Атырау, 29 қараша 06:55
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Жайық жүз жылдан бері бақылауға алынған

3 551 просмотра

Жайық өзеніндегі су деңгейі мен температурасының күн сайын ауа райына байланысты белгіленіп отыратынын көпшілік білмейді. Мұны 26 жыл бойына бір адам ғана жасайды. Ал оған дейін ондаған жылдар бойына бұл жұмысты басқа адам жүзеге асырды...

ТӨҢКЕРІС ПЕН СОҒЫСТАҒЫ ҮЗІЛІСТЕР

Біздің облысымызда өзен режимі байқала бастағаннан бері тура жүз жыл өтті. Бұл жылдары Жайықтың қандай күй кешкені 1915 жылдан бері Қазгидрометтің жергілікті филиалында сақталған көп томды журналдарда жазылған.

Атырау облысында барлығы сегіз өзен және үш теңіз гидроқосыны бар. Олардың қатарында Атырау маңындағы екі өзен қосыны да бар. Ол жаққа әр таңда және кешке бақылаушы Николай Александрович ЩЕТИНИН барып тұрады. Тағы 10 адам да солай жасайды. Бүкіл осы ондаған жылдар бойына су температурасын жүз жылдан астам уақыт бұрын жасалған жабдықпен өлшейді. Бұл - металл жиектемеге салынған термометр. Бірақ әңгіме онда емес. Бір күнді өткізіп алып, демалыс алып, естен шығарып, су деңгейін, температурасын, көлденең қима бойынша тереңдігі мен ағыс жылдамдығын өлшемеу – бұл адамдар үшін ақылға сыймайтын іс. Менің ойымша, өздерінің біркелкі және бірсарынды жұмысына олар жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан да журналдарда бірде-бір қалып қойған күн жоқ. Тек 1942-1954 жылдардың мұрағаттары болмаса. 1942 жылы бұл іспен айналысатын адам да, мұрға да болмаған – соғыс басталып кетті. Ал 54-ші жылға дейін мәліметтер, атап айтқанда, гидроқосындардың координаттары сәйкесінше жазылған. Бірақ сиямен боялған. Ол кезде бұл құпия ақпарат болған еді.

- Қазақстан аумағындағы метеорологиялық байқаулар 19-шы ғасырдың ортасында жүргізіле бастады, - дейді инженер-гидролог Валентина ПОХОРСКАЯ. – Метеобайқаулар нәтижелері алғаш рет Қазалыда 1848 жылы, Семейде 1854 жылы, Ырғыз бен Қызылордада 1856 жылы, Верный мен Оралда 1859 жылы жазылды. Негізінен жауын-шашындар, жел мен ауа температурасы бақылауға алынған. 1918 жылға қарай метеостанциялар 43-ке жетті. Ал гидроло-гиялық қосындар 1917 жылға дейін бар болғаны 25 болды. Олар, негізінен, өзеннің кеме шаруашылығының мұқтаждығы үшін ашылды. Гурьевтегі қосын 1915 жылы Баку сауда флотының басқаруымен ашылды. 17-22-жылдары бақылаулар тіркелмеген. Бұл уақыттарда ел тарихында – төңкеріс, азамат-тық соғыс... орын алды. Шамасы, осы оқиғалар тұрғысында бақы-лауларды жүргізетін мүмкіндік болмаған немесе адам болмаған...

Мұның өкінішті сарынмен айтылуы, бізден айырмашылығы, гидромет қызметкерлері үшін мұның өте салмақты олқылық екенін дәлелдейді.

Валентина Петровна өткен ғасырдағы уақытпен белгіленген сарғайған парақтары бар бірнеше журналды алып, маған көрсетті. Шынын айтқанда, саптай тізілген цифр бағандарынан ештеңе түсінбедім.

76-ЖЫЛЫ ЖАЙЫҚ ЖОҒАЛЫП КЕТТІ

- Гурьевте ең алғашқы гидроқосын ескі қала бағы маңындағы Жайық арқылы өтетін понтон көпірдің маңына орнатылды, - дейді гидролог. – Бұл ұзындығы үш метр болатын, екі сантиметрлік фарфор бөліктері бар темір футшток болатын. Қазір Жайық-Атырау гидрологиялық қосыны жоғарыда, бірақ заманауи, Бейбарыс даңғылына шығатын көпір тіреулерінің маңында орналасқан. Гидроқосын жұмыс істеген жүз жыл ішінде мәжбүрлі түрде енгізілмей қалған мерзімге қарамастан, үлкен материал, байқаулардың ұзын-сонар қатары жинақталып қалды...

- Ал мұның бәрі кімге керек?

- Мәселен, көпір салушы мекемелерге, өзен қызметкерлеріне... Судың ең төменгі деңгейі қашан тіркелгенін білесіз бе? Ал ең жоғарғысы ше? Неліктен Жайық тайызданып барады? Ал қазіргідей осындай ахуал қаншалықты ұзақ сақталды - өткен жүзжылдықта ма? Бұл өте қызықты ғой!

- Сіз Жайық бұрын да тайызданып кетті дегіңіз келе ме?

- Иә, бұдан да нашар болды. Қараңыз, 1976 жылы 18 қазандағы мәліметтер бойынша Жайық 52 сантиметрге дейінгі белгіге тайызданды. Бұл 455 норма болғанда. Біздің бәріміз мәліметтер алу үшін су деңгейін Балтық биіктігі жүйесіне келтіреміз. Мұндай жүйе бірнеше жыл бойына сақталды, шамасы адамдар Жайық кешікпей кеуіп қалады деп жорамалдаса керек. Еділде де солай болды: ұзақ уақыт бойына құрғақ жаз болды, су мардымсыз тасыды. Бірақ кейін өзендегі су көлемі көбейе бастады – міне, қараңыз... Ал ең үлкен көрсеткіш – 1922 жылы болды. Бақылаушы 17-18 мамырда 619 сантиметр деңгейді тіркеді. Шамасы, бұл жерде бәрі суға кеткен болса керек... Ал бұдан да көп су 1993-1994 жылдары болды, белгі 601 сантиметрден асты.

- Ал қазіргі жағдай қандай?

- Біздің мәліметтеріміз бойынша өзендегі судың төмендеу үрдісі 2006 жылдан бері жалғасып келеді. Қазір 232 сантиметр болды, бұл 76-жылмен салыстырғанда жаман емес. Теңізде сол уақыттан бері деңгей де бір метрге түскен.

- Ал Жайық қашан қайтадан көтеріледі?

- Өкінішке орай, біз болжамаймыз, біз тіркейміз. Бірақ егер бір кездері өзен деңгейі қатты түсіп кетіп, кейін көтерілсе, онда ол бір кездері өз суының молдығымен қайтадан қуантады деп болжауға болады ғой, солай ма?

Суретті түсірген Тамара СУХОМЛИНОВА және Казгидромет Атырау филиалы ұсынды

3 желтоқсан 2015, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.