AZATTYQ.ORG. "Ресей ОА елдерін шағыстыру амалын іздейді" - Ресей «Газпром» компаниясы көмегімен Орталық Азия елдерінің арасына от салып, «бөлшекте де билей бер» саясатын жүргізгісі келетін тәрізді.
"Шеттегі қазақтар Жаңа жылды қалай тойлады?" - Қазақстандықтар Жаңа жыл мерекесін екі күн бойы атап өтті. Азаттық шетелде тұратын қазақтардың бұл мейрамға қаншалықты мән беретіндерін сұрап білді.
ABAI.KZ. "Ұлт жоспары - қазақстандық арманға бастайтын жол" - 2016 жылдың 1 қаңтарынан «5 институттық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарын орындаудың практикалық кезеңі басталды. Мемлекетті, экономика мен қоғамды дамыту үшін қағидатты жаңа құқықтық орта қалыптастыратын 59 заң күшіне енді. Бізге тарихымыздағы бұрын-соңды болмаған ауқымдағы ұлттық заңнамаға өзгерістерді бағамдау маңызды. Оның үстіне, олар біздің қазақстандық арманымыз – ХХІ ғасырда көшбасшы отыз ұлттың бірі болуға қол жеткізуімізге жол ашады.
""Соттылық" туралы анықтаманы алып тастауыңызды сұраймыз" - «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы Парламенттің қос палатасының мақұлдауынан өтіп, 24 қараша күні Елбасы қол қойды. Аталған Заң жобасының 49-баптың 9) -тармағындағы «ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасағаны үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығы бар» деген Сіз ұсынған редакция негізінде қабылданды. Осы «Ашық Хатты» Елбасымыздың емес, тіке Сіздің атыңызға жазып отырғанымыздың да себебі содан!
QAMSHY.KZ. "Орыстың бас ауруы қазаққа жұқпай ма? Осы тұста ұлт пен элита бірлігі керек" - Диагноз: Ресейдің Ішкі Жиынтық Өнімінің өсу қарқыны жылма жыл құлдырап келеді. Ресейдің ішкі жиынтық өнімі 2015 календарлық жылы 3.8-4% ке төмендеді. Бара келе Ресейдің дүниежүзілік экономикалық потенциалы ұзақ мерзімде төмендей бермек. Айталық, Дүние жүзілік валюта қорының және БҰҰ бағалауынша 2013 жылы дамыған мемлекеттер арасында тоғызыншы, 2014 жылы – оныншы, 2015 жылы он бірінші орынға түсті. Ресейдің Ішкі Жиынтық Өнімінің өсу қарқыны жылма жыл құлдырап келеді.
"Алаш арыстарын «араздастыру» кімге керек?" - Базбіреулер жерден жеті қоян тапқандай «Алаш арыстары араз болған. Мәселен…» деп әлдебір деректерді көлденең тартып сөйлеуге әуес. Ал шын мәнінде Алаш арыстарының арасы қандай болған? Бұл туралы айтпас бұрын әуелі мына бір мәселенің ара жігін ажыратып алу керек. Ашығын айтсақ, алаштықтарды біз өзіміз бір-біріне қарсы қойып, араздастырып жүрміз. Мәселен, байыбына бармастан Мұстафа Шоқайды Әлихан Бөкейханға айдап саламыз. Ал М.Шоқай көзі тірісінде Әлекеңді өзінің ұстазы санап, тіпті күрделі кезеңде ақтап қалған болатын.
"Харижит ағымының пайда болуы және харижилік сананың өзгешеліктері" - Харижиттер исламға сенгенімен ой-өрісі мен ойлау қабілеті таяз адамдар еді... Олардың түсінігінде білімT мен танымнан гөрі үнемі іс-әрекет жоғары тұратын.
NUR.KZ. "Сарапшылар теңгенің тағы құлдырауы мүмкін екенін айтты" - Әлемдік мұнай нарығындағы құбылмалы баға теңгені тұрақтандыра алмайды. Қара алтын құнының соңғы екі жылдан бері бірінші рет көтерілуін отандық сарапшылар осылай бағалады деп хабарлайды КТК арнасы.
"Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өскен соң, баға көтеріліп кетті" - Жаңа жылда жаңа кіріс. Әсіресе, осы айдан бастап қалтаға артық теңге түседі деп еліміздегі миллиондаған зейнеткер, дәрігер, мұғалім, шенеунік пен студенттер алақандарын ысқылап отыр. Мемлекеттің жәрдемақысына күні қарап отырған әлеуметтік топ та сондай үмітте.
"ХІХ-ХХ ғғ. қазақ әйелдерінің келбеті қандай болды?" - Азамат Битан есімді блогер өткен ғасырлардағы қазақ әйелдерінің тұрмысын бейнелейтін ерекше кадрларды жариялады. “Алаштың заңғар жазушысы Мұхтар Мағауин: «Әлемдегі ең сұлу – қазақ әйелі: менің жарым, менің анам, менің қызым. Қазақты қазақ қылған осы әйел болатын, сұлу ғана емес, сымбатты, мінезді, ақылды, адал жар, абзал ана, ағайынға қамқор, ауыл-аймаққа құт, ердің мақтаны, ердің көркі», – деп жазғанындай, біздің мемлекетіміздің бүгінгі жетістіктері мен бай-қуаттылығы сондай салиқалы аналарымыздың дұға-тілек, үміт пен сенім, амал-әрекетінің жемісі десек, онымыз асылық болмас", – деп жазады автор.
MUNARA.KZ. "Мұстафа Шоқай туралы 9 дерек" - Мұстафа Шоқай – көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Түркістан автономиясын құрушы. Өмір бойы қазақ ұлтының тәуелсіздігін бейбіт жолмен алуды мақсат тұтып өткен арда азамат.