AZATTYQ.ORG. "«Альберт-холл ресейлік әртістерді кіргізбейді»" - Ресейден Лондонға қоныс аударған саяси эмигрант Андрей Сидельников Ұлыбритания астанасында өткізген пикеттері мен флешмобтары, митингілері туралы әңгімелеп берді.
"Ресей берген С-300-ді жөндеу қажет болып шықты" - БАҚ Ресей Қазақстанға С-300 зениттік зымыран кешендерін беруді «аяқтады» деп хабарлады. Бірақ Қазақстан қару-жарағы тізімінде ол көрсетілмеген. Азаттыққа белгілі болғандай, оларды жөндеп жатыр.
"Жаңа жылдағы жаңа тарифтер" - 2016 жылы кейбір өңірлерде электр қуаты мен жылу және судың бағасы арзандамақ не сол күйінде қалмақ. Ал Астана мен Алматыда керісінше қымбаттайды.
"Влад Росс: Путин түйе жылы «құлайды»" - Украинаның Одесса қаласында тұратын Влад Росс – жеке адамдардың жұлдыз-жорамалын құрастырумен ғана емес, саяси оқиғаларды да болжаумен танылған астролог. Ол Азаттыққа жаңа жылға арналған болжамдарын айтып берді.
QAMSHY.KZ. "Ресейдің Қазақстанға экономикалық қысымы жаңа жылда да жалғасын таппақ" - Ресей Президенті Владимир Путин украин тауарын Қазақстанға тасымалдауды реттейтін Жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы РИА Новости-ге сілтеме жасап.
"Қазақстан Ресейге өз талаптарын өткізе ала ма?" - Құрамына Қазақия мен Қырғызстан, Ресей мен Белоруссия және де Армения кіретін Еуразия экономикалық одақтың құрылғанына бір жыл толды. Осы бір жылдың ішінде экономикалық одақтан қандай пайда таптық? Өкінішке орай, аталған одақтан Қазақ елі зиян шекпесе ешқандай да пайда көрген жоқ. Бұған бір ғана теңгенің 85 пайызға құнсызданып кеткені дәлел бола алады.
"Ресей «сыйға тартқан» зымыран кешендері қолдануға жарамсыз болып шықты" - Өткен жылы РФ Қазақстанның әуе кеңістігін қорғау үшін тегін беріледі делінген С-300 зымыран кешендері әлі жауынгерлік кезекшілікке қойылмаған көрінеді. Бұл туралы «Қамшы» порталы Азаттыққа сілтеме жасап хабарлайды. Ресей қорғаныс министрі Сергеу Шойгудің сөзіне сілтеме жасаған ресейлік және қазақстандық БАҚ «С-300 зениттік зымыран кешендерін Қазақстанға тегін беру ісі аяқталды» деп хабарлайды. Бірақ Қазақстанға «берілген» С-300 кешендері жауынгерлік кезекшілікке әлі кіріспеген болып шықты.
SERKE.ORG. "Иран мен Сауд Арабиясының арасындағы жанжал немен бітеді?" - Өткен сенбі күні Сауд Арабиясының билігі танымал уағызшы шейх Нимр Бакр әл-Нимрді және Сауд Арабиясындағы азшылық қауымды құрайтын шейіттердің тағы қырық алты өкілін жазалағаннан кейін Иран мен Сауд Арабиясының қарым-қатынасы күрт шиеленісіп кетті. Олардың барлығына да терроризм бойынша айып тағылды, деп жазады Би-би-си.
NUR.KZ. "Жаңа салықтар мен қылмыстық жауапкершілік: Қазақстанда қай заңдар 2016 жылдан бастап күшіне енеді?" - Қылмыстық жауапкершілікке жаңа себептер, Қазақстанда кей жағармай түрлеріне салынған тыйым, полиция қызметінің жаңа түрі. NUR.KZ 2016 жылда заңнамаға енетін өзгерістердің тізімін жасады.
ABAI.KZ. "Малайзиялық ұшақты Ресей атып түсірген" - Жақында Халықаралық Bellingcat ұйымы мамандары малайзиялық МН17 ұшағын атып түсірді деген күдікке ілінген ресейлік офицерлерге қатысты жаңа деректерді шығарды. Аталмыш деректерге сүйенсек, Донецк қаласы маңында шабуылға ұшыраған Malaysia Airlines компаниясына тиесілі «Бойнг 777» ұшағының апатқа ұшырауына қатысы барлар тізімінде, Ресей қарулы күштері, 53-зениттік-зымырандық бригадасындағы 20 әскерінің есімі көрсетілген. Бұл туралы тәуелсіз Bellingcat зерттеу ұйымының деректеріне сілтеме жасай отырып, нидерландтық NOS телекомпаниясы хабарлайды.
"Қазақ сахна өнері ордасының іргетасын қалаған кім?" - 13-ші қаңтар – қазақ ұлттық кәсіби сахна өнерінің қара шаңырағы болып табылатын Мұхтар Әуезов атындағы академиялық қазақ драма театрының туған күні. 2016 жылғы 13-ші қаңтарда еліміздегі осынау даңқты өнер ордасының ресми түрде тұңғыш рет шымылдық ашқанына 90 жыл толады.
QAZAQUNI.KZ. "Қазақстанда жаңа «Еңбек кодексі» күшіне енді" - Бүгіннен бастап мемлекеттің жұмысшы мен жұмыс беруші арасындағы еңбек қарым-қатынасына қатысуы мейлінше шектеледі. Қазақстанда жаңа «Еңбек кодексі» күшіне енді.
"Дональд Трамп Ислам мемлекеті ұйымын (ДАИШ) құрған Клинтон мен Обама деп мәлімдеді" - Трамп Ислам мемлекеті ұйымын (ДАИШ) құрған Клинтон мен Обама деп айыптады, – деп хабарлайды today.kz Associated Press-ке сілтеме жасап. Бұл сөзін ол Сауд Арабиясы мен Ирандағы елшіліктерге жасалған шабуыл туралы сөз барысында айтты.