Атырау, 19 желтоқсан 22:51
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Мәңгiлiк мылқау болу қазақша сөйлемейтiн Мәсiмовтiң пешенесiне жазылып қойылған ба?". "Теңге тұңғиыққа бата бере ме?". "Мұнай неге арзандап жатыр?". "Балгер 2016 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты".

2 783 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Әзербайжан валютасы екінші рет құнсызданды" - Әзербайжан валютасы (манат) күрт арзандаған соң дүкендер жабылып, ел шетелдік валюта немесе ұзақ уақыт қолданатын тауар сатып алуға жүгірді.

"Самарқанда Рахимов көшесінің атауын өзгертті" - Өзбекстан басшылығы генерал Сабыр Рахимовтың атын бұл елдің тарихынан өшіруге тырысып жатыр. Жақында Самарқандағы Рахимов көшесінің атауы өзгертілді.

"Оқушыға спорт киімін сату туралы «патриоттық» идея" - Алматы мектептерінің бірінде ата-аналар қарсылығынан кейін бірыңғай спорт формасын сатуды тоқтатты. Бірақ көп ата-ана оны алып үлгерген. Мектеп басшылығы «ешкімді мәжбүрлегеніміз жоқ» дейді.

ZHASALASH.KZ. "Мәңгiлiк мылқау болу қазақша сөйлемейтiн Мәсiмовтiң пешенесiне жазылып қойылған ба?" - Елiмiзде жұрттың бәрi жабылып, МС Сайлаубек дейтiн “құбылыстың" тiлiн ұғуға тырысып жатқан тұста, көршi Қытай елi тағы бiр қазақстандық “дарынмен" қауышты. Қытайға ресми сапармен барған Кәрiм Мәсiмовтiң ханзуша былдырлағанын түсiнбесе де, тақ-тұқ сөйлейтiн қытай жұрты ана тiлдерiне зор құрмет көрсеткен қазақ үкiметiнiң басшысына қол соқты.Қошеметке майдай ерiген Мәсiмов Alibaba Group басқармасының төрағасы Джек Ма мырзаға “кеңесшiм болыңыз" деп жабысты. Осындайда “Әли баба және қырық қарақшы" дейтiн шығыстың ертегiсi ерiксiз еске түседi екен.

"Теңге тұңғиыққа бата бере ме?" - 2014 жылдың қаңтарынан берi теңге 125 пайызға, ал жыл басынан берi 85 пайызға құнсызданды. ТМД кеңiстiгiнде биылғы жылы дәл теңге тәрiздi құнсызданған валюта жоқ. Әлсiз дейтiн валюталар – беларусь рублi ­– 54,3 пайызға, украин гривнасы 48,7 пайызға арзандады. Жаздағы девальвацияға дейiн “рубль қанша пайызға құнсызданса, теңге де сонша пайызға құлдырау керек" деп жар салған сарапшылар мен бизнес өкiлдерi сап тыйылды. Теңге тұңғиыққа батып бара жатқанын бұлар да түсiнсе керек. Өйткенi орасан девальвация үшiн жауап­кершiлiктiң бiр бөлiгi теңгенiң бағамын ресейлiк рубльмен теңестiрейiк деушiлердiң де мойнында.

"Тiлшiлермен бетпе-бет: Қай президент мықты?" - 17 желтоқсан күнi Ресей президентi Владимир Путин жыл қорытындысына арналған үлкен баспасөз жиынын өткiздi. 2001 жылы басталған бұл дәстүрлi шараға сол тұста 500-ге жуық журналист қатысса, биыл тiркеуден өткен БАҚ өкiлдерiнiң саны 1400-ге жуықтаған. Ресей басшысы журналистердiң сауалына 3 сағат 10 минут бойы тапжылмай отырып, жауап бердi. Баспасөз жиынын “Россия-1", “Россия-24", Бiрiншi арна телеарналары мен “Маяк", “Вести ФМ", “Радио России" радиолары тiкелей эфирде таратты.

SERKE.ORG. "Мұнай неге арзандап жатыр?" - Желтоқсан айынан бастап әлемдік нарықтағы мұнай бағасы тағы да күрт құлдырады. Бағасы жоғары мұнайдың Brent маркасының 1 баррелі 36 доллар маңайында сатылып жатыр. Мұнайдың сапасы нашар басқа сорттарының бағасы 25 долларға дейін түсіп кетті. Мұның басты себебі – мұнай күнделікті қажетті мөлшерден 1,6 млн баррель артық өндіріліп жатыр. Нарықтағы ұсынысты сұраныспен теңестіріп, мұнай бағасын тұрақтандыру әзірше мүмкін емес. Мұнай өндіруші елдердің арасындағы бәсеке экономикалық соғыс сипатына өтті. Мұнай өндіруші жетекші елдер мұнай тұтыну рыногындағы қазіргі жағдайын сақтап қалуға жанталасып жатыр. Осындай аласапыран кезде әлеуеті күшті елдер бәсекелестерінің рыногын жаулап алуды да көздейді.

NUR.KZ. "Балгер 2016 жылы қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты" - Қытай астрологиясы мен фэн-шуйдан кеңесші Сабина Хәкімова қытайлық мыңжылдық күнтізбенің негізінде болжамдар жасайды. Сабина алдағы мешін жылында елімізді не күтіп тұрғанын болжады.

QAMSHY.KZ. "СВЕТЛАНА АЛЕКСИЕВИЧ, "НОБЕЛЬ" СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ИЕГЕРІ: ОРЫС ҚАЗАНЫНДА НЕ ҚАЙНАП ЖАТҚАНЫ БЕЛГІСІЗ (ВИДЕО)" - Биыл әдебиет саласы бойынша Нобель сыйлығын посткеңестік кеңістікте, орыс тілділер арасында алғашқы болып Белорусь жазушысы Светлана Алекссевич алды. Жазушының жоғары марапаты 20 жылдан бері кітаптары шығарылмай келе жатқан Беларусияда да, билік басындағыларға айтылған сыны жақпайтын Ресейде де ешкімнің қызығушылығын туғызбады.

"ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНЫҢ ШЫҒЫНДАРЫ ЖАЙЛЫ МӘЛІМЕТ НЕГЕ ЖАСЫРЫН ҰСТАЛАДЫ?" - Түрлі компаниялардың меншігіндегі зейнетақы жинақтаушы қорларындағы жинақтар бір ортаға шоғырландырып, мемлекеттік зейнетақы қоры құрылғанда көпшілік, шынын айту керек, өздерінің болашақ зейнетақыларының сақталуы мен кепілдендірілуіне зор үмітпен қарады. Халық санасындағы «өкімет өлтірмейді» деген түсінік бұл жерде ерекше көрініс берді, көпке үміт сыйлады. Олай дейтініміз, әрбір салымшы мемлекет басқаруындағы қордың жұмысы, кірісі мен шығысы, елдің зейнетақы жинақтары қандай жобаларға салынуда, инвестициялық кіріс көлемі қандай деген мәліметтер барынша жария болады деп сенді. Алайда, мемлекет меншігіне өткенімен зейнетақы жинақтарының айналымы мен оларды басқарушы біріңғай зейнетақы жинақтаушы қорының жұмысы көпке құпия қалып отыр. Бұл қауіпті «Ratel» ақпараттық порталы жүргізген шағын зерттеу одан әрі қоюландырып отыр.

22 желтоқсан 2015, 16:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.