Атырау, 18 мамыр 23:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Кітап оқымайтын ару. Кеш қалай шоуға айналды?". "Айсұлтан Назарбаев өмірден өткен әкесі туралы ағынан жарылды". "Батыс Ердоғанның орнына Давутоглуны дайындап жатыр". "«Ресей Прибалтикаға шабуыл жасаса, НАТО түк істей алмайды".

2 352 просмотра

TENGRINEWS.KZ. "Кітап оқымайтын ару. Кеш қалай шоуға айналды?" - Кеше Бейбітшілік және келісім сарайында өткен "Қазақстан аруы 2015" Ұлттық конкурсы басталар кезде теледидар қарамайтын жұрт түсініксіз жайтқа тап болды. Көресіні көреріміз әлі алда екен сөйтсек. Қазақстанның ең басты конкурсы жиналған қонақтарды қақпанға түсіргендей. "Пирамидаға" (халық арасында Бейбітшілік және келісім сарайы осылай аталады) келген қонақтар бірнеше сағат бойы теледидар қарауға мәжбүр болды. Сол теледидардың ішінде өздері де өмір сүріп жатқандай. НТК телеарнасында жүріп жатқан жарнаманы бәріміз көрдік. Құдды бір "Труманның шоуы" фильмі дерсіз. Болып жатқанның бәрі өмірде емес, иллюзия секілді әсер қалдырды. Барып тұрған шоу.

"Таяқтың бір ұшы. Астананың үздік автобус жүргізушісінің жанайқайы" - Астанада халықтың автобус жүргізушілеріне деген өкпесі қара қазандай. Қоғамдық көліктерге бақылауды күшейтуді қала әкімінің өзі бірнеше рет тапсырған. Соңғы екі аптада, тіпті соңғы айдағы статистикаға көз жүгіртсек, елордада жол-көлік оқиғаларының басым бөлігінің маршрут автобустарының қатысуымен болатынын аңғарамыз. Алайда қалаға келген қонақтар өз өңірлеріндегі жүргізушілер мен кондукторлардың қызметіне қарағанда елордағылардың жақсы жұмыс істейтінін айтады. Ақпараттарымызда жол-көлік оқиғасының болғанын ғана жазамыз, алайда сол автобус жүргізушілерінің қандай қиындықтары мен уайымы бар - осы мәселеге шам ала түссек қайтеді?

NUR.KZ. "Айсұлтан Назарбаев өмірден өткен әкесі туралы ағынан жарылды" - Президенттің немересі Айсұлтан Назарбаев 10 желтоқсанда өмірден өткен әкесі Рахат Әлиевті еске алып, ол туралы ойларымен өзінің Facebook-тегі парақшасында бөлісті.

"Назарбаев қазақтарды руға бөлінбеуге шақырды" - Руға, жікке бөлінген жұрт Ливияның тағдырын қайталайды. Бүгін мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ағымдағы жылды қорытындылап телеарна журналистеріне сұхбат беру барысында рушылдық дертіне қатысты өз пікірін осылай жеткізді.

AZATTYQ.ORG. "Иранның ядролық отыны Қазақстанға келуі мүмкін" - Қазақстан Иранның ядролық отын қоры сақталатын орынға айналуы мүмкін, ал Каспий теңізіндегі мұнай платформасында шыққан өрт оффшорлық мұнай өнеркәсібі беделіне нұқсан келтіруі ықтимал.

"Өзбек билігінің қолы ұзын" - Түркияда өзбек оппозициясының қуғындағы лидері Мухаммад Салихты өлтірмек болған деген күдікке ілінген бес ер адамның екеуі жақында Стамбул сотында жауап бермек. Олардың біреуі - Өзбекстан азаматы.

"Көлік оқиғасы зиянын бағалау тәсілі қайта өзгерді" - Қаңтардың 1-інен бастап жол апатынан көлікке келген зиянды сақтандыру компаниялары бағалайтын болады. Тәуелсіз бағалау компаниялары сақтандырушылар мен көлік жүргізушілер ара қатынасын реттейтін заңға енгізілген бұл өзгерістермен келіспейді. Олар «сақтандыру компаниялары мүлікке келген зиянды кемітіп бағалайтын болады әрі осы саладағы нарықта монополия орнатады» деп санайды.

ABAI.KZ. "Назарбаев: оларды қызметтен босатқан кезде қатты қиналамын" - Жақында отандық телеарналарға сұхбат берген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев шешім қабылдауда ішкі сезімге жиісенім артатындығын айтты. «Әсіресе, өзім тағайындаған азаматтарды жұмыстан босатқан кезде қатты қиналамын», – деген Елбасы сенімге селкеу түсіртетін серкелер туралы ағынан жарылған. Бұл туралы Abai.kz порталы Nur.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Желтоқсан желі... тоңдырды мені..." - 1985 жылдың сәуірімен келген қайта құру дәуірі қоғамда, елімізде көптеген сілкіністер туғызып, ұлттық республикаларда, метрополияның орталық қалаларында октябрь дауылдарынан кейінгі уақыттарда болмаған, қоғамдық-саяси өрлеу қозғалыс-тарын туғызды. Октябрь төңкерісіне дейін, ұлттық республикалардың тарихы болмаған деп кеңес идеологтарының сендіріп келген догмаларының күлі көкке ұшып, отарлықтың қамытын киіп жүрген халықтар өткеніне ой жүгіртіп, ұйқыдан оянып, оң солын түгендей бастады.

SERKE.ORG. "«Ақ жол» «үй ішінен үй тіккенін» қашан қояды?" - «Ақ жолды» басқаруға Азат Перуашев келгелі бері партия түкке тұрғысыз, елге келіп-кетер пайдасы жоқ даңғаза істермен айналысатын болып алды. Партия төрағасы Азат Перуашев «Ақ жолды» айбынды Алашорданың мұрагері, ал өзінің атасын Алашорданың көрнекті қайраткері етіп көрсеткісі келді. «Алаштың ақ жолы» атты мүшәйра өткізді. Онысынан түк шықпады – халық партияның алашордашыл бағытта екеніне бәрібір сенбей қойды. Бұдан соң «Ақ жол» тіпті әріге сілтеп, «Қазақ хандығына 550 жыл» деген медаль шығарып, онысымен кім көрінгенді партияның атынан марапаттап жатыр.

AIKYN.KZ. "Медициналық мүмкіндігі мол Малайзия" - Ұшағыңыз Алматыдан көтеріліп, оң­түстік-шығысқа емес, бірден Біш­кек жақ­қа – батысқа тартқанда, әуелі дағдарып қаласыз.

RAS.KZ. "Батыс Ердоғанның орнына Давутоглуны дайындап жатыр" - Батыс саясаткерлері барған сайын өздеріне қолайсыздығымен сенімнен шыға бастаған Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоғаннын бастарын аулақ салып, оның орнына лайықты кандидат іздеуге кірісті. Бұл туралы Әзербайжанның Day.Az порталы хабарлады.

"КХДР-да сутегі атом бомбасы бар екені рас болып шықты" - Бұдан бірнеше күн бұрын КХДР басшысы Ким Чен Ынның елдің арсеналында сутегі бомбасының бар екенін айтқаны бекер емес болып шықты. Бұл туралы өзінің Солтүстік Кореядағы мәнбесіне сілтеме жасаған «Интерфакс.Ру» хабарлады.

"«Ресей Прибалтикаға шабуыл жасаса, НАТО түк істей алмайды»" - Forbes журналының шолушысы Лорен Томпсон күтпеген жерден тап осындай тұжырым жасады. Оның айтуынша, егер Ресей Прибалтика елдеріне жаппай шабуыл жасаса, оларды ары кеткенде, 2-3 күнде түгел басып алады. Ал НАТО бұл аралықта оған қарсы шешімді тойтарыс беріп үлгере алмайды. Бұл туралы шолушының сөзіне сілтеме жасаған «Комсомолькая правда» хабарлады.

TURKYSTAN.KZ. "Қитұрқысы көп тұтыну қоржыны" - Жаңа жылды жаңа тарифтермен бастау­ды дәстүрге айналдырған коммуналдық қызмет көрсететін мекемелер 2016 жылға да «тосынсый» дайындап жатқанына бәс тігуге бармыз. Ақтөбеде келер жылға арналған баға бекітіліп те қойыпты. Коммуналдық қызметтердің 2016 жылдан 2020 жылға дейін бес жылдық тарифтік жоспары бойынша Ақтөбеде қаңтардан бастап суық су 36,19 пайызға, жылу мен кәріз суы 33,51 пайызға қымбаттайды. 2020 жылға дейін жыл сайын­ жылу 2-ден 8 пайызға дейін, ал суық су 1-ден 9 пайызға дейін біртіндеп көтерілмек. Бұған ескі құбырларды жаңарту мен сала қызметкерлерінің жалақысын өсіру туралы ұсыныс себеп болған көрінеді.

"Уатқан СӘЙПІЛҰЛЫ, жапонтанушы: Пара ұсынатын қоғамда жапонның жүрегі шыдамайды" - Уатқан Сәйпілұлы — 1958 жылы Қытайдың Мори Қазақ автономиялы ауданында туған. Жапонияға Қытайдағы қазақтар арасынан алғаш барып, медицина ғылымдарының докторы атағын қорғаған азамат. Сондай-ақ, Жапонияның Тей Кио университетінде он жылдай дәріс берген білікті ұстаз. Жапон жерінде ұзақ жыл жүріп, жергілікті халықтың дәстүрі мен ұлттық құндылықтарына қаныққан ғалыммен өткізген әңгімемізді оқырман назарына ұсынамыз.

"Оралмандарға оңтайлы жағдай жасалмақ" - Партияның жаңа ережесі бойынша қолданыстағы заңнамаға ұсынымдар енгізуді «Нұр Отан» партиясы өз міндетіне алмақ.

QAMSHY.KZ. "Тайшыбековтың сотталуы - қазақ ұлтшылдарының кезекті жеңісі" - Кеше Жамбыл облысы Қордай аудандық соты Ермек Тайшыбековті 4 жылға бас бостандығынан айырды. Бір қарағанда, «ұлтаралық араздық тудырды» деп айыпталған азаматқа берілген жаза аз сияқты болып көрінуі мүмкін. Өйткені, ол ұлт араздығын қоздырып қана қоймай Қазақ елінің территориялық тұтастығына қауіп төндірді. Елімізді терртиориялық тұрғыда бөлшектеп, Ресей Федерациясының құрамына қосуға шақырды. Алайда, сепаратистің жасаған қылмысы үшін жазадан құтылып кетпей аз мерзімге болса да түрмеге жатқызылуының өзі қазіргі жағдайда ұлтшылдар үшін аз жетістік емес.

14 желтоқсан 2015, 10:27

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.