Атырау, 19 желтоқсан 22:57
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Әлемдік деңгейдегі ғалымдар Шыңғыс ханды қазақ деп таныды". "Әзірбайжан министрі Қазақстан Каспийді мұнаймен ластады деп айыптады". "Белсенді психологтың өзі «жынды» атанды". "Еуроодақ Еуразиялық одақтан құтқармайды".

2 308 просмотра

NUR.KZ. "Әлемдік деңгейдегі ғалымдар Шыңғыс ханды қазақ деп таныды" - Әлемдік деңгейдегі ғалымдар көптеген пікірталастан кейін Шыңғыс хан қазақ болған деген тоқтамға келді. “Шыңғыс хан шындығы" ғылыми байқауының қатысушылары өз шешімдерін жария етті.

NEWSKAZ.KZ. "ВТБ-ның қазақстандық еншісі: АҚШ санкциялары банк клиенттеріне әсерін тигізбейді" - ВТБ-ның қазақстандық еншілес банкі, ВТБ Банкі мен оның еншілес құрылымдарына қатысты АҚШ санкцияларының ұзаруы банк клиенттеріне әсерін тигізбейтіндігін мәлімдеді.

"Әзірбайжан министрі Қазақстан Каспийді мұнаймен ластады деп айыптады" - Әзірбайжанның экология және табиғи ресурстар министрі Хусейн Багиров Қазақстан Каспий теңізін мұнаймен ластады деп айыптады. Бұл мәлімдемені ол, "Гюнешли" алаңында болған өрттен кейін су бетінде мұнай дақтары пайда болды деген пікірлерден кейін жасады, деп хабарлайды РИА Новости.

AZATTYQ.ORG. "Серкесіз отардың сорлы екеніне көзім жетті" - Алматыдан Аягөзге дейін оңай жеткеніңмен, ары қарай біздің ауылға бару қиямет-қайым. Біздің ауыл – Шұбартау деп аталатын мекен. Сонау Совет Одағы тұсында дамымай артта қалған аудандардың бірі болған еді. Оның себебі – алғаш жаңа үкімет орнап жатқан кезде жергілікті байлар уақытша үкіметті басып алып, 100 күн қожайындық жасаса керек. Содан кейін Совет Одағы құлағанша қатаң бақылауда болған Шұбартау ауданынан «қойшылар бригадасын» құру бастамасының көтерілуінің арғы жағы да осыдан шықса керек. Совет үкіметінен кейін іле-шала тараған аудан қазір Аягөзге қарайды. Екі аралық – 200 шақырым.

"Белсенді психологтың өзі «жынды» атанды" - Құқық қорғаушылар ыңғайсыз азаматтық белсенділерден психиатрия арқылы құтылу билік үшін ыңғайлы амалға айналып бара жатқанын айтады.

"Әлиев-Назарбаев тартысы аяқталған жыл" - Бұрынғы қайынатасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ұзақ жылдарға созылған тартыс Рахат Әлиевтің қазасымен аяқталды. Оның бұрынғы әйелі Дариға Назарбаева вице-премьер болып тағайындалды. Биыл саяси сахнаға олардың кіші ұлдары Айсұлтан Назарбаев шықты.

"ИМ-нен қашып шыққан тәжік болашағын уайымдайды" - Абдусами Сириядағы «Ислам мемлекеті» содырлар ұйымына шақырғандарға алданып қалғанын айтады. Шындықты білген бетте Мәскеуге қашқан жігіт қазір Ресейде үреймен өмір сүріп жатыр.

ZHASALASH.KZ. "Жабайы мен жалмауыз" - Жабайы деген онша жақсы сөз емес. Жалмауыз одан мың есе жаман. Бiрақ бiздiң қоғамда жабайылар мен жалма­уыздар аз емес секiлдi. Бiр қызығы, мұны бiз аңдамаймыз. Ал сырт көз бiрден байқайды. Мәселен, жуырда ғана Қазақстанға келген Беларусь азаматы Евгений Шапошников қазақтың жол сақшыларын жабайыға теңеп кеттi. Намысың келедi, әрине. Бiрақ амал кем. Өйткенi жол полициясының жұмыс жосығын жабайылыққа баламаса да, жырындының нышанына жоритын кiсiлер өз iшiмiзде де бар. Сондықтан алдымен жабайылар жөнiндегi әңгiмеге түсiнiк берейiк. Ал жалмауыздар туралы сөз сәл кейiнiрек.

"Экономикалық тығырық ҰҚКҰ мен ЕурАзЭО жетекшiлерiнiң арасына сызат салды" - Жаңа жыл қарсаңында Мәскеуге бiрқатар посткеңестiк елдiң басшысы жиналды. Беларусьтiң батькасы, билiгiн ұзарту үшiн жақында ғана конституциялық реформаны сәттi жүзеге асырған армян президентi Серж Саргсян, Қазақстанның мәңгi басшысы Нұрсұлтан Назарбаев, оған елiктеп тәжiк парламентiне “Ұлт көшбасшысы туралы" заң қабылдат­қан Эмомали Рахмонов және Кремль­дiң кез келген бастамасын қолдауға дайын қырғыз президентi Алмазбек Атамбаев – мiне, осындай қонақтар Сирия мен Украинада салған лаңы үшiн әлемдiк қауымдастықтан оқшау қалған Владимир Путиннiң резиденциясына келдi. ҰҚКҰ мен ЕурАзЭО секiлдi атауына тiл күрме­летiн, айтуға қиын посткеңестiк блоктарға мүше ел басшыларының кездесуi одақтастар арасындағы күрделi қарым-қатынасты, қайшылықтарды көрсеттi.

"Алдағы күнiмiз не болар екен?" - АҚШ долларының теңгеге шаққандағы бағамы айналасы 2-3 аптада шарықтап кеттi. Бiр доллардың құны 348-350 теңгеге дейiн көтерiлiп, қазақстандықтарды алаңдатып отырғаны анық. Алаңдатпай қайтсiн, елiмiздегi тауар бiткеннiң 80-90 пайызы сырттан, дәл сол доллармен сатып әкелiнедi. Мiне, соның салдарынан сауда сөрелерiндегi заттардың бағасы да доллармен бiрге аспандап кеттi.

"Еуроодақ Еуразиялық одақтан құтқармайды" - Еуроодақтың сыртқы iстер және қауiпсiздiк саясаты бойынша жоғарғы комиссары Федерика Могерини апта басында Астанаға сапармен келдi. Қазақстан мен Еуроодақ екiжақты кеңейтiлген әрiптестiк және ынтымақтас­тық жөнiндегi келiсiмдi бекiттi.

SERKE.ORG. "Теңге бағамының болжамы" - Валюта нарығындағы теңге бағамы құбылып тұр. Желтоқсан айының басында доллар бағамы 308 теңгені құрады. Артынша теңге құлдырап, 1 доллар 349 теңгеге жетті. Бұл осы аралықта әлемдегі мұнай бағасының баррелінің 40 долларлық межеден 36 долларға дейін арзандауына байланысты болатын. Дегенмен соңғы екі күнде (22-23 желтоқсан) мұнай бағасы қымбаттамаса да, теңге өзінің долларға шаққандағы позициясын нығайтып алды. 23 желтоқсандағы қор биржасындағы валюта нарығында доллар 331 теңгеге сәйкесті. Бұл апта басындағы бағамнан 4,3 пайызға кем.

"«Айран ішкен» Петрушова «шелек жалағандардың» тағдырын ойлай ма?" - «Қазкоммерцбанктің» арыздануымен ҚР Қылмыстық кодексінің «Жала жабу» бабы бойынша істі болған «Накануне.кз» және «Республика» сайттары журналистерінің тағдырына қоғамдық ұйымдардың алаңдаушылық білдіруі бірізді емес, ала-құла. «Қазкоммерцбанк» жөнінде «әдейі жалған ақпар таратуға қатысы бар» деген күдікке ілінген үш адамның бірі - Рафаэль Балғин «Қазкоммерцбанкті» қаралайтын мақала үшін бөлінген ақшаны тапсырысты орындаушыларға жеткізіп беріп отырған. Ол 2 ай мерзімге тергеу изоляторына қамалды. Ал ақпараттық тапсырысты орындап, оны баспасөз құралына орналастырған сайт жетекшісі Гузяль Байдалинова үш тәлікке қамауға алынды. Тергеу ісінде «Қазкомерцбанкке» қарсы жазылған мақалалардың кейбірінің авторы саналатын Юлия Козлова әзірге бостандықта жүр. Бұл істі тергеп жатқан ішкі істер органы іске қатыстыларды түгел тергеу аяқталғанша оқшаулау керек деп шешсе, онда сот Г.Байдалинова мен Ю.Козлованы да 2 айлық мерзімге қамауға алуы мүмкін. Осы жағдайға алаңдаған қоғамдық ұйымдар мен қоғам белсенділері мәселені тұтас қараудың орнына, «ала қойды бөле қырқып», әркі-тәркі әрекет етіп жатыр.

QAMSHY.KZ. "Теріс ағым насихатшыларының есімін ел білуі керек!" - Бүгінде ислам дініне қатысты қандайда бір «әттеген-ай» дейтін мәселе туындаса, Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасын айыптап шығамыз. Алайда, мүфтияттың мүмкіндігі дінге қатысты мәселелерді шашау шығармай шешуге әсте жете бермейді. Дегенмен де, мүфтият әу бастан-ақ, елімізде салафизм идеясын қарқынды түрде насихаттап жүрген азаматтардың аты-жөнін атауы керек еді.

"Қаржы нарығының келер жылғы келбеті" - Валюта нарығы қазіргі таңда көптің көз тіккен алаңына айналып отыр. Келер жылы да ұлттық валютаның құны құлдырай түседі деушілер көп. Тіпті, кей сарапшылар, 2016 жылы төл теңгеміз құнсызданып, АҚШ долларына шаққандағы бағамы шамамен 370 теңгені құрайды деп отыр.

NAMYS.KZ. "Қазақия тарихы" - Құрметті оқырман, А. Левшиннің қазақтар туралы жазған зерттеу еңбегінің жалғасын назарларыңызға ұсынамыз. Бұл еңбек 1832 жылы жарық көрген. «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» атты кітап қазақтар жөнінде алғашқы монографиялық еңбек. Тарихи құжат болғандықтан еңбекте кездесетін атауларды өзгертпей, солайша қалдыруды ұйғардық. Алғашқы бөлімдерді сайтымыздың “Қазақия тарихы" бөлімінің мұрағатынан оқи аласыз. namys.kz Қырғыз-қазақтар жайлы бізге керекті мәлімет көп емес, тіпті аз десек қателеспеспіз. ...

QAZAQUNI. "Американың әуе күштері Қазақстан қалаларын бомбаламақ болған" - Американың әуе күштері Қазақстан қалаларын бомбаламақ болған. Қара тізімге еліміздің 8 ең ірі өндірістік орталығы кіріпті.

"АҚШ Барлау Қызметі: «Біз Жапонияның жұмбағын әлі аша алмадық»" - Жапонияның таңғажайыптарын жазу үшін жүрек керек екен. Себебі бұл Жапония тақырыбы бір мақалаға ғана емес том-том кітаптарға жүк боларлық тақырып. Ал технологиялары туралы кітаптар емес жалпы оны жазуға өреміз жетпейтін шығар деп ойлаймын. Сондықтан өзіміздің түсіне алатын, сараптама жасай алатын тақырыбымызға қалам алсам ба деп шештім. Жапонияның тек технологиялары ғана емес қоғамы да таңғажайыптарға толы. Сол таңғажайыптарының ел аузында жүргені емес сәл өзгешелеу қырларына тоқталғанды жөн көрдім…

25 желтоқсан 2015, 10:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.