Атырау, 19 желтоқсан 22:46
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

«Ресей Қазақстандағы қаруға бақылауды күшейтеді». "Херсондағы жарылыс немесе «Қырымның қырық қасіретіІ»". "Отарлау: Әбілқайыр хан қалай алданды?". "Ешкімге қатысы жоқ қарапайым мұсылмын. Ол кім?". "Кинотеатрлардың қожайындарын кім тайраңдатып қойды?".

2 650 просмотра

ABAI.KZ. «Ресей Қазақстандағы қаруға бақылауды күшейтеді» - Ресей жақын арада Қазақстанмен әскери мақсаттағы қолда бар қаруды және оның пайдалануын бақылауға алу туралы келісімге отыруы мүмкін. Осыған байланысты Ресей Президенті Владимир Путин үкіметке тиісті өкім берді. Бұл туралы 365info.kz сайты жазады.

"Идеялар соғысы. Бақ қандай бағыт ұстануы керек?" - Терроризм мен экстремизмнің түпкі мәнін іздесең - шошындыру мен шектен шығу. Бұл тақырыпты ашу үшін бірі бірінен өткен небір мысалдарды айтуға болады. Бірақ маған осы материалды жазуға ой салған мына бір фото қатты әсер қалдырды. 2010 жылы Англияның «Гардиан» газетінің журналистері дайындаған материал. Бұл не деп ойлайсыздар? Бұл – Бағдад. Бағдад қаласының картасы. Осы картада ағылшын журналистері 2003 жылдан бері болған жарылыстар, зорлықпен кісі өлтіру және мергендер атып өлтірген жағдайлар болған орындарды бояп шыққан.

"Грозный мен көреген Олег "Ислам діні" үшін күрескен" - Белгілі фольклоршы Исмаил Мунаев «Нахчийн фольклор» атты кітаптың алтыншы томын құрастырып жарыққа шығарды. Оны түсініктірек болуы үшін фольк сөзін алып тастап «Нохчиин халқының лары» десе де болар еді. Егер оқырман осы сөздерге тереңірек мән берсе чечендер қай халықтың сөзінен де өз тіліне ұқсас әйтеуір бір нәрсені табатынына көзі жетер еді.

"Мен халықтан кешірім сұраймын" - Ия, осыдан дәл екі жыл бұрын, яғни 2013-жылдың 23-қарашасында Алматы қаласында Халық өкілдерінің бірінші Құрылтайы өткізіліп, сол жиында қазақ ұлттының мүддесін қорғау бағытында жұмыс істеуді, ұлтшыл күштердің басын біріктіруді мақсат тұтқан Қазақ Ұлттық Кеңесі құрылған еді.

TENGRINEWS.KZ. "Қазақстанда шетел валютасымен сақталатын депозиттердің үлесі артты" - Қазақстанда шетел валютасымен сақталатын депозиттердің үлесі артты. Бұл туралы Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банктің басшысы Данияр Ақышев мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сарапшылар осы аптада теңге бағамының қандай болатынын айтты" - Бұл аптада теңге бағамында айтарлықтай ауытқушылық болмайды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне сарапшылар айтып берді.

NUR.KZ. «МС Сайлаубекті ұлт үшін отқа түскен Махамбет, Міржақып Дулатовтармен қатар қойғаны дұрыс па?» - Соңғы уақыттары сауықшыл жұрттың назары Атыраудан шыққан Сайлаубекке ауып тұр. “Сайлаубек жайында сөз шығындау ойында болмаған" танымал отандық журналист Нұрлан Жұмахан таяуда әлеуметтік желілерге тарап кеткен постқа бола еріксіз қолына қалам алғанын айтады.

"Премьер триллиондарды игере алмаған әкімдердің шаңын қақты" - Әкімдер жұрттың әлеуметтік жағдайын жақсартуға деп бюджеттен бөлінген қыруар қаржыны биыл да ұсата алмады. Жыл аяқталып қалғанымен қазынаның бір жарым триллион теңгесі әлі сол күйі қозғалмаған. Салдарынан мыңдаған отбасы баспанасыз қалды.

"Қазақстанда жаңа көліктердің бағасы тағы қымбаттауы мүмкін" - Келер жылы көлік бағасы қымбаттауы мүмкін. Қазақстан 95 пайыз импорттық тәуелділіктен арылмай, бұл құбылыстан да құтылмайды. Сондықтан автоөндірушілер одақ құрып, салаға бірігіп инвестиция тартпақ деп хабарлайды Астана арнасы.

"Назарбаевтың қазіргі жағдайға қатысты 9 есте қаларлық сөзі" - Қазақстанның күрделі экономикалық жағдайын талқылауға бағытталған Ақордадағы үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметке біршама ескерту жасады.

AZATTYQ.ORG. "Қырымдықтар жаппай генератор алып жатыр" - Қырымға Украинадан электр қуатын жеткізу қиындады. Соның кесірінен жарық сөніп қалған.

«AzattyqLIVE: «Жас Алаш» соты тәуелсіз баспасөзге қысым ба?» - AzattyqLIVE хабарында «Жас Алаш» газеті мен «Жас-Ай» орталығы жетекшісі Жасан Зекейұлы арасындағы сот дауы және елдегі БАҚ тәуелсіздігі талқыланып жатыр. Хабар қонағы - «Жас Алаш» газеті бас редакторы Рысбек Сәрсенбай.

KAZ.KARAVAN.KZ. «Қазақстанда кәмелет жасқа толмаған жүкті қыздардың көбеюінің себебі неде?» - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің мәліметінше, елімізде 2015 жылдың 1 шілдесінде 2420 кәмелетке толмаған жүкті қыз тіркеліпті. Олардың жасы - 15 пен 18 аралығында.

INFORM.KZ. "Д.Абаев: Бұл - дағдарыстың өзі емес, ортаның түбегейлі өзгеріске түсуі" - АСТАНА. ҚазАқпарат - «Елімізді «қолайлы аймақтан» ығыстыратын экономикадағы күрделі жағдайлар даму мәселесін күн тәртібінен алып тастай алмайды, қайта оның өзектілігін анағұрлым арттыра түседі. Біздің Мемлекет басшысы ұсынған стратегия төңірегіне қаншалықты тез топтаса алатынымыз, табысқа жетуіміз соған байланысты», - деп жазады өзінің «Дамылсыз даму дағдысы» мақаласында. Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы Дәурен Абаев.

AIKYN.KZ. "Қордағы қаржы қайда кетеді?" - Бүгінде зейнетақы қорында қордаланып қалған доллар емес, ұлттық валюта. Бұл ақша банктер, тұрғын-үй құрылысы мен аралас секторларға бағытталатын болады. Яғни теңге қымбат емес, қолжетімді. Сондықтан экономикаға салынатын болады.

"Мәмбет ҚОЙГЕЛДІ, тарих ғылымының докторы, профессор:Тарихи деректерді қорыту үшін уақыт керек" - "10-11 сынып оқушыларына арналған тарих оқулығы авторларының бірімін. Оқулық жазу оп-оңай нәрсе емес".

TURKYSTAN.KZ. "20 миллионға қашан жетеміз?" - Биылғы жылдың 1 қазанындағы Ұлттық экономика министрлігі статистика комитетінің есебі бойынша Қазақстан халқы 17 миллион 608, 22 мың адамды құрап отыр. Ал Мемлекет басшысы өзінің халыққа арнаған Жолдауында 2020 жылы Қазақстан халқының санын 20 миллионға жеткізу туралы меже қойғаны белгілі. Халық санын бұл межеге жеткізу қолымыздан келе ме?

"Қоғамдық ахуалдың оңалмай тұрғанын танытатын кесел" - Жұмыстан шығып, әдеттегідей №65-бағыттағы автобусқа міндім. Кенет көлік ішіндегі сыбыр-күбірді жан ұшыра айғайлаған қыздың ащы даусы сап тыйды. «Телефоным, телефоным…» деп шырылдаған жолаушыға жалт қарастық. Бәріміз жалма-жан қалтамызды тексеріп, өз заттарымыздың амандығына көз жеткіздік. Арамыздан күдіктіні іздеуге кіріскен белсенділер де табылды. Ұрлықтың құрбаны болған қыздың өтініші бойынша кондуктор автобустан ешкімді түсірмей, әр жолаушының қалтасын, сөмкесін тексеріп шықты. Соңғы үлгідегі «Айфон» ұшты-күйлі жоқ

NAMYS.KZ. "Алаш Орда және Түркістан өлкесі: мемлекет үшін күрес" (деректі фильм).

"Суицид: тұрмысты білмеген бала тығырыққа тіреледі" - Тарыс етіп сыртынан жабылған есіктің ішінде үрей қалады. Қандай? «Мынау бірдеңеге ұрынар ма екен?». Ата-ана үрейі. Шығып кеткен баласы. Әлденеге өкпелі, әлденеге ашулы. Себебін біліп болмайсың. Өкінішке қарай, бұл осы күнге көп ата-ананың басындағы жағдай екен. Суицид деген аты жаман дерт жалмап тұр. Әсіресе өрімдей жастарды.

"Отарлау: Әбілқайыр хан қалай алданды?" - 1718 жылы Тәуке дүние салған соң таққа отырған Қайып хан баяғы Ресей тарапынан төніп келе жатқан қауіптің алдын алу мақсатында Тайкөмір Құлтубайұлы бастаған елшілерін атандырып көрді. Елші қазақтар орыстармен тату көрші болуды көздейді дегенді жеткізді. Ресей патшасы елшінің ресми хатын басынан үш айналдырып лақтырып жіберген сияқты… Өйткені, орыс книяздарын жатқызып-тұрғызып, қойша өргізетін күңіреніп күн түбіне жортатын Алтын Орданың дәуірі баяғыда өтіп кеткен заман-тын.

"«Комитет 300». Нақты істер" - Джон Колеманның «Комитет 300» кітабын оқып отырып, әлемдік құпия үкіметтің нақты істерін түсінгендей болдым. Өзіме түртіп алдым. 3000-жылға дейін әлемдегі адам санын 1 миллиардқа дейін азайту керек. Бұл қоғамды масондықтар өздерінің арасында «алтын миллиард» дейді.

"Талғат Мұсабаев шындықты айтты" - "Енді Қазақстанға жерсерік не үшін керек дегенге тоқталайын. Мысалы көптеген елдер өзгенің аппараттарын жалға алады. Яғни, басқару тетігі өзгенің қолында. Алда-жалда бірдеңе болып қалса, өшіріп тастауы мүмкін. Ол дегеніміз байланыс үзіліп, бәрінен айрылып қалады. Сондықтан бұл стратегиялық тапсырма. Еліміздің қауіпсіздігіне қатысты бірден бір жоба" - деді Т.Мұсабаев.

SERKE.ORG. "«Жас алаш» пен «Дат» газетінің айырмашылығы бар ма?" - «Жас-Ай» медицина орталығының жетекшісі Жасан Зекейұлының талап арызы бойынша сот шешімімен «Жас Алаш» газетіне салынған айыппұл басылымның жабылып қалуына апарады ма? Сотқа арызданған Жасан Зекейұлының артында кім тұр, оны айтақтап отырған билік пе? «Жас алаш» газеті төңірегінде дау жұрттың көңілінде осындай сұрақтар туғызды. Бұған жауап алу үшін қазақ баспасөзі тарихына тереңдеп, өткен ғасырдың соңында болған осыған ұқсас оқиғаны еске ала отырып, оны қазіргі жағдаймен салыстыруды жөн көрдік.

QAMSHY.KZ. "Кинотеатрлардың қожайындарын кім тайраңдатып қойды?" - Мамыр айында тұсаукесері өткен, қалың жұртшылық жылы қабылдаған «Құнанбай» фильмінің прокатқа шығуы біраз дауға ұласты. Тұсаукесер өте салысымен фильмнің отандық кинотеатрлардағы көрсетілімі күзде басталады деген хабар тарады. Уәде етілген қыркүйек туысымен көрсетілім қазанға, қазан болғанда қарашаға шегеріліп, аяғында қазақстандық кинотеатрлар бұл фильмді көрсетуден бас тарта бастаған. Қоғамда бұл жағдай үлкен шу туғызып, көпшіліктің наразылығына тап болды.

ULT.KZ. "Херсондағы жарылыс немесе «Қырымның қырық қасіретіІ»" - Херсон облысындағы екі электр желісі үзілгендіктен, Украина Қырымға электр қуатын беруді тоқтатты. Содан бері Ресей аннексиялаған аймақтың бір жарым миллион тұрғыны жарықсыз отыр. Қырымның басшысы Сергей Аксенов электр бағандарының қиратылуын «теракт» деп атады. Бұл оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Аймақта төтенше жағдай жарияланып, қызметкерлерге жұмыстан демалыс берілді. Қалалардың су, кәріз, жылыту және байланыс жүйелері кідіріспен жұмыс істеп жатыр. Жанармай бекеттері мен банкоматтарда ұзақ-сонар кезек. Украина үкіметі қарашаның 23-інен бастап Қырыммен арадағы теміржолдағы жүк тасымалын тоқтатты.

"Ешкімге қатысы жоқ қарапайым мұсылман. Ол кім?" - Бүгінде мұсылмандар әртүрлі атауды айдар етіп алған топтардың жетегінде кетіп, өзінің имандас, қағбалас бауырларына мейірімді болуды былай қойғанда, аяғынан шалып орға жығуға дайын тұратын жағдайға жетіп отыр. Себебі, ол оның қаншалықты діндес, қандас бауыры болса да, топтасы емес. Ақидасы мен арман мақсаты бір бауыры емес. Әңгіменің ауаны қайда екенін нақты білу үшін бірнеше мысалдарға тоқталып өтейік.

24 қараша 2015, 10:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.