QAMSHY.KZ. "Қазақстандағы астық айналымының негізгі ойыншылары кімдер?" - Қазақстандағы аграрлық сектордың негізгі бір саласы егін шаруашылығы екені белгілі. Еліміздің солтүстік, орталық өңірлеріндегі алқаптар тұтастай республиканы астықпен қамтамасыз етуге, тіпті, дәнді дақылдарды шет елдерге экспорттауға мүмкіндік беруде. Егін алқабынан жиналған астық дастарханымызға дайын өнім болып келгенге дейін бірнеше сатыдан тұратын күрделі дайындау процестерінен өтеді. Астықты сақтау, кептіру, одан ұн тарту да ірілі-ұсақты компаниялардың жыл бойы тынымсыз айналысатын жұмысы. Отандық нарықтағы нан бағасына да ықпал ететін, турасын айтқанда, нарықтағы нан бағасын бекітетін де осы компаниялар. Біз бүгін осы саланың ықпалды деген ірі ойыншылары туралы сөз қозғағанды жөн көрдік. Назарларыңызға астық алқаптарынан жиналған бидайды сақтау, өңдеу, дайын өнім түрінде сату ісімен айналысатын еліміздің әр өңіріндегі компаниялардың қысқаша тізімін ұсынамыз.
NUR.KZ. "Шымкент әкімі лауазымды қызметте отырған 100 күнде не тындырды?" - Өткен аптада Қазақстандағы ең үлкен қаланың бірін басқарып отырған Ғабидолла Рахматоллаұлының лауазымдағы қызметіне 100 күн толды. 3 айдан астам мерзімде шырайлы Шымқаланың басшысы нақты қандай жұмыстар атқарғанын NUR.KZ саралап көрді.
AZATTYQ.ORG. "Түркия-Ресей жанжалында ОА кімге ойысады?" - Түркия Ресейдің әскери ұшағын атып құлатқалы ушығып тұрған Мәскеу мен Анкараның арасындағы араздықтың басылатын түрі байқалмайды. Бұл жанжалдың екі елмен де жақсы қарым-қатынас орнатқан мемлекеттерге қиын соғатыны белгілі еді. Олардың басшылары аңдап сөйлеуге, тіпті қысылтаяңда таңдау жасауға мәжбүр болып жатыр.
"«Мені билік адамдары да қолдады»" - «Хабар» агенттігінің Лондондағы бұрынғы тілшісі Бэла Құдайбергенова Азаттыққа өзінің мемлекеттік телеарнадан кету туралы даулы мәлімдемесінен соң өмірінің қалай өзгергені туралы сұхбат берді.
"Тайшыбековтің адвокаты Абайдың қара сөзіне жүгінді" - Жамбыл облысы Қордай ауданының сотында ұлтаралық араздық тудырды деп айыпталған блогер Ермек Тайшыбековтің ісі бойынша пікірсайыс өтті. Прокурор оны 4 жыл 8 айға соттауды сұрады.
ABAI.KZ. "Орыс тілі Орталық Азиядан «кетіп жатыр»" - Статистика көрсетіп отырғандай, Азияда орыс тілінің қолданысы біртіндеп қысқарып келеді. Осы жылғы қарашаның басында РФ президенті Владимир Путин «Халықаралық білім беру кеңістігінде орыс тілінде жалпы білім беруді ілгерілету мен қолдаудың мемлекеттік концепциясына» қол қойды. Көптеген сарапшылардың пікірі бойынша, бұл концепция (дәлірек айтсақ — орыс тілінің өзі) Ресейдің жақын шет елдегі «жұмсақ күшінің» басты компоненттерінің бірі болу керек.
"КСРО неге күйреді?" - «КСРО неге құлады» деген тақырыпта қазір зерттеушілер көп еңбектеніп жүр. Өйткені, «әлеуметтік әділетті, материалдық құндылықтарды әркімнің еңбегіне қарай тең бөлетін, ғылыми-техникалық жетістіктер капиталға монополиялық үстемдік ететін «шағын топтың» емес, барлық қоғамның игілігіне пайдаланылатын, халықтарға еркіндік беретін, нағыз демократияға қол жеткізетін, тұрмыс-ахуалын жақсартатын, болашаққа деген сенімін арттыратын» әлемдегі «ең әділетті» қоғамның күйреуі не себептерден болды деген сауал туа береді.
SERKE.ORG. "Ғалымжан Жақияновты жауапкершілікке тартуға бола ма?" - «Свобода слова» газетінің бұрынғы басшысы Гүлжан Ерғалиева оппозицияшыл саясаткер Ғалымжан Жақияновтың қыр соңына түсіп алып, оны қалайда жауапкершілікке тартып, оның сағын сындыруға барлық күшін салып жатыр. Бірақ оның бұл әрекетінен нәтиже шығар емес. Өткен аптаның соңында Алматы қалалық соты Ғалымжан Жақияновты жауапкершілкке тарту жөніндегі Ерғалиеваның апелляциялық шағымын қанағаттандырусыз қалдырды. Қазір Г.Ерғалиева өзінің 1 миллион долларын қарызға алып қайтармай кеткен ерлі-зайыпты Жақияновтарды азаматтық іс бойынша жауапқа тартқанына, неге оларға қарсы о бастан алаяқтық бабымен қылмыстық іс қозғатпағанына бармағын тістеп өкінетін сияқты. Оқиғаға терең үңілсек, мұндай өкініштің негізсіз екенін, ешбір жағдайда Ғалымжан Жақияновтың нақ өзін жауапкершілікке тарту мүмкін емес екенін, Гүлжан Ерғалиеваның босқа уақыты мен ақшасын сарп етіп жүргенін көреміз.
AIKYN.KZ. "Жартылай жалаңаш келіннің бетін ашудың қажеті не?" - Таяуда Қазақстан Жазушылар одағында жетпіс жасқа толған Зейнеп Ахметовамен кездесу өтті. Бауыржан Момышұлының келіні қазіргі заманның жартылай жалаңаш келіндерін сынға алды.
EGEMEN.KZ. "«Аттың басын – Торғайға!»" - деп Амангелді батыр айтпақшы, аталған өңірді аралап қайттық. Сапарымыздың негізгі мақсаты 2016 жылға «Егеменге» жазылуды насихаттау болғанымен, халықтың тұрмысымен, хал-ахуалымен, көңіл күйімен де танысуға тырыстық. Енді көрген-білгенімізді баяндап көрелік.
ULT.KZ. "Қазақстаннан «қашқандар» саны артты" - 2015 жылдың алғашқы 10 айының көрсеткіші бойынша Қазақстанға көшіп келіп жатқан оралмандар саны өткен жылмен салыстырғанда 10 есеге азайған, — деп жазады LS ҚР ІІД Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайыновқа сілтеме жасап.
ZHASALASH.KZ. "Қаржы заңдастыру ойыны: «Кiм бiрiншi?»" - Қазақтың байлары ақпақұлақ оқушыдан әрмен. Ана құлағына айтқаның мына құлағынан шығып кетедi. Әйтпесе “шетелдегi тыққан-пыққан ақшаларыңды заңдастырыңдар" деген сөздi президент қанша рет айтты? Бiр емес, бiрнеше рет! Оны ұғып жатқан бiреу бар ма? Жоқ. Ел басшысы сөйлеп жатқанда менiң атымды атап қалар ма екен дегендей көздерi жыпылықтап отыратын жуандар былай шыға бәрiн ұмытып кетедi. Сосын президент келесi жиында әлгi сөзiн тағы қайталайды. Бiрақ осы уақытқа дейiн дорба-дорба көк қағазын көтерiп, Ақорданы бетке ала заулап бара жатқан ешкiмдi көрмептiк.
TURKYSTAN.KZ. "Балалардың басылымдарын үлкен күрескерлікпен шығарып жатырмыз" - Бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің жан серігіне айналған балалар басылымы дегенде ең алдымен ойға оралатыны – «Жас өркен» серіктестігі құрамындағы «Ұлан», «Дружные ребята» газеттері мен «Балдырған», «Ақ желкен» журналдары. Биыл талай қаламгердің қолына ең алғаш қалам ұстатқан «Ұлан» газетіне 85 жыл, «Ақ желкен» журналына 90 жыл толып отыр. Атаулы мерейтойды әріптестеріміз дүркіретіп атап өтті. Әдебиет пен журналистиканың бірнеше буын өкілдерінің басын қосқан мерейтой жаңалықтарға да толы болды. «Жас өркен» серіктестігінің Бас директоры, жазушы Жүсіпбек Қорғасбекті еліміздегі балалар мен жасөспірімдердің бас басылымдарының бүгінгі жағдайы туралы әңгімеге шақырдық.
TODAY.KZ. "Андрей Кравченко: "Біз Facebookті жабуды ешқашан қарастырған емеспіз"" - Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко Facebook желісін толығымен бұғаттау тиімсіз шешім деп санайды. Алдағы төл мерекелерінің қарсаңында Today.kz-ке берген эксклюзивті сұхбатында ол әйгілі әлеуметтік желіге кіруге тосқауыл қою жөнінде кері пікірде екендігін, террористердің табыс көздері туралы әңгімелеп берді және де Қазақстанның ғаламтор қауымдастығының желіде тарап кеткен жазбалары жайында соңғы нүктені қойды.
DALANEWS.KZ. "Ури Фридман. Екі ел соғыса ма?" - НАТО келісімшартының 5-ші бабында альянсқа мүше елдер ұжымдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бірге күрес жүргізеді деген. Бірақ, бұл заң 2012 жылы Сирия түріктің әскери ұшағын атып түсіргенде қолданылған жоқ. Иә, АҚШ бәрін түсінеді. «Түркия өзінің әуе кеңістігін бақылауға құқы бар» дейді. Бірақ, серіктес ретінде Түркияның ИГИЛ-ге және Сириядағы азаматтық соғысқа қатысты қабылдаған шараларына көңілі толмайды. Америка мұны жасырған емес.
"Ә. Қажыгелдин: “Келімбетов кеш кетті… Кешігіп қалдық"" - Қазақстанның экс-премьер министрі, қазір алыста тұратын Әкежан Қажыгелдин осындай пікір білдіріпті. Неге? Қажыгелдин неге олай ойлайды? Оның себебін төмендегі мақаланы оқығанда білетін боласыз.