INFORM.KZ. "Отбасының табысы баланың IQ деңгейіне қалай әсер етеді?" - АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкада Балалар денсаулығы және адамды дамыту ұлттық институтындағы ғалымдар тобы отбасының табысы баланың IQ деңгейіне тікелей әсер ететіні туралы тұжырымға келді. Сарапшылардың пікірінше, отбасы неғұрлым ауқатты болса, ондағы балалардың ақыл-ойы соғұрлым жоғары болады, деп жазады Росбалт.
AZATTYQ.ORG. "Мейрамханаларға корпоративтік кешке тапсырыс түсіп жатыр" - Жаңа жыл мерекесі қарсаңында министрліктер, ұлттық компаниялар мен өзге де кәсіпорын басшылары корпоративтік кеш өткізуден бас тарту жайлы сөз қозғады. Бірақ, Алматының кейбір мейрамханалары Жаңа жыл кешін ұжым болып тойлауға тапсырыс алып жатқанын айтады.
"Ресейде украиналық босқындарға көмек қысқарды" - Донбастан қашып, Ресейдің Псков қаласында тұрып жатқан украиналық босқындарды қонақүйден шығарып жатыр. Олар "Путин далада қалдырмайды" деп сенеді.
"Nakanune.kz редакциясына тінту жүріп жатыр" - Алматыда Nakanune.kz интернет сайтының меншік иесі Гузал Байдалинова мен осы басылымның журналисі Юлия Козлованың үйіне тінту жүргізілді. Полиция "жалған хабар таратқан" деген негізбен екі басылымға қарсы тергеу басталғанын айтады.
"Еуропаны 2016 жылы не күтіп тұр?" - 2015 жылы Еуропа Одағы соғыстан қашқан мигранттар тасқынына қарсы тұрып, күшейіп алған оңшыл саясаткерлермен күресті, одан қалса Ресейдің Украинадағы ахуалға килігуінің зардабын тартты.
ABAI.KZ. "Әзімбай Ғали. Біз саяси ұлт құруға тиіспіз" - Марксизм – ленинизм ілімінде ұлт пен ұлысқа сол заманға сай сипат берілген. Марксистер, әсіресе, КСРО-ның марксистері мен ленинистері ұлттың тек капитализмнің туындысы екенін айтып оның коммунизм басталысымен өз-өзінен жоғалатынын «ғылыми» деректер негізінде дәлелдеп , идеологиялық постулатқа айналдырған болатын[1]. Ұлт – капитализмнің туындысы. Ұлт болып ұйысу үшін алдымен экономикалық өмір бірлестігі болуы керек.
"Түркия Ресейді 7 күнде жаулап алады" - Жақында Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоглы Ресей Федерациясы мен Түркия Республикасының арасында болуы ықтимал «әскери-қақтығыстарға» қатысты пікір білдірді. Әзірбайжандық «minval.az» сайтының хабарлауынша, Түркия Сыртқы істер министрі түркиялық телеарналардың біріне берген сұхбатында Ресей қарулы күштері мен Түркияның қазіргі әскери ахуалын салыстырған.
"Кремльдің көздегені не?" - Ресей шовинистері Қазақстанның тәуелсіздігіне қарсы айқай шығарып, наразылық білдіріп жатыр. Дәл желтоқсанның 16-күні ресейлік «Другая Россия» партиясының 20 шақты белсендісі Петербургтегі Қазақстан консулдығына барып, наразылық акциясын ұйымдастырды.
QAMSHY.KZ. "Ресей шовинистері қазақ тәуелсіздігіне қарсы" - Қазақ елі Тәуелсіздігінің 24 жылдығы құрметіне әлем елдерінің басшылары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа құттықтау хаттарын жолдап жатыр. Мәселен, ең бірінші болып АҚШ-тың Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джордж Крол қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен қазақ тілінде құттықтады. Алайда, іргеміздегі кейбір көрші мемлекеттердің басшылары Тәуелсіздігіміздің 24 жылдығымен құттықтамағанын айта кеткен жөн.
TURKYSTAN.KZ. "Арнаулы жасақ – арландардың арманы" - Жуырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің «Арыстан» қызметінің тұрақты орналасу орнына барып, арнаулы бөлімшедегі офицерлермен кездескен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев олардың қызметі әскери уақытта ғана емес, бейбіт кезеңде де аса маңызды екенін айта келе: «Барлау басқармасының және «Бүркіт», «Сұңқар», «Арыстан» құрылымдарының қызметі әдетте БАҚ-та көрсетілмейді. Бұл жөнінде көп әңгіме айтылмайды. Бұл түсінікті. Сіздердің жұмыстарыңыз, әсіресе, қазіргі заманда өте маңызды болған соң келіп отырмын», – деді. Расында да, әлемдік геосаяси ахуал қысқа күнде қырық құбылып, терроризм мен экстремизм жалпақ жаһанға қауіп төндіріп тұрғанда еліміздің қауіпсіздігіне кепіл болатын арнаулы жасақтар жайлы білетінімізден білмейтініміз көп.
ZHASALASH.KZ. "«Шындық жоқ жерде сұмдық көп»" - Иә, қазақта осындай аталы сөз бар. Расында да, шындығын жоғалтқан орта, ақиқатынан айырылған қоғам алға баспайды, жалған дүние мен өтiрiкке былғанған күйi тұңғиыққа бата бермек. Қазiргi қазақ қоғамында даму, iлгерi басу бар ма? Жекелеген жағдайда болмаса, жалпы алғанда, дамудан, алға өрлеуден айырылған қоғамға айналып барамыз. Өйткенi бiзде шындық айтылмайды, өзiмiз iштей ақиқатты сезсек те, шындықтың бетiне тура қарай алмаймыз. Ағзасының әр мүшесiндегi сырқатты жасырған адам тәрiздi бiз де қоғамдағы ауруды жасырып-жабумен келемiз. Одан өзге емес, өзiмiз зардап шегiп жатырмыз. Ортақ құндылық пен мүдде бiрiктiретiн елге айнала алмай отырғанымыз сол ауруды жасырып, шындықтың бетiн аша алмағаннан да шығар. Тәуелсiз Қазақстанда шындығы ашылмаған оқиғалардың бiрi – Жаңаөзендегi қанды қырғын. Қазақты қайғыға батырған оқиғадан берi төрт жыл өтсе де, қоғамды мазалаған “Бейбiт халыққа оқ атуға бұйрық берген кiм?", “Бүлiктi шығарған кiмдер?" деген сұрақтарға әлi жауап жоқ.
EGEMEN.KZ. "Қытай өзінің «Дүниежүзілік сауда ұйымын» құрып жатыр" - АСТАНА. 17 желтоқсан. Бейжің Шанхай ынтымақтыстық ұйымы (ШЫҰ) шеңберінде еркін сауда аймғын (ЕСА) құруға кірісті. Бұл туралы ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның мәлімдемесіне сүйенген «Лента.Ру» агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.