Атырау, 19 желтоқсан 23:07
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Еуропадағы қазақтар және «жұтылу қаупі»". "Ұлтшылдар «секіріп» жатыр". "«Тастанды бала» қоғамға тасталған жасанды тақырып". "Жаңарған парламенттен кімді көргіңіз келеді?". "Қазақ әлі "шоқынып" бітпеген бе?".

1 849 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Рахмонның жұбайын «әйелдер лидері» деп жариялауды ұсынды" - Тәжікстандағы дін істері бойынша сарапшы Абдулло Мухаккик ел президенті Эмомали Рахмонның зайыбы Азизамо Рахмонованы «мұсылман әйелдердің лидері» деп жариялауды ұсынды.

"Еуропадағы қазақтар және «жұтылу қаупі»" - Батыста тұратын бірнеше мың қазақ ол жаққа әртүрлі тағдырмен жеткен. Зерттеушілердің дерегінше, Еуропадағы қазақтардың қазіргі уайымы – ана тілдерінің жайы.

"Жылқышы мен полиция" - Алматы облыстық қадағалау органы жылқышы Алшынбек Омаровтың туыстарының «Ақсу аудандық полиция бөлімінде оны азаптады» деген арызы бойынша тергеу амалдарын бастаған.

"Белсенділер Қырым блокадасы жалғасатынын айтады" - Қырым татарлары белсенділері түбекті Украинаға қайтару үшін бірнеше айдан бері экономикалық, энергетикалық блокада қолданып келеді. Жергілікті жұртқа ауыр тигенімен, олар блокаданы жалғастырмақ.

"Пәкістанда университетке шабуылдан 20 адам мерт болды" - Пәкістанда "Талибан" содырларының университетке шабуылынан 20 адам қаза тауып, 50 адам жараланды.

ZHASALASH.KZ. "Сапарбаев дағдарыс сценарийiн жариялады" - – Биылғы жыл соңында мұ­най баррелi 20 долларға дейiн құлдырайды деген кейбiр болжамдарға байланысты, облыс басшылығы бiрқатар iс-әрекет сценарийiн әзiрледi, – дедi облыс әкiмi Бердiбек Сапарбаев “СНПС -Ақтөбемұнайгаз" компаниясының бас кеңсесiндегi мұ­найшылармен кездесуде. компания директорына жағдай мүл­дем нашарлаған кезде, мұнайшыларды ең кемi 50 пайыз жалақы көлемiн сақтап, бел­гiлi бiр мерзiмге кезек-кезек ақысыз еңбек демалысына жiбе­ру, не басқа жұмысқа орналастыру, қайта оқытып басқа кәсiп­тiк мамандыққа ауыстыру мiндеттел­дi. Қысқасы, бас кеңседе 6500 мұнайшыны қаңғытпау жайы тапсырылды.

SERKE.ORG. "Ұлтшылдар «секіріп» жатыр" - «Serke.org» сайтының поштасына ұлтшылдардың құрылтайында құрылған, ақын Мұхтар Шаханов басқаратын «Қазақ ұлттық кеңесінің» мәлімдемесі келіп түсті. Мәлімдеменің аңдатпасында «Сіздерде Берік Мыңжасардың "Мәмбеталин-Нарымбаев ісіндегі ұлтшылдардың рөлі" деген мақаласы шығыпты. Соған орай, біз сол жазбадағы кейбір мәселемен келіспейтінімізді білдіріп, мәлімдеме жасадық. Ақпарат саласындағы тепе-теңдік және қарсы тараптың пікірін құрметтеу этикасына байланысты біздің мәлімдемемізді де серке.орг сайтында жариялауларыңызды сұраймыз» депті. Республикалық «Жалын» журналының электронды поштасы (zhalyn@inbox.ru) арқылы келген «Қазақ ұлттық кеңесінің» бұл өтінішін орындай отырып, мәлімдемедегі «serke.org» сайтын кінәлаған жайттарға түсінік бере кетуді жөн санаймыз.

"Ақырзаманның Стивен Хокинг көрсеткен төрт нұсқасы" - Британия ғалымы профессор Стивен Хокингтің пікірінше, адамзат өзіне өзі ор қазып, өз ақырын өзі жақындатып отыр. Би-би-си агенттігінің қызметкерлеріне арнап оқыған дәрісінде Хокинг ғылым мен технологиялардың одан әрі дамуы «бәрінің күлі көкке ұшуы үшін жаңа мүмкіндіктер жасап жатқанын» айтты. «Жер деген планетаның апатқа ұшырау ықтималы жеке алынған әр жылда төмен болуы мүмкін, бірақ уақыт өте келе ол ұлғайып, мыңдаған немесе бірнеше он мыңдаған жылдан кейін болмай қоймайды», - дейді профессор. Бірақ Хокинг бұрын да көптеген ескерту жасаған болатын. Ол адамзаттың ажалы өзінің әрекетінен ықтимал болатын төрт себепті атап көрсетті, деп жазады Би-би-си.

EGEMEN.KZ. "Көрпеге қарап көсілу" - Өткен жұма күні Қазақстан қор биржасының (KASE) кешкі сессиясында АҚШ долларына шаққандағы теңге бағамы – 362.67 теңгені құрады. Ұлттық валютамыздың құлдыраған беделін қайта қалпына келтіріп, теңгені тұйықтан шығарар күн бар ма?!

QAMSHY.KZ. "«Тастанды бала» қоғамға тасталған жасанды тақырып" - Теңгенің құнсызданып, АҚШ доларының асқақтауы билік үшін қолайсыз жағдай екені белгілі. Өйткені, осынша жылдар бойы «өсіп-өркендеп» келген Үкіметтің бір пәсте тақырға отыруы есі дұрыс азаматты ойландырмай қоймайды. Ал, осы ой қараша халықтың мазасын жегідей жей берсе, қара халықтың наразылығы артса, түптің түбінде билікке оңай тимесі анық. Сондықтан да негізгі тақырыпты тасада қалдырып, халықтың назарып басқа жаққа бұру – биліктің ежелден қолданып жүрген сенімді әдісі.

"Жаңарған парламенттен кімді көргіңіз келеді?" - Мәжіліс депутаттары «Өз міндетімізді атқарып болдық. Бұдан арғы шаруаны жаңа депутаттар жалғастыруы керек» деп мәлімдеме жасап, Елбасыдан өздерін таратуды сұрағалы да тура бір апта болыпты. Парламент төменгі палатасының тағдыры туралы әлі нақты шешім шықпағанымен, ел кезектен тыс сайлаудың өтетініне күманданбайды. Ірілі-ұсақты саяси партиялардың ашық белсенділік танытпаса да жаңа науқанға қатысатындықтарын білдірді. Тіпті, қоғамға «Жаңа парламентте кімдер болуы тиіс?» деген сауал тасталып, жұрттың тамырын басып көруге әрекеттер жасалуда.

ABAI.KZ. "Қазақ әлі "шоқынып" бітпеген бе?" - Күні кеше ғана Православ әлемі атап өткен «Шоқыну мейрамында» қақаған қысқа қарамастан суға түскен қазақтардың санының көп екенін БАҚ жарыса жазуда. Неге екенін қайдам, дәл осы мереке қарсаңында әйдік әнші Қайрат Нұртастың суға түскен суреті жарияланып, жұртты дүрліктірді. Артынша, «ақталған» болды. Есілдің суын «лайлаған» кешегі дүрмекті көріп отырып сан ғасырдан бері қазақтарды шоқындыра алмай жүрген іргедегі отарлаушы көршіміздің айы оңынан туа бастағанын аңғардық.

"Алматыда "қара жамылғандар" "шерулетіп" жатыр" - Алматыда бүгін ипотекалық несиеге үй алып, қарызын өтей алмай жүрген ондаған борышкер “Казкоммерцбанктің" Әл-Фараби даңғылы мен Желтоқсан көшесінің қиылысында орналасқан бөлімшесі алдында наразылық шарасын өткізіп жатыр.

20 қаңтар 2016, 11:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.