Атырау, 29 қараша 07:52
 ашықВ Атырау +3
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

​Түрмеде бизнес жасауға не кедергі?

1 983 просмотра

Облыстық прокуратураның алқа отырысында облыстың түзету колонияларында жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Облыстық прокуратураның 7-басқармасының басшысы Кемел ИМАНҒАЛИЕВ баяндама оқыды. Оның айтуынша, 2014 жылы Түрме реформалары форумында «Колонияларда жұмыспен қамту-2017» тұжырымдамасының жобасы қабылданды. Мақсаты – 2018 жылға дейін еңбекке қабілетті қамаудағыларды жұмыспен қамтуды 75%-ға дейін жеткізу. Мұның нәтижесінде «қамаудағылар түзетіліп, оларға кәсіби дағды беріп, зардап шегушілерге келтірген шығынын өтеу мүмкіндігі пайда болып, түрмедегі адамдар санын азайтуға» қол жеткізіледі.

К. Иманғалиевтың айтуынша, осы мәселе қозғалғанына бір жыл уақыт өтсе де, атқарушы органдар осы бағыттағы қажетті жұмыстарды жүргізбеген. Мәселен, сотталғандар дайындаған өнімдердің көрмелерін ұйымдастыруға тапсырма берілген еді, бірде-бір көрме өткізілген жоқ.

К. Иманғалиев хабарлағандай, өңіріміздегі колонияларда отырған сотталғандар саны 700 адамды құрайды. Олардың 340-ы еңбекке қабілетті, ал қалғандары еңбекке қабілетсіздердің есебінде тұр. Атап айтсақ, бірі аурулығына байланысты жұмыс жасай алмаса, бірі «қатаң оқшаулау жағдайында» жазасын өтеп жатыр, мүгедектер мен зейнеткерлер де бар.

Қазіргі уақытта ақша төленетін жұмыспен 220 адам тұрақты негізде қамтамасыз етілген.

- Дегенмен, өткен жылмен салыстырғанда облыс колонияларында жұмыспен қамтылғандар саны 7%-ға төмендеген, бұл алаңдарлық жағдай, - деп атап өтті баяндамашы. – Кәсіпкерлер жергілікті түзету-еңбек колонияларында тиімді жағдайлармен өндіріс аша алар еді, өйткені мұнда орынжайды жалға алу арзан, сотталғандарға да аз жалақы төленеді. Сонымен қатар, шикізат пен материалдар күзетіледі. Алайда бизнес салықтық жеңілдіктер жоқ деп колонияларда жұмыс жасаудан бас тартып жүр. Бір мысал келтірейін: 2014 жылы Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі облыстық өнеркәсіп және кәсіпкерлік басқармасының басшылығымен біріге отырып, сол жердегі түзету колониясы аумағына кірпіш зауытын салу керек деп бастама көтереді. «Байқоңыр» ӘКК бұл мақсатқа 37 млн теңге бөліп, үстіміздегі жылдың мамырында осы зауыт жұмысын бастады. Бұл жерден 67 сотталған адам жұмыс орнын тапты.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 желтоқсан 2015, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.