Атырау, 19 желтоқсан 22:49
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы". "Түркия мен Ресейдің «тауар соғысынан» Қазақстан не ұтады?". "Ресей – Түркия: даудың соңы санкциямен жалғасты. Одан әрi не болмақ?". "Ұлттық холдингтер мен қорлар қазынаға масыл болып келген бе?".

2 292 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Тәжікстанның дінге қысымы тұрақсыздық тудырмай ма?" - Сириядағы «Ислам мемлекеті» (ИМ) террористік ұйымына қосылатын адамдар санын азайту мақсатында Тәжікстан елдегі мұсылман дәстүрлерін шектеуді күшейтті.

"Қазақстандық бітімгер жауынгерлер" - Қазақстан армиясының элитасы саналғанымен, жұрт бітімгерлік бөлімшелер жайлы көп білмейді. Ал биліктің айтуынша, олар тіпті Гаити сияқты қауіпті елде де жұмыс істей алады.

"Оңтүстік Қазақстанда ВИЧ жұққан 224 бала бар" - Шымкенттегі ВИЧ жұққан балалардың ата-аналары медициналық және психологиялық көмекке мұқтаж екендерін айтады. Ал дәрігерлер «қажетті көмекті беріп жатырмыз» дейді.

"Түркия мен Ресейдің «тауар соғысынан» Қазақстан не ұтады?" - Сарапшылар Ресей мен Түркия арасындағы ұшақ жанжалынан өрбіген экономикалық шаралардың Қазақстанға әсері жайлы ой бөлісті.

ABAI.KZ. "Одақбасы рұқсат бермесе, аш отырасың!" - Қазақстанның Түркиядан тасымалдайтын тауарларын Ресей кеденшілері шекарада өткізбей тұрғандығы туралы ақпарат қазақстандық және түркиялық бұқаралық ақпарат құралдарында жазылуда. Шекарашылар түркиялық тауарларын өткізбей тұрған Ресей үшін Қазақстан миллиондаған доллар шығынға батпақ. Бұл туралы nur.kz сайты жазады.

AKORDA.KZ. "Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы" - Санаулы күндерден кейін біз азаттық туын желбіретіп, Тәуелсіз мемлекет атанғанымыздың 25 жылдығына аяқ басамыз. Бұл – тәуелсіздікті нығайту жолындағы өлшеусіз еңбегіміздің ширек ғасырлық белесін қорытындылайтын мерейлі сәт. Тәуелсіздікті баянды ету оған қол жеткізуден де қиын. Мемлекеттігіміздің тұғырын мызғымастай нығайта түсу үшін бізге әлі талай өткелі күрделі, өкпегі көп бұралаң жолдардан өтуге тура келеді.

ZHASALASH.KZ. "Ресей – Түркия: даудың соңы санкциямен жалғасты. Одан әрi не болмақ?" - Ресейдiң СУ-24 ұшағын Түркияның F-16 жойғыш ұшағы атып түсiргенде Владимир Путин бiрден қарымта жауап қайтарды. Түркияның әрекетiн “ту сыртымыздан соққы жасау" мен “лаңкес­терге болысу" деп бағалаған ол түркиялық тауарларды Ресейге кiргiзбеудi, екi ел арасындағы чартерлiк рейстерге тыйым салуды қарастыратын жарлыққа қол қойды. Бұдан бөлек Мәскеу Түркиямен арадағы визасыз режимдi алып тастады.

"Кезектi жолдау, кезектi уәде" - Кеше Қазақстан президентi Нұрсұлтан Назарбаев кезектi жолдауын жариялады. Бiр ерекшелiгi, “Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсiм, реформалар, даму" дейтiн тақырыбы iлгерiдегi жолдаулардан солғын көрiндi. Неге олай екенiн тарқатып жату артық. Дамыған отыздықтан дәмелi мемлекеттiң жағдайы құлдыраған мұнаймен бiрге кейiн сырғыды. Қымбатшылық жұртты жаналқымнан алды. Дегенмен президент “Бұл дағдарысты да жеңемiз" деп көптi сендiруге тырысты.

"«Ескi соқпаққа айналып соғу»" - Кеше халыққа арнаған жолдауында президент Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық бiрыңғай зейнетақы қорының активтерiн бас­қарудың жаңа да ескi тәсiлiн ұсынды. Ол – бiрыңғай зейнетақы қорының активтерiн басқаруды Ұлттық банктiң құзырынан алып, жекеменшiк компанияларға беру. Жаңа да ескi дегенiмiздiң себебi, ұлттық бiрыңғай зейнетақы қоры құрылғанға дейiн зейнетақы салымдарын онсыз да жекеменшiк қорлар мен жекеменшiк ком­пания­лар басқаратын.

QAMSHY.KZ. "Ұлттық холдингтер мен қорлар қазынаға масыл болып келген бе?" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін халыққа Жолдауын жариялау кезінде ұлттық компаниялар мен холдингтерді басқару тетіктерін сынға алды. Құрамына бірнеше еншілес компаниялар кіретін бұл құрылымдар Елбасының айтуынша ел экономикасына масыл болып отыр. Президент келтірген деректерге сүйенсек, бүгінде мемлекеттік секторда 7 мыңнан астам кәсіпорын бар. Олар инвестиция тартуға кедергі келтіруде.

"Болашақта 100 мың теңге шықса да таң қалмаңыз" - Бүгіннен бастап, Ұлттық банк 20 мың теңгелік банкноттарды айналымға енгізді. Ұлттық банк басшыларының айтуынша, аталған ақша Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекеттік мерекесіне орай шығарылып отыр. Естеріңізде болса 20 мың теңгелік банкнот 2013 жылы дайындалып, әні-міне айналымға шығады деген болатын. Енді, міне, су жаңа 20 мың теңгелік ақша айналымға шығып отыр.

NAMYS.KZ. "Қазақ балаларын халықаралық асырап алу саясаты" - Отбасы – баланың тұлға ретінде қалыптасуына әсер ететін ең маңызды факторлардың бірі. Өйткені, бала ақыл – ой базасын, моральдық, этикалық, адамгершілік нормалар жүйесін отбасы мүшелерінің қарым- қатынасы арқылы өзінің бойына сіңіреді. Яғни, отбасы қоғамда тұлғаны әлеуметтенуіндегі атқаратын рөлі зор. Алайда, статистикалық мәліметтерге сүйенетін болсақ, жылына шамамен 1200 бала тастанды атанып, балалар үйінде тәрбиеленеді (Қалкөз Жүсіп, 2011). Бүгінде республикамызда 44 балалар үйі мен 22 мектеп интернат бар (Бағдал Ақынұлы,2014). Осылайша, күннен – күнге балалар үйіндегі тәрбиеленушілер саны өсуде. Сонымен қатар, шетелдік ата-аналардың қазақ балаларына деген қызығушылығы артып келеді.

"Лора Төлеутайқызы: Мұрағаттарда зерттелмеген тарихи деректер әлі де бар" - Қазақ тарихында әлі де айтылмай жүрген, көпшілікке жетпеген тарихи деректер жеткілікті. Әсіресе, мұрағаттардан тың мәліметтерді алуға болады. Өкінішке орай, бүгінгі ғалымдардың басым көпшілігі тек белгілі мәліметтермен шектеледі. Мұрағаттарда сақталған дүниелердің мазмұнымен танысу үшін ғалым, тарих ғылымдарының кандидаты, Ұлттық музейдің «Халық қазынасы» институтының аға ғылыми қызметкеhі Лора Төлеутайқызымен арнайы сұхбаттасқан едік.

ULT.KZ. "Ұлттық банк 20 мыңдық банкнотты шығару себебін түсіндірді" - Ұлттық банк 20 000 теңгелік банкнотты Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мемлекеттік мейрамына орай шығарған. Олардың айтуынша, 20 мыңдық номинал — елдегі орташа жалақының көрсеткіші. Сондықтан жаңа банкноттың шығуы елдегі ақша айналымын шыңдаудағы қалыпты жағдайы деп саналады. Яғни, ақшаның құнсыздануына ешқандай әсері болмайды екен. Және де жаңа номинал шыққанымен айналымда ақша көбеймейді. Сонымен бірге ұсақ номаналды ақшалардың шығуы азая түседі.

2 желтоқсан 2015, 15:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.