TENGRINEWS.KZ. "Қазақстанның ұлттық компанияларында қысқартулар мен біріктірулер болуы мүмкін" - Қазақстанның Ұлттық компанияларында қысқартулар мен біріктірулер болуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Ақордада Президенттің қатысуымен үкіметтің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
NUR.KZ. "Ақышев: Егер мұнай бағасы барреліне 40 доллардан төмендейтін болса, онда бағам түзетіледі" - Мұнай бағасы 40 доллардан төмендесе, теңге бағамына түзету енгізіледі. Бұл туралы Ақордада елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.
"Назарбаев: Бізде қайда барсаң да елшілер немен айналысатынын білмейді" - Қазақстанның мүддесі бар елде ғана Елшілік қажет. Бұл туралы Ақордада өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
AZATTYQ.ORG. "Төлетаеваның бостандықтағы бір жылы" - Түрмедегі жазасының жалғасын шартты түрде бостандықта өтеп жүрген Жаңаөзендегі ереуіл белсендісі Роза Төлетаева күйзелісін дәрімен басып жүргенін айтады. Оның әлі өтеуге тиісті бір жылы бар.
"Мемлекеттің БАҚ-ты қаржыландыруы жөн бе?" - Ақпарат құралдарына бюджет есебінен қаржы бөлуге қатысты түрлі пікір айтылады. Бірақ депутаттар мен сарапшылар бас қосқан жиында мұны сынағандар басым болды.
ABAI.KZ. "«Қатын» деген сөзден неге қашамыз?" - Кеңес Одағы орнап, коммунистер билікке келгеннен соң: «Байлар – кеңес үкіметінің жауы. Оның қатындары да жау» деп «бай»,«қатын» деген сөзге қарғыс айтылды. Әсіресе, мектеп, ЖОО ұстаздары: «Бай-манаптардың қолданған сөзін қолданбаймыз, жаңа заман құрып, жаңа сөздер ойлап табамыз» деп өскелең ұрпақты қазақтың асыл қасиеттерінен бездіріп топастандырып жіберді.
"Осы біз кімдерді темір торға тоғытып жүрміз?" - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі азаматтық сектор өкілдерімен бірлесіп сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері бойынша ашық келісімге келу жобасын дайындады. Келісімнің мақсаттары мен міндеттерін терістей алмаймыз. Тек «медальдың екінші жағына» үңілуді дұрыс көрдік.
"Эстония Ресейді жер шарынан алып тастады" - Жақында Эстония Республикасында Халықаралық масштабтағы дау тудырған, мектеп жасындағы балаларға арналған жаңа жер шарының шағын макеті (глобус) саудаға шығарылды. Бұл жер шары макетінің өзгелерден ерекшелігі – онда Ресей Федерациясы бейнеленбеген. Дәлірек айтсақ, Ресей Федерациясының аумағында Тынық мұхиты орын тепкен. Бұл туралы украиналық «Пресса Украины» сайты жазады.
"Шөкеевті тыңдамайды. Неге тыңдамайды?.." - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев Назарбаевтан өзіне одан да жоғары билік беруін сұрады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
SERKE.ORG. "Әділдікті ту етіп, ғылымды серік қылған жазушы" - Бүгін Алматыдағы Достық үйінде «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы және Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының бірлесуімен жазушы, публицист, ғалым Бейбіт Орынбекұлы Қойшыбаев шығармашылығы жөнінде «Зиялылық – заман сұранысы» атты ғылыми-теориялық конференция өтті. Конференция барысында Бейбіт Қойшыбаевтың көркем шығармашылығы; оның тарихтағы «ақтаңдақтарды» ашуға қатысуы; публицистикасы; «Әділет» тарихи-ағарту қоғамындағы қызметі, сондай-ақ зиялы қауым, тұлғалар және олардың қоғамның дамуындағы рөлі қарастырылады.
SHYN.KZ. "Акцизді қымбаттату бюджетке тиімді болмайды-ау" - Доллар бағамының қымбаттауы барлық бағаны қайта қарауға мәжбүрлеуде. Енді бензин бағасы да көтерілмек. Оның алдында Үкімет бюджеттік түсімдерді арттыру үшін жанармайға төленетін акциздің мөлшерін екі есеге көтерген еді.
NEWSKAZ.KZ. "Досаев: Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 1 пайызды құрады" - Қабылданған инфрақұрылымдық дамудың «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасының арқасында және 2015-2016 жылдарға арналған Үкіметтің шұғыл шаралары жоспары аясында Қазақстан экономикасының 10 айдағы өсімі 1 пайызды құрады.
BNEWS.KZ. "Соңғы екі жылда Қазақстанда fashion-индустрия қарқынды дамып келеді – Д.Абдуллина" - Соңғы екі жылда Қазақстанда fashion-индустрия саласы қарқынды дамып келеді. Бұл жөнінде бүгін Астанада дизайнер, стилист, fashion-байер және сән әлемі өкілдерінің бас қосуы аясында BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында «SAMIDEL'» брендінің негізін қалаушсы, сәнгер Динара Абдуллина мәлімдеді.
"Министрлер мен ұлттық компания басшылары сауалдарға онлайн-режимде жауап береді" - Қазақстандықтар онлайн режимде министрлер мен ұлттық компания басшыларына тікелей сауалдарын жолдай алады. BNews.kz-тің «Қоғамдық қабылдауы» негізінде «Министрге сауалыңды жолда» атты арнайы жоба іске қосылды. Жоба арқылы еліміздің әр тұрғыны көкейінде жүрген сұрақтарға жауап алып, ұсыныстарын жолдай алатын болады.
AIKYN.KZ. "Үкімет бір доллардың құнын 300 теңге көлемінде бекітті" - Осы бағам еліміздің алдағы үш жылғы басты қаржылық құжатына жазылып отыр. Бұл туралы кеше Мәжілісте Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев хабарлады.
"Жұрт неге әлеуметтік желіге тәуелді?" - Бүгінгі телевидение неге әлеуметтік желіге тәуелді боп алды? Тақырып тар ма, әлде ақпараттық жеделдік байқалмай ма? Бұл мәселе бойынша әлеуметтік сауалнама жүргізіп, көпшіліктің пікірін де білген жөн шығар. Университеттегі студенттерге «қандай телеарна, онда қандай бағдарлама, қай жүргізушіні қарайсыңдар?» деген сұраққа бір ауыздан «телеарна қарамаймыз, ауылдағылар көреді» деген жауап аламын. Осы сияқты жауапты айналамдағы адамдардан да жиі естимін. Телевидение маманы бола тұра, арнайы уақыт бөліп телеарна қарамағалы бір жылға жуық уақыт болды.
EGEMEN.KZ. "Дін мен дін еместі ажырату үшін руханилыққа жақын болмыс қажет" - Мәдениет және спорт министрлігі Дін істері комитеті Дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр ӘБДІРӘСІЛҚЫЗЫМЕН әңгіме.
"Көрмеге арналған келелі кеңес" - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне дайындық мәселелері жөнінде кеңес өткізді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
ALASHAINASY.KZ. "Назарбаев: Егер бізде жөні дұрыс қаржы министрі болғанда, ол әрбір тиынды бақылап отырар еді" - Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың жұмысын сынға алып, оның орнына Болат Жәмішевті тағайындаған дұрыс болатынын мәлімдеді.
ZHASALASH.KZ. "Парижбен бiрге күңiренген күн" - Кешкi сағат 21:20-да Stade de France стадионында Германия мен Франция ұлттық құрамаларының арасында жолдастық кездесу өтiп жатқан сәтте D есiгiне қарама-қарсы Сен-Денидегi Жюль Римэ көшесiнде алғашқы жарылыс болды. Оқиға орнында екi адам қаза тапты. Олардың бiрi – шахид белдiгiн тағып, өзiн-өзi жарып жiберген лаңкес. Бiрнеше минуттан кейiн 21:25-те Алибер мен Биш көшелерiнiң қиылысында, Париждiң 10-округiндегi “Карийон" және “Шағын Камбоджа" мейрамханасындағы жұртқа шабуыл жасалып, Калашников автоматынан оқ атылды. Бұл оқиға кезiнде 15 адам қаза тауып, 10 адам жараланды.
"«Әй, Асылжанды шақырыңдаршы, нан турап берсiн!»" - Экономиканың нелiктен керi кетiп бара жатқаны ендi белгiлi болды. Қайта үкiметке рақмет, “бiздiң халық нансоғар екен" десе, талай қазақ жеп отырған талқанына қақалып қалуы мүмкiн едi. Мiне, соны ескерген ел басшылары жұрттың жүрегiне тимейтiндей “жылы-жылы" сөздер айтып жатыр. Әсiресе “арзан нанға байлар да ортақ" дейтiн Асылжан Мамытбековтiң пiкiрi қандай жағымды! “Нанды турап, бөлшектеп сатқан жөн" дейдi оның орынбасары жаңалық ашып. Бұл да дұрыс. Бiрақ нанды кiм турайды, қандай қалыңдықта турайды, ол қаншадан сатылады? Мiне, осы жағы жұмбақ болып тұр.