Атырау, 6 мамыр 15:50
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Атырауда қалалық құрылыс бөлімінің басшысы мен оның орынбасары ұсталды

5 301 просмотра

Бұл туралы «АЖ»-ға Атырау облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының орынбасары Нұрлан ҚАМБАТЫРОВ хабарлады.

Оның айтуынша, «2015 жылғы 7 желтоқсанда “Атырау қ. құрылыс бөлімі" ММ-нің басшысы Жұмашбаев С., оның орынбасары Қайыров С. және ЖШС-тердің бірінің техникалық директоры Ө. Р. ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-тармағы 2-тармақшасында («Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу») және 366-бабтың 3-тармағы 2,3-тармақшаларда («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен пара алу») көзделген қылмыстарды жасады деген күдікпен ұсталып, Атырау қ. ІІБ-ның уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

“Атырау қ. орта мектептерінің жалғама құрылысы" нысандарына бөлінген аса ірі мөлшердегі бюджет қаржысын жымқыру және қосалқы мердігер мекемелерінің басшыларынан пара алу фактілері бойынша соталды тергеу басталды. Мемлекетке келтірілген шығынның сомасын анықтау мақсатында аудиторлық тексеру жүргізілуде. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді».

Азамат МАЙТАНОВ

9 желтоқсан 2015, 20:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.