TENGRINEWS.KZ. "Қажет болған жағдайда Түркия Ресейге қарсы жауапты санкцияларды енгізе алады - премьер" - Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоғлы қажет болған жағдайда Ресейге қарсы жауапты санкциялардың салынуы мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.
NUR.KZ. "Биліктегі зейнеткерлер" - Бүгін біз сіздерге билік басындағы зейнеткерлердің тізімін жарияламақпыз. Бұл ер азаматтардың жасы біршамаға келсе де, ел басқарудағы тізгінді ешкімнен кем ұстамай екпінді еңбек етіп жатқандар.
ABAI.KZ. "Біз шынымен тәуелсіз елміз бе?" - Жақында ҚР Энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан Украинаға газ сатпайтынын жеткізді. Бұл туралы Zakon.kz порталы хабарлайды. Астана қаласындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «Қазақстанның газ тасымалдауындағы жаңа бағыттар» тақырыбындағы баяндамасында Қазақстанның энергетика вице министрі ЕАЭО төрағасының рұқсатынсыз Қазақстан Украинаға газ тасымалдай алмайтынын айтқан.
"Ол текті қазақ іздеп жүр" - 6 желтоқсанда Қазақтың М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театрында «Ұлым, саған айтам...» атты болмысы бөлек бенефис өтті.
AZATTYQ.ORG. "Еңбек мигранттарын туберкулезге тегін тексермек" - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі гастарбайтерлерге туберкулез туралы ақпарат беріп, оларды тегін тексерілуге шақырып жатыр. Бұл шараға халықаралық ұйым да демеуші болған.
"Армения референдумын қолдаушылар Украинаны да «мысал» етті" - Қазақстандық саясаткерлер Арменияның парламент рөлін күшейту туралы референдум өткізуін әрқилы сипаттайды.
ZHASALASH.KZ. "Путин: Түрiк билiгiн Құдай жазалап қойған. Ердоған: Ресейдiң де шекесi қызып тұрған жоқ" - “Көк теңiз, алтын құм, тамаша жағажайдағы бесжұлдызды қонақүй және алыс-жақын төңiректе бiрде-бiр ресейлiктi кездестiрмейсiз". Кейбiр түркиялық демалыс орындары Ресей санкцияларынан кейiн осындай жарнамаға көшкен. Мұнысы “ресейлiктер келмесе де, қылшығымыз қисаймайды" дегендерi болса керек. Расында да, шет мемлекетпен алыс-берiс қарым-қатынасты үзудiң салдарын алдымен Мәскеудiң өзi тартады.
"Жарамсыз асты арзанға сатады" - Алматының базарларында “дағдарысқа қарсы" сауда нүктелерi ашылды. Бұл жердегi тауарлардың баға нарқының өзгелерден ерекшелiгi сондай, кез келген қазақстандықтың қалтасы көтерердей. Ал ендi бұл қандай арзан тауар десеңiз, айтайық, сатылымдағы барлық заттың жарамдылық мерзiмi әлдеқашан өтiп кеткен. Яғни жарамсыз азық-түлiктер.
QAMSHY.KZ. "Әміржан ҚОСАНОВ: Тасмағамбетовтың орынбасары боп жүріп, оны бір адамдай танып алғанмын" - Бүгін қазақстандық серке саясаткер, мемлекеттік басқару ісіне сонау кеңестік жылдардан бастап-ақ араласқан, билік биігінде зор ықпалға, ел арасында үлкен сенімге ие мемлекет қайраткері Иманғали Тасмағанбетовтің туған күні. Саңлақ саясаткер 59 жасқа толып отыр. Осы датаға орай, қайраткердің саяси портретін аша түсу мақсатында елдегі бірқатар саясаткерлер мен сарапшыларға Иманғали Тасмағанбетовтің тұлғалық қасиеттері мен жоғары билік сапындағы қызметіне қатысты бірнеше сауал жолдаған едік. Алғашқы болып 90-жылдары Иманғали Нұрғалиұлымен Мемлекеттік жастар ісі жөніндегі комитетте үзеңгілес қызмет атқарған саясаткер Әміржан Қосановтан жауап келді. Иманғали Тасмағанбетов жоғарғы биліктегі элита арасында қаншалықты ықпалды тұлға?
"Бай-бағландар ақшаларын елге әкелуге қорқады" - Өткен жылдың қыркүйек айынан бастап елімізде рәсімделмеген қаржы мен мүлікті жария ету науқаны басталды. Аталған акцияның негізгі мақсаты шет елде жасырылған отандық қаржыларды елге қайтарып, эконмикамызды көтеру болатын. Алайда бай-бағландарымыз шет елде жасырған ақшаларын елге әкеліп, әлеуметтік жағдайымызды көтеруге асығар емес.
AIKYN.KZ. "Иманғали ТАСМАҒАМБЕТОВ" - Тәуелсіздік тұсындағы Елбасымыздың егемендікті орнықтыру, мемлекеттілікті нығайту, болған шақ пен болашақтың қамын бірден жасау бағытындағы сұрапыл жұмыстарын көктей шола қараған адам кадр таңдауда ешқандай қателеспегенін бірден байқайды.
JAQSY.KZ. "Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ. Біздің мұнай неге арзан, бензин неге қымбат?" - Ғалым Рашид Жақсылықов экономика саласын жете білетін санаулы маманның бірі. Ішіңіз біліп отырған болар, ағамызбен сұрақтар елдің көкейіндегі түйткілді мәселелер төңірегінде өрбіді. Мұнай бағасы неге арзандап кетті? Ал жанармай не үшін қымбаттап жатыр?
ULT.KZ. "Айдос САРЫМ: Ең құбыжық саясатты жүргізіп отырған жалғыз мемлекет бар. Ол – Ресей" - Ресей мен Түркия арасындағы шиеленіскен жағдай әлі де болсын шешімін табар емес. Әлем жұртшылығының назары Мәскеу мен Анкараның іс-қимылына ауып отыр. Кімнің қандай қадамға барары қаншалықты белгісіз болғанмен, соншалықты үрей тудырады. Саяси даулардың арты жеке адамдардың арасындағы өшпенділік пен қанды қақтығыстарға ұласып отыр. Осы орайда біз белгілі саясаттанушы Айдос Сарыммен сұхбаттасқан болатынбыз. Екеуара шағын әңгімемізді назарларыңызға ұсынамыз.