NUR.KZ. "Алматы шетінде қоқыстан тұрғызған жапаларда өмір сүріп жатқан 500 адам табылды" - Бұрын-соңды «Қарға адам» дегенді естігеніңіз бар ма? Бізге де бұл атау аса ұнай қоймады. Сондықтан да жағымсыз лақап атты арқалап жүргендердің кім екенін білу мақсатында біраз жерді шарлап, сол азаматтардың өздерімен танысып көрдік.
"Ұлттық банк төрағасы жинақты шетелдік валютадан гөрі, теңгемен сақтаған дұрыс екенін айтты" - Жинақты шетелдік валютадан гөрі теңгемен сақтаған тиімді. Бұл туралы бүгін президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.
AZATTYQ.ORG. "Биліктегілердің бизнес-империялары" - Қазақстанның жоғары лауазымды басшыларының жақын туыстарының арасында елдегі ең бай адамдарға айналғандары көп. Мұны ашық дереккөздерден алынған мәліметтерден көруге болады.
"Шаруалар малдың пайдасынан шығыны көбін айтады" - Оңтүстік Қазақстан облысында мал өсіретін шаруалар ет пен сүт сатудан еш пайда көре алмай жатырмыз деп наразы. Шаруалардың сөзін қуаттаған жергілікті билік оның бірнеше себебі барын айтады.
"Мүгедек жастар фестивалі пандусы жоқ ғимаратта өтті" - Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық фестивалі ондай азаматтарды қоғамға бейімдеуді көздейді. Бірақ шараға қатысқандар қоғамнан бәрібір оңашаланып қалғандарын айтады.
"Ташкент «террормен күресті» күшейтті" - Бүкіл әлемді экстремизм үрейі жаулаған осы күндері Өзбекстан басшылығы өз аумағында террорлық шабуылдардың алдын алуға шындап кіріскен сыңайлы. Бұл елден келіп жатқан ақпараттарға қарағанда, қазан айының соңынан бері Ташкент маңайындағы аудандарда 160-қа жуық адам тұтқындалған.
ABAI.KZ. "Араб дәстүршілдігі қазақты қайда апарады?" - Қазіргі күні қазақ халқының дәстүрлі діні ретінде «араб дәстүршілдігі» уағыздалып келеді. Әрі бұл жол қазақ халқының дәстүрлі діни танымының негізі ретінде және бірден бір дұрыс жол ретінде көрсетілуде. Әсіресе, әруақ пен әулиеге қатысты қалыптасқан «Аллаға серік қосу» мәселесі өзін дінге сенемін, мұсылманмын дейтін жастардың көпшілігінің санасын жаулап үлгерді.
"Ширек ғасырдан бері таныс шенділермен қоштасамыз" - "Мемлекеттік қызмет" туралы заңға вето қойған президент Назарбаев: «25 жыл бойы саясат сахнасында жүрген шенділермен қоштасуымыз» керек деді. Зейнетке шықса да, жылы орнын босатқысы келмейтін, жасы келген саяси тұлғаларды ертерек кетіруді ұсынды деп хабарлайды «31» арнаның жаңалықтар қызметі. Демек, президенттің пәрмені бойынша мына төмендегі адамдар Сенат пен Мәжілістегі мандаттарын тапсырып, келесі сайлауға қатыспауы керек сияқты.
"Білесіз бе, «ВКонтакте» балаңызды «бұзып» бітті?!" - Елу миллиондық аудиторияны жаулап алу үшін радиоға 38, телеарнаға 13 жыл қажет болса, ғаламтор аталған межені төрт-ақ сағатта бағындырады екен. Біз болсақ, балақайларымыздың төрт-ақ сағатта дүниені дүрбелеңге салып, асты-үстіне түсіретін сол ғаламторды игергеніне мәзбіз. Олар өрмекшінің торындай шырмалған интернеттен нені тамашалап, нені көріп жүр? Осы сұраққа жауап іздеймін деп, жаға ұстатарлық жағдаятқа тап болдым...
"Діни басқарманы неге сынаймыз?" - Адам жандүниесінің негізгі тірегі дін екені ақиқат. Әрбір пенденің өмірге келгеннен кеткенге дейінгі арқа сүйеп, ішкі жан дүниесі рахат сезімге бөлеп, рухын шат қылып, тыныштандыратын оның діні. Дін қай қоғамда да өздігінен проблема болмайды. Ол тек саясаттың болмаса белгілі бір топтың жеке мақсат-мүддесін іске асыру, немесе оның табиғатын терең ұғынбай, қасаң қағидалық шартты ұғымдардың аясынан шыға алмаған жағдайларда ғана дін мәселесі қоғамдық дертке айнала бастайды. Кезінде Карл Маркстың дін апиын деп айтуы осы жағдайлардың салдарынан болса керек.
"2016 жылы қазақ даласында киік қалмайды" - Сарапшылардың айтуынша, 2016 жылы ақбөкендер қазақ даласынан мүлде жойылып кетеді. 2014 жылдың басында Қазақстандағы ақбөкендердің саны 256,7 мыңнын үстінде болған. Бүгінде бөкендердің саны бар-жоғы 31 мыңнан аспайды. Бұл туралы 365info.kz сайты жазады.
INFORM.KZ. "«Құнанбай» фильмі неге прокатқа шықпай қалды?" - АСТАНА. ҚазАқпарат - Халқымыздың ұлы ақыны, кемеңгер Абайдың әкесі, туралы «Құнанбай» кинокартинасы осы жылдың көктемінде прокатқа шығады деп күтілген. Бірақ, белгісіз себептерге байланысты қараша айына шегерілді. Оған себеп, «Құнанбай» фильмін еліміздің кинотеатрлары көрсетуден бас тартып отырған көрінеді, деп хабарлады baistars.kz.
SERKE.ORG. "Алматы әкімдігі мен БТА банктің Нью-Йоркте бизнесі бар" - Алматы әкімдігі мен БТА банк аяқасты Нью-Йорк қаласының іскерлік орталығы Манхэттендегі Flatotel қонақүйінің үлескері болып шыға келді. Қонақүйдің екінші қожайыны америкалық кәсіпкер Джозеф Четрит. Қазір қонақүйді көп пәтерлі тұрғын үйге айналдыру бойынша құрылыс жұмыстары жасалып жатыр. Оның құны 150 миллион долларға бағаланады, ал Алматы әкімдігі мен БТА соның жартысын иеленеді.
AIKYN.KZ. "Есет батыр британ тыңшысын қалай құрықтады?" - Орыста Егор Ковалевский (1811-1868) деген жазушы өткен. Өзі саяхатшы, өзі дипломат. Заманында Ковалевский Шоқан Уәлихановпен сырлас дос болыпты.
"Жаңғыру жақсарта ма?" - «G20» дөкейлерінің Анталиядағы жиынының күн тәртібіне үлкен өзгеріс енгізілді. Өйткені осының алдында ғана Парижді қанды қырғынға ұшыратқан лаңкестер әрекеті дүниежүзіндегі есі дұрыс адамдардың барлығының жанын түршіктірген бір оқиға болды.
ZHASALASH.KZ. "Терактiлердiң арты дүниежүзiлiк соғысқа әкеп соқтырмай ма?" - Сонымен, “Қоғалымавиаға" тиесiлi Airbus A321 ұшағының апатын Ресей теракт деп таныды. Шарм-эш-Шейхтен Санкт-Петербургке бет алған ұшақтың бортында жарылыс болған. Ресей президентi Владимир Путин арнайы қызметке “терактiлерге жауаптыларды тауып, жазалауды" тапсырды. Ресейлiк ұшақтың жарылысы, Франциядағы терактiлер Сириядағы соғыстың жаңа кезеңiне әкеп соқтырмақ.
"Азаматтық қоғамға қарсы қуғын-сүргiн тоқтатылуы тиiс!" - Соңғы уақытта елiмiздi 1937-шi жылдың елесi кезiп жүрген сияқты күн кешудемiз. Билiк дағдарыс кезiнде шынайы демократияны орнатып, азаматтардың құқықтарын қорғайтын және дамытатын қадамдарға барудың орнына, керiсiнше, авторитарлық, өзiмшiл тәсiлдерге бой алдырып келедi.
"«Нұрмен төпелеудiң» төркiнi немесе Есiмовтiң ұсынысы несiмен ұнады?" - Бiз де қызықпыз негiзi. ЭКСПО өткiземiз деп құры далиып жүре берiппiз. Ең құрса, көрменiң басты нысаны саналатын домалақ ғимаратқа ат қоюды да ойламаппыз. Соның кесiрi мiне, Ахметжан Есiмовтiң иығына салмақ болып түстi. Бiрақ Ахаң ақылды жiгiт қой, қиыннан жол тауып кеттi. Оның орнында басқа бiреу болса, қайдағыны айтып, президенттен ұрыс естiп қалуы мүмкiн едi. Ал Ахметжан өйткен жоқ. “Бұдан артығын тапсаң, өзiң бiл" дегендей кеудесiн нық ұстап тұрып үш нұсқаны қатар атады. Қайсысын таңдаса да, тақиясына тар емес. Өйткенi үшеуiнiң iшiнде де “нұр" жүр...
TURKYSTAN.KZ. "Жиырманың жиыны: түйін қандай?" - Түркияның Белек курорттық қаласында (Анталья провинциясы) 15-16 қараша күндері «Үлкен жиырмалық» (G20) саммиті өтті. Франция президенті Франсуа Олландтан басқа «үлкен жиырмалық» елдерінің көшбасшылары түгел қатысқан жиын бұл жолы дәстүрдегіден өзгеше болды. Париждегі терактілерге байланысты алдын ала жоспарланған ойын-сауық шаралары шегерілді. Сондай-ақ, саммит төрағасы – Түркияның ұсынысымен экономикалық мәселелер қаралатын басқосудың күн тәртібіне алғаш рет терроризмге қарсы бірлескен күрес және босқындар проблемасының гуманитарлық мәселелерін талқылау енгізілді.
QAMSHY.KZ. "Арыстанбектің басы бақыттан айналып жүр" - Саясаттанушылар мен білікті сарапшылар билік пен қараша халықтың арасы алшақтап кеткенін жиі айтады. Шынында да қарапайым халықтың билікте, ал биліктің халықта шаруасы жоқ. Мұны, күні кеше, Үкімет мүшелерімен кездескен мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевта айтты. Президенттің ойынша атқамінерлер дағдарыс пен қымбатшылық туралы елге қарапайым тілмен, дұрыстап түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек. Алайда, бақытты басшылар бақытсыз халқының тағдырына бас қатырып отырған жоқ.