күшін жойды.

«Сөз еркіндігі болса, көрсетіп жіберу де тыйылады» - Ресейлік тарихшы Евгений Анисимов Азаттыққа берген сұхбатында адамды сыртынан көрсетіп жіберу құбылысының түп-тамыры және қазір оны қалай жеңуге болатыны жайлы ойларымен бөлісті.

«Әкім Жақсыбеков отбасының банк саласындағы бизнесі» - Ресейлік «Плюс Банк» 83 пайыз акциясы Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков 70 пайызына иелік ететін «Цеснабанктің» меншігіне өткенін хабарлады. Акционерлер құрамында әкімнің әйелі мен ұлы және інісі бар.

ABAI.KZ. «Су жаңа президент кеңесші: Мұсабаев тағы да биікке ұшты» - Бүгін ҚР Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Мұсабаев ҚР Президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды. Бұл туралы «abai.kz» порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Жастар неге шенеунік болғысы келеді?» - Елімізде жүргізілген әлеуметтік зерттеулер қазақ жастарының 63 пайызы шенеунік, әкім, депутат болғысы келетінін дәлелдеген.

«Елбасы қазақстан халқына үндеу жасады» - Ол Ақордада Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауын өткізу мәселесі бойынша кеңес өткізді.

ZHASALASH.KZ. «Үшеуiнен бiреу немесе рақмет күнiне “рақмет"» - Қазақ басшысы жуырда ғана “Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы" 1998 жылғы Жарлығына толықтыру енгiзiп, тағы бiр мерекенi өмiрге әкелдi. Оның атауы – “Алғыс айту күнi". Уақыты – 1 наурыз. Ал неге 1 наурыз?

«Мұхтар Әблязов: Далалықтарша ойлап, батысша өмiр сүру мүмкiн емес» - Үш жылдан берi Франция түрмесiнде отырған қуғындағы кәсiпкер әрi саясаткер Мұхтар Әблязов жуырда “Республика" басылымына берген сұхбатында Қазақстандағы қиындықтарды шешу жолдары туралы ойларымен бөлiсiптi.


«Бұл бәйге ме, шүлен тарату ма?» - Сонымен, былтыр бүгiнгi Қазақ Елiнiң түп-тамыры делiнiп жүрген Қазақ хандығының 550 жылдығын да тойлап тастадық.

«"Аспанға қараймын, жұлдызды санаймын"» деп тұрса...» - Кез келген саяси науқанда “бүйректен сирақ шығарғандай" болып, елдiң сөзi мен назарын әлде бiр жаққа жетектеп кеткiсi келiп тұратын экс-депутат, мемлекеттiк тiлдi бiлмесе де бiрнеше мәрте президенттiк таққа таласқан Ғани Қасымов алдағы парламент құрамында өзi көргiсi келетiн тұлғаларды tengrinews.kz ақпарат агенттiгiне атап бердi.

QAMSHY.KZ «Парламент мәжілісі қалай түрленуі мүмкін?» - Түрлену. Мәжілістің алдағы кезектен тыс сайлауынан кейін жасақталатын депутаттар корпусын «жаңарған» дегеннен гөрі осылай «түрленген» дегеніміз жөн сияқты.

TURKYSTAN.KZ «Ұлттық қор қаржысы “желінбейді"» - Қазақстан Үкіметі 2016 жылы 225 млрд. теңгеге арнайы қор жасақтамақ


21 қаңтар 2016, 16:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.