Атырау, 19 желтоқсан 23:25
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Кремльдің ерекше құттықтау хаты әжуаға қалды". "Путиннің Сириядағы шабуылы неден шықты?". "Жылдың басты ауыс-түйiстерi: Назарбаев әулетi билiгiн күшейттi". "2016 жылы Мәсімов үкіметі отставкаға кете ме?".

3 262 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Кремльдің ерекше құттықтау хаты әжуаға қалды" - Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков журналистерге жолдаған жаңа жылдық құттықтау хатында Ресейге қарсы салынған Батыс санкцияларын мысқылдаған. Ал әлеуметтік желі қолданушылары хат мазмұнын сынап, ондағы қателерді келекеге айналдырған.

"Путиннің Сириядағы шабуылы неден шықты?" - Ресей президенті Владимир Путинді өткен жылы Украинаға басқыншылық жасағаны үшін әлемнен оқшаулай бастаған еді. Оның Сирияға шабуылы Украинадағы әрекетін ұмыттырып жібергендей.

"Ресей Қазақстандағы кей жобалардан айныды" - Биыл Ресейден инвестиция күткен жобалардың бірнешеуі жүзеге аспайтыны белгілі болды. Мәскеу оның себебін «әлемдік экономикадағы қиындықтар» мен санкциядан көреді.

ZHASALASH.KZ. "Отызды аңсап жүргенде..." - Қазақстан үкiметi 2011 жылдан берi дамыған отыз елдiң қатарына қосылуға жанталасып жүр. 2012 жылы халыққа арнаған жолдауында Н.Назарбаев та осы мiндеттi жүктеген. Дамыған отыз ел деген не? Бұл – өндiрушi, өңдеушi, т.б. экономиканың салалары дамыған, шағын және орта кәсiп жолға қойылған, халықтың өмiр сүру деңгейi мен әл-ауқаты жоғары, жан басына шаққандағы iшкi жалпы өнiмi үлкен мемлекет.

"Қарама-қайшылыққа толы бiр жыл ЕурАзЭО-ның шикiлiктерiн ашты" - Қазақстанның Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болғанына тұп-тура бiр жыл толды. Ресей және Беларусь, Қырғызстан және Армениямен бiр одақа бiрiккен Қазақстан үшiн бұл өте ауыр болғаны анық. Мұны өткенде Мәскеуге сапарлаған президент Н.Назарбаевтың өзi де мойындады. Экономикамыз бұл одақтан түк пайда көрмегенi былай тұрсын, Батыс елдерiмен текетiрескен Ресей одақтағы әрiптестерiмен ақылдаспай-ақ, өзiмбiлермен­дiкке салынып, өзгелерге зиян шектiрдi.

"Жылдың басты ауыс-түйiстерi: Назарбаев әулетi билiгiн күшейттi" - Өткен айда журналистермен бейресми әңгiмесiнде өтiп бара жатқан жылды қорытындылаған президент биылғы кадрлық ауыс-түйiстерге арнайы тоқталмаса да, адамдарды басшылық лауазымға қандай қисынға сүйенiп таға­йындайтынымен бөлiстi.

QAMSHY.KZ. ""Жаңа жылды" мерекелеуден мемлекеттік жарыс" - Желтоқсан айы басталысымен ел аумағында Жаңа жыл мерекесіне дайындық басталып кетеді. Тіпті, қызды-қыздымен Бас мемлекеттік мереке Тәуелсіздік күні мемлекеттік органдар тарапынан тасада қалып жататын кездер де аз емес. Биыл да бірқатар қоғам белсенділері Тәуелсіздік мерекесінен бұрын Жаңа жылға дайындықты бастамау туралы ұсыныс тастағанымен, бұл бастама сол ұсыныс күйінде қалды. 1 желтоқсан күні Астанадан бастап, еліміздің барлық аймақтарында жаңа жылдық шыршалар жағылды.

ABAI.KZ. "2016 жылы Мәсімов үкіметі отставкаға кете ме?" - Әуре-сарсаңға толы 2015 жыл да аяқталып, жаңа 2016 жыл жақындап келеді. Саяси сауаттылардың айтуынша, Мұнай бағасының жоғары болу кезеңі аяқталды және елеулі институционалдық реформаларды өткізу үшін ең қолайлы кезең. Қой жылын өткеріп, мешін жылына аяқ бастық. Қой жылында қойдан жуас халықтың қорасында қоқым тастар тұяқ қалмайтында дағдарыстарды өткерді. Төбемізден билік жүргізетіндер төл теңгеміздің тұқымын тұздай құртып тынуға әрекет жасады. Олпы-солпы экономикамыздың дал-далы шықты. Қараша халықтың қазынасы қаңтарылды. Айтып-айтпай не керек, қой жылы қой емес, қой терісін жамылған қасқыр жылы болып шықты.

AIKYN.KZ. "«Әуедегі аурухана» қанша адамды құтқарды?" - Жатжұрттарда дертке шалдығып, не денесіне зақым келіп, қиын жағдайда қалған қазақстандық сырқаттарды эвакуациялау үшін мемлекетіміздің шетелдік медициналық ұшақтарды жалдаған кездері болған.

EGEMEN.KZ. "Бала жанын жараламайық" - Егемен еліміздің ертеңі – балалар, олар біздің болашағымыз. Ал келешектің жарқын болуы үшін өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен тыныс-тіршілігін басты назарда ұстау қажет.Осы орайда «Правовой медиа-центр» қоғамдық қорының директоры Диана ОКРЕМОВАНЫ әңгімеге тартқан болатынбыз.

30 желтоқсан 2015, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.