TENGRINEWS.KZ. "Шетелдіктер тұңғыш рет қазақтың ұлттық тағамдарынан ауыз тиді - эксперимент" - TengrinewsTV редакциясы шетелдіктерге қазақтың ұлттық тағамдарын ұсынып, эксперимент жүргізді. Экспериментте шетел азаматтарына құрт, қымыз, жая және қарта ұсынылды. Үндістандық Винея мен Сая, иорданиялық Ибрагим мен Абдалл, нигериялық Джеф пен Чакс қазақтың ұлттық тағамдарынан бірінші рет дәм татқан болып шықты. Олардың бұл тағамдарды жегеннен кейін алған әсерлерін видеоға түсіру эксперименттің басты мақсаты болатын.
NUR.KZ. "Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кірді" - Қазақстан алғаш рет әлемдік экспортшылардың ТОП-50 қатарына кіріп, 43-орынды иеленді. Бұл туралы елордадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Қазақстанды жаңа индустрияландыру. 2015 жыл қорытындысы» атты жалпыұлттық телекөпірді қорытындылаған елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
"Сарапшы шенеуніктердің үлкен тобырынан құтылу үшін облыстық әкімдіктерді таратуды ұсынды" - Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері, профессор Еркеш Нұрпейісов мемлекеттік басқарма құрылымын өзгертуді, нақтырақ айтқанда, облыстық әкімдіктерден бас тартуды ұсынды. Бұл туралы “Караванға" сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.
AZATTYQ.ORG. "Тәжік президенті Рахмон да «Ұлт көшбасшысына» айналып жатыр" - Тәжік парламенті президент Эмомали Рахмонға «Ұлт көшбасшысы» мәртебесін беретін заң жобасын мақұлдады. Онда Рахмонды сотқа тартуға болмайтыны жазылған. Заңды сынап жатқандар да бар.
"«Негізгі тартыс Кремльде жүріп жатыр»" - Кәсіпкер Дмитрий Потапенко Ресей билігін «бизнесті әдейі тұншықтырып отыр» деп айыптады. Оның Мәскеу экономикалық форумындағы сөзі интернетте қызу талқыланып жатыр.
ZHASALASH.KZ. "Әзiрбайжандар қатты алаңдап отыр" - Жақында дүниежүзiлiк ирандардың “Ахли Бейт" атты ұйымының төрағасы, аятолла Хасан Ахтари Арменияның дiнбасы, каталикос Екiншi Гарегиннiң шақыруымен Ереванда болып қайтты. Ереван университетiнiң студенттерiмен кездесу кезiнде аятолла Ахтари “парсылар мен армяндар – туыс халықтар" дедi. Ал Ереван университетiнiң ректоры Арам Симонян бұдан да асып түстi. Ол “Иран мен Армения – екi мемлекет болғанымен, олар – бiр халық" деп соқты. Не керек, аятолла Ахтаридың Арменияға сапары Әзiрбайжанның ұлттық зиялыларын ұзақ шулатты.
SERKE.ORG. "Әбілязовтың балдызы қыспақта қалды" - БТА банктен ақша жымқыру ісіне қатысты Литва түрмесінде жатқан Мұхтар Әбілязовтың балдызы Сырым Шалабаевтың жағдайы қиындады. Жергілікті delfi.ltсайтының 9 желтоқсандағы таратқан мәліметі бойынша, Литва прокуратурасының Сырым Шалабаевты Қазақстанға немесе Украинаға экстрадициялау жөніндегі өтінішін Вильнюс округтік соты тездетіп қарау туралы шешімге келген. Сот бұл мәселені бүгін қарауы керек. Прокурор Ева Трунцененің айтуынша, Сырым Шалабаевты алдыруға Қазақстан мен Украинаның шансы бірдей, екі ел де қажетті құжаттарды Литва прокуратурасына тапсырған. «Шалабаевты қай елге беруді сот шешеді» деді ол.
TURKYSTAN.KZ. "Көкпар болған қайран Сирия" - Бес жылдан бері соғыс өртіне оранған Сирия шын мәнінде ғаламдық саясаттың көкпарына айналғандай. Әлемдік алпауыттар Сирияны жан-жақтан жәукемдеп, әбден берекесін қашырды. АҚШ бастаған халықаралық коалиция күштерінің, Париж трагедиясы үшін өш алуға кіріскен Францияның және «ортақ өгізден оңаша бұзауды» тәуір көретін Ресейдің әуе күштерінің бомбалары аз болғандай, бұл соғысқа өткен аптада Ұлыбритания қосылды. Обалы нешік, Лондон бұл қадамға барар алдында «жеті рет пішіп, бір рет кесті» десек, артық айтқандық емес. Сонда да бұл шешімнің қаншалықты дұрыс екені даулы-ақ.
"Жадағай бесікте жатқан бала" - «Ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген ата- бабамыз еліңнің болашағын ойласаң, ұрпағыңның тәрбиесіне жасынан жіті мән бер дегенді көксеген ғой. Бүгінгі заманауи технологиялардың дамыған кезінде, балаларымыздың тәрбиесінде айрықша орын алып отырған көгілдір экрандағы сан түрлі мульт сериалдардың сапасына көңіл бөлу – басты міндетіміз.
QAZAQUNI.KZ. "Түрік пен орыстың текетіресінің ақыры апатқа алып келе жатқан секілді…" - Бәрі осыдан бір жарым жыл бұрын орыстың украин жері Қырымды зорлықпен басып алуынан басталды. Ал, алты ай алдында орыстар Сирия дауына кірісіп, елдің қазіргі басшысы Асадтың жауларына ауадан бомбыны қарша жаудырды…