Атырау мұнай және газ институтының мұражайында қаламыздың тарихына арналған «Ескі Гурьев» көрмесі өтеді.
Өлкетанушы Вячеслав АФАНАСЬЕВ пен соғыс ардагері Александр СМЫСЛОВ көптеген жылдар бойы мұқият жинаған естелік заттар көрменің негізгі жәдігерлері болды. Олар көрмеге екі кинокамера, үш фотоаппарат, компас және т.б. бұйымдар әкелді. Александр Александрович жас кезінде фотоға түсіруге қатты қызыққан екен. Алайда көптеген жылдар бойы осы фото және бейне камералар шкафта шаң басып тұрып қалған. «Москва-5», «Таир-41М», «ФЭД-3» - фотоға түсірумен хабары бар адамдар бұлардың қандай құнды жәдігер екенін біледі. Мұнайшы Сәкен ҚУАНТЫРОВТЫҢ ұлы қызықты суреттер мен Жеңістің 45 жылдығына арналған ескерткіш тәрелке әкелді.
Қаламызда Успен шіркеуін салған Федот ТУДАКОВТЫҢ ұрпақтары да өз үлесін қосты. Көпестің шөберелері Людмила РЕНАР мен Ирина ШЕП Парижде туған, французға күйеуге шыққан, алайда олар да, балалары мен немерелері де орыс тілін біледі. Апалы-сіңлі екеуі ертеректе, қайта құруға дейін, Мәскеу Патриархының шақыртуымен Ресейге бірнеше рет келген, алайда Гурьевке, өздерінің айтуынша, оларды жібермеген. Олар отбасы мен қала тарихына байланысты нәрселердің барлығын мұқият сақтаған екен, көрмеге 5 фотосурет пен сәттілік тілеген хат жіберіпті.
Федот ТУДАКОВТЫҢ шөберелері Людмила РЕНАР мен Ирина ШЕП«Біз, Федот Тудаковтың шөберелері, көрмелеріңізге сәттілік тілейміз. Біз бұл оқиғаны жанымызға жақын қабылдаймыз, өйткені біздің отбасымыз Гурьевте, “Урал" мейрамханасының (Тудаковтар үйі) маңында тұрды. біз ата-анамыздан, интернеттен көп нәрселер білдік. Гурьев қаласы біздің туған қаламыздай. Біз қалада болған жоқпыз, алайда осы ауданда біз жұмылған көзімізбен қыдыра алар едік!!! Гурьев, өткеніңді ұмытпа!» - деп жазады әйелдер.
Бұл фотосуреттер – сол алыс күндердің тілсіз куәгерлері, бізді көне Гурьевке әкелгендей. Міне, төңкерістен бұрынғы сирек кездесетін фотосуреттер, Тудаковтар отбасы қонақ бөлмесінде (Қазір бұл ғимаратта «Орал» мейрамханасы орналасқан). Ал мына жерде кеңестік кезең: ағаш сөрелерде теңкиіп бекірелер жатырған атақты балық базарлары, шаңы бұрқыраған көшелерде әскери киімге ұқсас мектеп киімін киген балалар бір жаққа асығып бара жатыр, ер адамдар сол кезде сән болған кең костюмдер киген. Сенбіліктер, табиғат аясына саяхат, Ревковтар отбасындағы үшем. 12 сәуірде туған үш ұлына ата-анасы Юрий Гагариннің, Герман Титовтың және Джон Гленнің атын қойыпты. Қаламызда Джон есімді бала қалай өмір сүрді екен, қызық сұрақ.
Әлеуметтік-экономикалық тақырыпта қара-ақ фотосуреттерде көрініс тапқан: 1946 жылы МӨЗ құрылысының аяқталуына байланысты Ленин орденімен марапатталған №441 зауыттың мұнай өңдеушілері мен құрылысшылары; 1975 жылы «Гурьев» (қазіргі «Ақ Жайық») қонақ үйін қолданысқа енгізу; Қазақстан Компартиясы ОК-тің 1-хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың ГИӨЗ-ге келуі, балық қалбырлау комбинаты жұмысшыларының жұмыс күні, ғарышкер Поповичтің қаламызға сапары...
«Ескі Гурьевті» тамашалау ұзаққа созылмайтыны өкінішті. Жәдігерлер мен фотосуреттер көп те емес.
- Біз қала тарихының қай кезеңін еске түсіретініне қарамай, барлық жәдігерлерді қабылдай береміз, тек қаламыз туралы айтып берсе болды, - дейді АМжГИ мұражайының директоры Талғат ІЛИЯСОВ. – Егер қалалықтар өздерінің ескі фотосуреттерімен қоштасқысы келмесе, біз оны сканерлер, түпнұсқаны кері қайтарамыз.
Зульфия ИСКАЛИЕВА