AZATTYQ.ORG. "Путин: СССР-ды қайта құру ниетіміз жоқ" - Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу Совет одағын қайта құруға тырыспайтынын, бірақ бұған "ешкім сенбейтінін" мәлімдеді.
"АҚШ-тың жаңа заңы сыртқы саясатын өзгертпек" - АҚШ конгресі қабылдаған мемлекеттік шығындар туралы заң Вашингтонның сыртқы саясатына елеулі өзгерістер әкеледі. Құжат мұнай бағасының одан әрі құлдырауына да себеп болуы мүмкін.
TENGRINEWS.KZ. "Сарапшылар 2016 жылы пәтер сатып алғысы келетіндерге кеңес айтты" - Tengrinews.kz тілшісіне жауап берген сарапшылар 2016 жылы жылжымайтын мүлік нарығынан не күтуге болатынын айтып берді.
ABAI.KZ. "Н. Назарбаев: көші-қон саясаты өзгермейді" - Таяуда Президент Назарбаев мемлекеттік арна тілшілеріне сұхбат берді. Сол сұхбат барысында Елбасы сырттан көшіп келіп жатқан ағайындар туралы, көші-қон саясаты туралы пікірі білдірді.
"ҚАЗАҚ ОЙЛАНБАСА, ОЯНБАЙДЫ..." - Уатқан Сәйпілұлы — 1958 жылы Қытайдың Мори Қазақ автономиялы ауданында туған. Жапонияға Қытайдағы қазақтар арасынан алғаш барып, медицина ғылымдарының докторы атағын қорғаған азамат. Сондай-ақ, Жапонияның Тей Кио университетінде он жылдай дәріс берген білікті ұстаз. Жапон жерінде ұзақ жыл жүріп, жергілікті халықтың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына қаныққан ғалыммен өткізген әңгімемізді оқырман назарына ұсынамыз.
AIKYN.KZ. "ҚАРАШЫҒАНАҚТЫ АШҚАН КЕНШІ" - Сухан Мақсұтұлы Камалов – Қазақстандағы көптеген кенішті ашқан адам. Биыл ол 80 жасқа толу меретойын атап өтеді. Оның есімі Орал өңіріне ғана танымал емес, ол ашқан кен орындарының бүкіл Қазақстан үшін маңызы зор.
"Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары" - Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығы аясында Алматыдағы Ұлттық кiтапханада отандық өнертану саласында тұңғыш рет жарық көрген «Қазақстандағы этностардың музыкалық мұралары» атты музыкалық-энциклопедиялық, ғылыми-танымдық антологияның тұсаукесері өтті.
QAMSHY.KZ. "ТЕҢГЕНІҢ АХУАЛЫ АУҒАН АҚШАСЫНАН НАШАР БОЛДЫ" - Украиналық Forex Club ақпараттық-сараптамалық орталығы құнсызданған валюталардың рейтингінде төл теңгеміз бірінші орынға шыққанын жариялады. Нақтырақ айтсақ, сарапшылардың есебі бойынша, теңге 85,2 пайызға дейін девальвацияға ұшыраған. Бір алаңдатарлығы, төл теңгеміз соғыс жағдайындағы мемлекеттердің валютасымен салыстырғанда әлдеқайда қатты құлдыраған.
"ЖЕКЕГЕ САТЫЛАТЫН КОМПАНИЯНЫҢ ЗЕЙНЕТАҚЫ ҚОРЫНДА НЕСІ БАР?" - Тәуелсіздік тойына «сыйақы» ретінде берілді ме, әйтеуір, «ҚазАгро» Ұлттық компаниясының басшылығы Зейнетақы қорынан 115 миллиард теңге алғандарын жария етті. Қалған 25 миллиард теңгесіне жыл соңына дейін қол жеткізеді екен. Сөйтіп, ойы-қыры не керек, 140 миллиард теңге «қолдан» кетті.
SERKE.ORG. "АҚШ мұнай бағасына қалай әсер етеді?" - Өткен аптада АҚШ мұнай мен газ экспортына тәуелді елдердің экономикасын одан әрі әлсірететін екі әрекет жасады. Желтоқсанның 16-сы күні Федералды резерв жүйесі (ФРЖ – АҚШ-тың орталық банкі) доллардың базалық ставкасын 0,25 пайыздан 0,5 пайызға көтерді. Ал кеше АҚШ 1975 жылы мұнай экспортына салынған тыйымның күшін жойды. Енді АҚШ та әлемдік нарықта мұнай сата бастайды.
QAZAQUNI.KZ. "ҚАЙРАТКЕР қалай «ЕҢБЕК СІҢІРЕДІ»?" - Ақпарат ағынынан белгілі болғандай, Тәуелсіздік күніне орай әртүрлі дәрежедегі мемлекеттік марапатқа ие болған 200-ден астам қазақстандықтардың арасында бір топ өнер өрендері «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды. Олардың қатарында Медеу Арынбаев, Айгүл Иманбаева, Ғани Құлжанов, Саят Медеуов, Мұқасан Шахзадаев, Жанар Дұғалова және Тұрсынбек Қабатов бар.