Атырау, 19 желтоқсан 23:08
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Түркия Ресей ұшағын неге атып түсірді?". "Батыс және Путин. Олар әрiптестiкке бара ма?". "Ердоған мен Обаманың не ойы бар?". "Назарбаев зәулім сарай тұрғызып, байлығын қайда шашарын білмей жүргендерді сынға алды". "Зорлық-зомбылық құрбандары".

3 991 просмотра

ABAI.KZ. "Түркия Ресей ұшағын неге атып түсірді?" - Ресейдің қорғаныс министрлігі ресейлік Су-24 әскери ұшағы Сирияның Хмеймим әуе базасына оралып жатқан тұста түркиялық F-16 зымыраны арқылы атып түсірілді деп мәлімдеді.

"Өгей өкімет «жаназасыз» жерлеуді жөн көре ме?" - Соңғы кездері елімізде өзіне-өзі қол жұмсау фактілері жиілеп кеткендігі туралы бұқаралық ақпарат құралдары дабыл қағуда. Мысалы, биылғы жылдың қазан айының аяқ шенінде Шымкент қаласының 13 жасар тұрғыны 9-қабаттан секіріп кетті. 29-қазан күні қала тұрғындары 42 жасар азаматтың «Мега Шымкент» cауда орталығының төбесінен өзін-өзі тастап жібергенін көрді. 9-қарашада 49 жасар әпкелі-сіңілі азаматшалар Алматыдағы «Мерей» сауда орталығының үстінен құлады. Ал 11-қарашада Семей қаласының 25 жасар тұрғыны қызымен ренжісіп қалғаны үшін өзін-өзі өртеп жіберді. 24-қараша күні Тараз қаласындағы «Нұр Отан» кеңсесінің алдында 20 жасар Ерлан Бектібаев өзін өртеп жіберді. Өзінің осындай қадамға баруына құқық қорғаушыларды айыптап, жергілікті полицияның қысымына, нақақ жаласына шыдамағанын айтты.

ZHASALASH.KZ. "Батыс және Путин. Олар әрiптестiкке бара ма?" - Париждегi терактiлерден соң Франция президентi Франсуа Олланд Ресей және АҚШ-ты “Ислам мемлекетiне" қарсы бiрiгiп тойтарыс беруге шақырды. Франсуа Олланд Батыс елдерi Ресеймен бiрге коалиция құруы керек деп есептейдi. Мұны лезде iлiп алған В.Путин “Ислам мемлекетiнiң" үстiнен дүркiн-дүркiн зымыран тастады. Ресей кемелерi Францияның теңiз флотымен бiрiгiп әрекет етсiн деген тапсырма бердi. Бiр жыл бұрын Қырым аннексиясы мен Украинаның шығысындағы соғыс үшiн оқшау қалған В.Путин ендi бiр сәтте мәселенi шешушi тегеурiндi саясаткерге айналғаны ма?

QAMSHY.KZ. "Құнсыздық синдромы" - ...Ненің белгісі?.. Өзімде бұған жауап жоқ: құдайдан қорықпау ма, бір-ақ рет берілетін өмірді бағалай алмау ма, тіршілікті тәрк етіп, түңілу ме, әлде, адамның ішкі жан-дүниесінің кедейленіп, азғаны ма, жоқ, ақырзаманның белгісі ме?.. Біздің Орал қаласында 75 жасар қарт биік көпірден өзін тасжолға тас­тап жіберіп, бақилық болды. Ал, Алматы қаласындағы «Мерей» сауда орталығының зәулім шатыранан бір түнде 50 жастағы егіз әйелдер әдейі секіріп, өмірмен қоштасты...

NAMYS.KZ. "Құрымбайдың хаты немесе “ойыншық" оралман" - Жаңа ғана поштама Құрекеңнен тағы бір хат келіп түсті. Құрекең қызық адам, хат жіберді де, онысы дереу жарыққа шықпаса, алда-жалда бірер күн кешіксе, ыңыршағын бауырына алып тулайтыны бар. Қорыққанымыздан Құрекеңнің хатын ешқандай өзгертусіз дереу жарияладық. Оқи отырыңыз…

ULT.KZ. "Ердоған мен Обаманың не ойы бар?" - Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Барак Обамамен ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіргеннен кейінгі шиеленісті бәсеңсіту қажеттігіне келісті.

TENGRINEWS.KZ. "Путин ресейлік Су-24 апатына қатысты мәлімдеме жасады" - Ресей президенті Владимир Путин Түркия әскери әуе күштерінің ресейлік Су-24 ұшағын атып түсіруі жайлы оқиғаны лаңкестерге дем берушілердің Ресейге қапыда жасаған соққысы деп бағалады, - деп хабарлайды РИА Новости.

NUR.KZ. "Назарбаев зәулім сарай тұрғызып, байлығын қайда шашарын білмей жүргендерді сынға алды" - Елбасы Алматыға жұмыс сапары барысында алғаш рет мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бойынша тұрғызылған 216 орындық жаңа балабақшаға бас сұқты. Мұндағы саналы ұрпаққа білім беріп отырған тәрбиешілермен қатар ата-аналармен де жүздесті.

"Школьник: Бензин бағасының қандай болатынын ешкім айта алмайды" - Еліміздің Энергетика министрі Владимир Школьник сұйық отын салығы өскен соң, бензин бағасына қатысты болжамын жасады деп хабарлайды КТКарнасы.

NUR.KZ. "Ресей мен Түркия шиеленісінің шығыны қандай болмақ?" - Туристік салаға қауіп төніп тұрғаны анық – СІМ мен Ресей туризм ресейліктерге Түркияға барудан бас тартуды ұсынды, деп жазды РБК.

TODAY.KZ. "Шөкеев ұлттық компания менеджерлерінің бонусын талқылау әдепсіздік деп атады" - "Самұрық-Қазына" ұлттық әл ауқат қоры" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шүкеев ұлттық компаниялардағы бонустар жағдайы туралы айтып берді, деп жазады Today.kz. Ол топ-менеджерлердің бонустарын сөз ету әдепсіз деп есептейді.

"Жәрмеңкелер "джип мінгендер" үшін ғана тиімді – мәжілісмен" - ҚР Парламентінің мәжілісмені Мұхтар Тінікеев республикамызда өтіп жатқан жәрмеңкелерді сынға алды, деп жазады Today.kz. Мәжілісмен олардың фермерлерге тиімсіз екенін, ал төмен бағадағы өнімді "джип мінгендер" алып кететінін атап өтті.

AZATTYQ.ORG. "Зорлық-зомбылық құрбандары" - Зорлық-зомбылық құрбандары өздерін жәбірлеген жандардан алыста отырса да, ашық сөйлесуден қорқады. Бас сауғалап келген орындары оларды көбінесе уақытша ғана паналатады.

"Шымкентте жұмысқа тұрудың машақаты" - Еңбек жәрмеңкесінде ұсынылған «екі мыңнан астам жұмыс орнының» кейбірі телефон көтермейді, көпшілігінің жалақысы аз.

"Бердімұхамедовтің Путинге айтқанынан «Астананың шеберлігін» іздеді" - Түркіменстан мен Ресей президенттері кездесуінде «Қазақстанның Каспийге қатысты алаңдаушылығы» да сөз болды. Сарапшылар бұл әңгіменің ұшығы Астанадан шыққан деп болжайды.

KAZ.KARAVAN.KZ. "12 мың қазақстандық ғалым ақшасыз қалмақ" - Бұның себебі: «күрделі экономикалық жағдайға» байланысты салаларды қаржыландыру 51 пайызға қысқарады. Бұл жаңалықты ғылыми-зерттеу институттарының басшылары шамамен бір ай бұрын естіген, бірақ қызметкерлермен бөлісуге асықпайды. Неге бұлай болып жатқанын, еріксіз үнемдеудің неге алып келетінін бізге инновациялық және білім беру мекемесінің ғылыми қызметкерлер салалық кәсіподақ төрағасы Марат Молдабеков айтып берді. Тек қана ғарыш құрметке ие болады.

25 қараша 2015, 10:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.