TENGRINEWS.KZ. "Құдайбергенов Ақышевтың валюта бағамына араласпау жөніндегі мәлімдемесіне сенбейді" - Бүгін, 2015 жылдың 22 желтоқсанында, Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев қызметіне келгеніне бір жарым айдай уақыт өткенде бірінші рет Алматыда тілшілер үшін баспасөз мәслихатын өткізді. Оның айтқан мәлімдемелеріне қатысты пікірді Tengrinews.kzтілшісі Макроэкономикалық зерттеулар орталығының директоры Олжас Құдайбергеновтен сұрады.
NUR.KZ. "Әлем елдеріндегі Қазақстанның елшіліктері" - Қазақстанның елшіліктері мен консулдықтары әлемнің түкпір-түкпірінде орын тепкен. Дүниежүзінде орналасқан Қазақстанның дипломатиялық орталықтарының кейбірі ұлттық нышандармен өрнектеліп ерекшеленсе, кейбірі заманауи сәулеттік стильге негізделіп салынған деп жазады reactor.inform.kz.
AIKYN.KZ. "Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ: 2016 жылы айрықша жағдайда жұмыс істеуге тура келеді" - Ресей астанасы – Мәскеуде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының сессиясы және жоғары деңгейдегі Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы болып өтті.
"Басты мақсат – инфляцияны тұрақтандыру" - Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев қаржы нарығында қалыптасып отырған жағдайға баға берді.
ZHASALASH.KZ. "Сұлтан Хан Аққұлы: Алашорда көсемдерi – тәуелсiздiк жолындағы күрестiң бас қаһармандары" - Әр ұлттың өмiр сүру жолын айқындайтын, оның ұлт болып қалыптасып, мемлекет ретiнде қанатын жаюына себепкер ұлы мақсаттар болады. Алашорда көсемдерiнiң түпкi мақсаты да дәл осындай ұлттық идеядан бастау алған-ды. Cондықтан ұлық мерекеде тәуелсiздiк жолында аянбай күрескен, тұңғыш демократиялық алаш үкiметiн құрған, Әлихан Бөкейхан көтерген Алаш туының астына жиылған жандардың ерлiгi мен еңбегiн айтпай кету аруақтың алдында да, ұрпақ алдында да кешiрiлмес күнә болар едi. Тәуелсiздiк тұғырын орнатамыз деп қуғын-сүргiннiң бар азабын тартқан алаш арыстары қандай мемлекет құруды аңсады, қазақ елiнiң болашағын қалай елестеттi деген сауалдарды белгiлi алаштанушы, ғалым, журналист, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ “Алаш" ғылыми-зерттеу институтының директоры Сұлтан Хан Аққұлынан сұраған едiк.
AZATTYQ.ORG. "Қазақстандағы Ресей банктері де санкцияға ілінді" - АҚШ-тың Ресейге салған жаңа санкциялары арасында ВТБ банкі мен «Сбербанктің» Қазақстандағы бөлімшелері де бар.
"«Жақсы» деген заңның осал тұсы да сыналды" - Биыл толықтырылып, күшіне енген көші-қонға қатысты заңның осал тұстары айтылса да, ресми орындар оны тек «жақсы» жағынан көрсетуге тырысады.
"Қазақ-өзбек шекарасындағы Бағыс ауылы «тозып барады»" - Қазақ-өзбек шекарасындағы Бағыс ауылы тұрғындары «ауыл үйлерінің 90 пайызы әлі Қазақстанға ресми тіркелмегеніне, ауылдың тозып кеткеніне» наразы. Ал әкімдік шекараның әлі ратификацияланбағанын айтады.
QAMSHY.KZ. "Еуроодақпен әріптестік Ресейдің ықпалын азайтады" - Кеше Қазақ елі мен Еуропа Одағы етене жақын әріптестік пен ынтымақтастық келісімін бекітті. Құжатқа Қазақ елінің сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен ЕуроОдақтың сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты бойынша жоғарғы комиссары Федерика Могерини қол қойды. Сарапшылар Еуропа елімен тығыз қарым-қатынас орнату Қазақ елі үшін өте маңызды деген пікірде.
"Қарақалпақты қаперден шығармайық" - Жуырда Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың көші-қоны және жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Міне, осы заңның арқасында шет елдегі қандастарымыз тарихи отанына келуге мүмкіндік алды. Алайда, бүгінде, Үкіметтің отандастарымызды елге әкелуге ешқандай мүмкіндігі жоқ. Бұл туралы күні кеше отандық телеарналарға берген сұхбатында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі айтты.
ABAI.KZ. "Интернационалдық отбасы" несімен қауіпті?" - Кейінгі кездері тастанды балалардың көбейіп кеткендігі, мұның қоғамның бір айықпас дертіне айналғандығы жасырын жайт емес. Бұған бәріміздің де қабырғамыз қайысады, жүрегіміз ауырады. Осы орайда сол жәутімкөз балаларға жүрек жылуын сыйлап, сол мүскіндерді қанатының астына алып жүргендер жайлы естігенімізде бір марқайып қаламыз. Мәселен, біздің Қостанайда Нұрлан Төлегеновтың отбасы сегіз баланы асырып алған, өзінікімен тоғыз. Ал Ақтөбедегі Мұрат Қабылбаевтың отбасы да тоғыз баланы балалар үйінен алып, қанатының астына басқан. Мұндай үлкен жүректі, жетімдерге қамқор жандар жайлы жақында ғана еліміздің барлық баспасөзі жарыса жазды да. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деген осы болар.