Атырау, 19 желтоқсан 22:49
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қазақстандық шенеуніктер дағдарыс кезінде миллиондаған қаражатқа көлік пен қымбат кілемдер сатып алуда". "Қайрат Сатыбалдыұлының өсу жолдары". "Аспан асты еліне ат ойнатқан Оспан батыр". "Билік қазақ басылымдарына қашан сұхбат береді?".

3 158 просмотра

TENGRINEWS.KZ. ""11 қыркүйек" оқиғасынан аман қалған америкалық Париждегі қырғынға да тап болған" - Америкалық ер адам 2001 жылғы 11 қыркүйекте болған террорлық шабуылдар кезінде, содан кейін таяуда Парижде болған терактілер кезінде аман қалған, - деп хабарлайды The Telegraph. 32 жастағы ер адам өзінің адам сенгісіз оқиғасы жайлы "Батаклан" театрынан шыққаннан кейін тілшілерге айтып берген.

NUR.KZ. "Қазақстандық шенеуніктер дағдарыс кезінде миллиондаған қаражатқа көлік пен қымбат кілемдер сатып алуда" - Қазақстанда шенеуніктер дағдарысқа қарамастан, миллиондаған қаражатқа көліктер мен қымбат кілемдерге тапсырыс беруде.

AZATTYQ.ORG. "Қайрат Сатыбалдыұлының өсу жолдары" - Президент Назарбаевтың немере інісі, бұған дейін ҰҚК-дегі және саясаттағы қызметімен белгілі Қайрат Сатыбалдыұлының есімі енді банк саласына қатысты жаңалықта да айтылды.

"Қожағапановты Назарбаевтың форумға қатыспағаны қынжылтты" - Астанадағы футбол форумы Қазақстан футбол федерациясының қазіргі жетекшісі Ерлан Қожағапановқа қолдау білдірді. Ал оның оппоненті Айсұлтан Назарбаев бұл орынға келу ниетінен қайтпаған сыңайлы.

ABAI.KZ. "Астанада лаңкестік оқиға бола жаздағаны рас па?" - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Елордада терракті жасамақ болған лаңкетік ұйымның құрықталғанын хабарлаған еді. Бұл ақпаратты Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мырза растады. Бұл туралы nur.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды.

"Жалған компания арқылы 6 млн доллар инвестицияланған" - Қарағанды облыстық сотында «Ахметов ісі» бойынша сотталушылардың «Көліктік-логистикалық кешен» ЖШС-мен байланысты эпизод бойынша сотта жауап беруі жалғасуда. 19 қарашадағы сот отырысында сотталушылардың бірі, Премьер-Министр кеңсесі жетекшісінің бұрынғы орынбасары Ғабит Матаев өзінің құқын пайдаланып, түсінік беруден бас тартты. Мұндай жағдайда сотталушының сотқа дейінгі тергеу кезінде берген жауаптары жарияланады.

"Әбілқайыр ханды қаралауды тоқтататын мезгіл жетті" - Әбілқайыр Мұхамбет Қазы баһадүр хан 200 жылға созылған Жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізілген Отан соғысының шешуші айқастарына Бас қолбасшылық жасап жеңіспен қорытындылады. Еліміздің Батыс шекарасын Патшалық Ресейден жанын сала қорғап, көзінің тірісінде басқыншыларды қазақ жеріне кіргізбеді.

"Үкімет үшін кедейлер дегеніміз кімдер?" - Қазақстанда тапқа немесе деңгейге бөліп қарауға болмайда дейміз-ау. Бірақ, соның (жоғарғы тап, орта тап, төменгі тап) бар екенін бәріміз білеміз ғой. Тек мойындағымыз келмейді. Иә, мен байлар мен кедейлердің арасындағы айырмашылық туралы сөз еткелі отырмын. Биліктің биігіндегі дәлізде жүрген көп лауазымды басшылардың жақын туыстары Қазақстандағы, «Қазақстандағы» дейміз-ау әлемдегі ең бай адамдардың қатарына қосылып жатқандары аз емес. Бұл туралы nur.kz сайты жазады

SERKE.ORG. "Түске Президент кірсе оны қалай жоримыз?" - Адамның басынан өтетiн ең жұмбақ тылсымның бiрi – түс. Түс көрмейтiн адам жоқ, бiрақ соған мән берiп жататындар сирек. Таяуда бiздiң редакциямызға Жақсылық Құлқаев есiмдi азамат келдi. Жасы 50-дiң шамасындағы бұл кiсiнiң айтуынша, ол аса жиi түс көредi және олары ерекше болып келедi екен. Ж.Құлқаев соңғы үш-төрт жылдан берi түсiмде тек Нұрсұлтан Назарбаевты ғана көретiн болдым дейдi.

BNEWS.KZ. "Аборигендер жаппай Ислам дінін қабылдап жатыр" - Жаңа Зеландия елінде жылдан жылға ислам дінін қабылдаушылардың қатары артып келеді. Әсіресе, оның ішінде мұсылман болуға ынтық аборигендер де баршылық, деп хабарлайды BNews.kz.

AIKYN.KZ. "Сыбайлас жемқорлықты түйсіну индексінің әдіснамасы әзірленеді" - «Нұр Отан» партиясында өткен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негізі мен практикасы: Ұлттық және халықаралық тәжірибе» атты жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негіздері талқыланды.

"Балаларды тәрбиелеу ісіне мемлекеттің де араласқаны жөн" - Егер қандай да бір адам өз перзентін радикалды ағымдарға икемдеп жатса, ол отбасының бала тәрбиелеу ісіне мемлекет араласуы қажет.

ALASHAINASY.KZ. "Аспан асты еліне ат ойнатқан Оспан батыр" - Ортасы ойылып, ордасы бұзылмаған қалың қазақ жұртына жиырмасыншы ғасыр ала келген Қазан төңкерісі отамалы оқтай әсер етті. Таған тартқан жаңа Кеңес өкіметінің айперен әмірі мен қалыпқа сыймайтын қағидасы ұлан даланы еркін жайлаған көшпелі елдің көшелі жұртының барақат өміріне тұсау салып, дәмді дәстүр, сарқынды салтынан айырды. Қара қазан, сары баланың қамы үшін атқа қонған қалың жұрттың алды сеңдей сөгіліп, селдей төгіліп, атажұртын тастап ауа көшті. Қайта айналып келмейтін барақат өмірден енді барқадар таппасын сезінген елге жаңа өкіметтің тақияға тас тастағандай етіп айтқан өктем өкімі мен қорадағы малына, қосақтағы жанына ауыз сала бастауы тікендей қадалып, топ құрап, топар сайлауға еріксіз мәжбүрледі. Бөрте бесікке бөленген баласын ат арқасына артып үдере көшкен елдің алды Алатау асып, аспан асты еліне табан тіреген.(Суретте: қытайлар Оспан батырды атуға апара жатқан сәті)

EGEMEN.KZ. "Геологиялық-барлау жұмыстарына қаржыны шектемейік" - Оған жұмсалған әр теңге еселеп қайтады. Қазақстан Республикасы Үкі­метінің 2014 жылғы 28 маусымдағы №728 қаулысымен бекі­тілген Өңір­лерді дамытудың 2020 жыл­ғы дейінгі бағдарламасының іс-шаралар жоспарын іске асыру мақ­сатында Қазақстанда пайдалы қазбалардың перспективалы кен орындарын анықтауға және еліміздің минералдық-шикізаттық базасын арттыруға бағытталған геологиялық-барлау жұмыстары бас­талды.

"Бір теңгемен тендер ұтып алды" - Қарақыстақ ауылындағы балабақшаны салу нысаны бойын­ша «АДС Элит Строй» ЖШС тендер сомасын 1 теңге 12 тиынға дейін төмендетіп, жеңімпаз атанған. Дәл осылайша «Ертөстік» балабақшасындағы құрылыстар бойынша жеке кәсіпкер Л.Исаев соманы 2,0 теңгеге, ал, «Арайдағы» атқарылуы тиіс жұмыстар бойынша жеке кәсіпкер Э. Үсенов 0 теңге 01 тиынға дейін түсіріп, конкурста мерейлері үстем болған. Аудандық әкімдік амал жоқ, дәл осы кәсіпкерлермен келісімшартқа отыруға мәжбүр.

"Денсаулық саласының деңгейі көтерілмек" - «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы еліміздің денсаулық сақтау жүйесін 2050 жылға дейін жоспарлы түрде дамытудың негізі болады.

JAQSY.KZ. "Тыңдашы, Париж..." - Алаулаған-жалаулаған ағайын! Мүмкін, енді аватарымызды мынаған ауыстырармыз, ә? Неге дейсіз бе? Себебі, сан жағынан менікі дұрыс, бірақ саяси сауаттылық жағынан - менікі бұрыс... Париж нені түсінуі қажет?

BAQ.KZ. "Еуропа Одағымен ынтымақтастықты дамытуда визалық режимді жеңілдету маңызды А.Волков" - Астана. 20 қараша. BAQ.kz – Еуропа Одағымен ынтымақтастықты дамытуда визалық режимді жеңілдету маңызды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінде Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алексей Волков мәлімдеді,

ANATILI.KAZGAZETA.KZ. "Ғаріп жанның өлгенге дейінгі бес күйі" - Мұсылман жұрты «соңғы демің үзілерде тіліңді кәлимаға келтірсең, шыбын жаның сөзсіз пейішке барады» деп сенеді. Себебі, хадисте солай делінген. Айтқанға оңай болғанымен, шын өмірде кәлима айтып, жан тапсыру оңай емес. Себебі, пенде пақыр шалқып тұрған шағында соңғы секундтар туралы толғана бермейді. Басқаны былай қойғанда, дайындыққа қаратпайтын аяқасты апаттар да көбейді қазір.

KAZ.KARAVAN.KZ. "Дағдарыс қазақстандықтарды базар аралатып жіберді" - Экономикалық дағдарыстың салдарынан базарлар қайта көбейіп келеді. Көптеген қазақстандықтар үшін азық-түлік, киім-кешек базары қажеттілігін алатын, қолжетімді жалғыз орын болуы мүмкін. Мемлекетіміздің бөлшектік саудасы төмендей бастады. Теңге бағамының күрт төмендеуі премиум-класс дүкендеріндегі сауданың азаюына әкелді. Бұған басты мысал, «Рамстор» дүкендер желісі Алматы аудандарындағы бірден екі дүкенін жапты. Green дүкендер желісі де бір дүкенін жауып тастады. Сауда орталықтарындағы көптеген қымбат фирмалық дүкендер жабылып жатыр.

QAMSHY.KZ. "Кері кетіп барамыз" - «Әр жердің салты басқа, иттері қара қасқа» демекші (қазақ мақалын аздап өзгерткенім үшін ағайындар айып етпес деп үміттенемін), қызмет жайымен Алматыдан Астанаға ауысқаныма биыл үшінші жыл болса да, өз басым әлі үйрене алмай жүрмін. Кім біледі, «Кәрі орыс мұсылман болмайды» дегендей, әлде шынымен қартая бастадық па?!

DALANEWS.KZ. "Билік қазақ басылымдарына қашан сұхбат береді?" - Ешқашан. Осы күнге дейін Мәсімовтің, Есімовтің, Исекешовтің немесе Келімбетовтің (жалпы басқаларының да) қазақ басылымдарына сұхбат бергенін, қазақ журналистерімен емін-еркін отырып әңгімелескенін – естімеппіз және көрмеппіз. Иә, түсінікті, олар қазақша сөйлей алмайды (немесе сөйлегісі келмейді). Бірақ бұл себеп емес, сылтау ғана.


23 қараша 2015, 11:22

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.