Атырау, 19 желтоқсан 22:41
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Париждегі терактілер: Бұл не және соңы не болмақ? Қазақстандық саясаттанушының көзқарасы". "Қазақстандағы діни ахуал және ИМ". "Әкім-қаралар Сталиннің бұйрығын әлі орындап жүр ме?". "Қазақстан түркі-мұсылман мемлекетіне айналады".

3 547 просмотра

TENGRINEWS.KZ. "Париждегі терактілер: Бұл не және соңы не болмақ? Қазақстандық саясаттанушының көзқарасы" - Өткен сенбі-жексенбіде Facebook желісінің қолданушылары Париждегі террорлық шабуылдардан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айту ретінде өз суреттерін француз туының түсіне бояғандар мен Париждегі қайғылы оқиғаға ғана уайымдамай, басқа елдердегі осыған ұқсас оқиғаларға да назар аудару керек деп есептейтіндердің қарсылығын байқады.

NUR.KZ. "Ахметжан Есімовтің оң қолы мен орынбасарлары қазір қайда жүр?" - Лауазым иесі қызмет ауыстырғанда онымен бірге жанындағы командасының да үдере көшуіне тыйым салынғаны жайлы талай рет айтылды. Бірақ, бұл талапқа құлақ асатындар да, құлақ аспайтындар да бар.

AZATTYQ.ORG. "«Белсенділерді дәл қазіргідей қуғындауды көрмеппін»" - Қарашаның басында Дублинде Front Line Defenders ұйымы өткізген конференцияға әлемнің 80-нен астам елінен өкілдер жиналды. Азаттық осы жиынға Қазақстаннан барған құқық қорғаушымен сұхбаттасты.

"Қостанайлық заңгер «жала жапты» деп айыптамауды талап етті" - «Судьяға жала жапты» деп айыпталған қостанайлық заңгер Болат Байтьяков үкімнің күшін жоюды талап етіп, кассациялық алқаға жүгінген. Халықаралық заңгерлер комиссиясы заңгерге араша түсті.

"Бұрынғы әкім «Ахметовке жала жабуға мәжбүрледі» дейді" - Жемқорлық қылмыс айыбымен Қарағандыда сотқа тартылған бұрынғы жоғары лауазымды шенеунік Бауыржан Әбдішев «тергеушілер жалған түсінік беруге көндіру үшін қысым көрсетті» деп мәлімдеді.

"Қазақстандағы діни ахуал және ИМ" - Ресми дерек бойынша 300 қазақстандық Ирак пен Сирияда «Ислам мемлекеті» содырлары сапында соғысып жүр. Қырғызстан Сириядағы содырларға қосылған азаматтарының 500-ге жеткенін мәлімдеді. Душанбе елге оралғандарға рақымшылық жариялап жатыр. Қазақстанға бұл террорлық ұйымнан қандай қауіп бар?

ABAI.KZ. "Қоңыров нені қоңырсытып жүр?" - Елдегі әлеуметтік және экономикалық қиындықтарға байланысты Мәсімов мырза жетекшілік ететін Қазақстан үкіметі жақын арада күнделікті тұтынатын азық-түлік тауарларына талондар енгізуі мүмкін. Бұл туралы «Караван» газеті жазады.

"Әкім-қаралар Сталиннің бұйрығын әлі орындап жүр ме?" - Қараша түсіп, қаз қайтысымен ормандай орыстан бұрын Қазақстанда жаңа жылға дайындық басталып кетеді. Биыл да соның нышаны байқалады. Өткенде жаздық. Бірінші болып бұл бастаманы Астанадағы «Керуен» сауда орталығы қолға алыпты.

"Париждегі лаңкестіктің артында кім тұр?" - Париждегі ланкестікті «Ислам мемлекеті» содырлары «біз жасадық» деп мойындарына алғанымен, әлемдік саясаткерлер мен журналистер «бұл қанды қырғынның артында кімдер тұр?» деген сұраққа жауап іздеп жатыр.

"Мұнайдың үстінде отырып "қасық жалайтын" болдық немесе бензин бағасы екі есеге қымбаттайды" - 5-қарашадан бастап Қазақстанда жанармай акциздерінің бағасы екі есеге қымбаттайды. Қазіргі таңда бензин және дизель жағармайының көтерме айналымдағы бағасы 10,5 мың теңгені құрайды. Бұл туралыCaravan.kz сайты жазады.

"Мектептегі жемқорлық бізді "мәңгүрт ел" етеді" - Бұдан 13 жыл бұрын «Азат» газетіне бірінші «Жемқорлықтың көкесі мектепте» деген мақаладан кейін, пәре, ақша жинау асқынып, оның соңы білім сапасының төмендеуіне, директордың озбырлығына қарсы шыққан білікті, өз ой-пікірлері бар мұғалімдер қудалана бастаған соң «Жемқорлықтың көкесі де, әкесі де мектепте» деп жалғастырып жазған едім.... Қазір «Жемқорлықтың жеті атасы да мектепте» десем қателеспейтініме көзім жетті.

SERKE.ORG. "Әбілязовтың күйеубаласының активтеріне тыйым салынды" - БТА-банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әбілязовтың күйеубаласы — Ілияс Храпуновтың активтеріне банктің берген қуыным-арызы бойынша тыйым салынды, деп хабарлайды Reuters. Агенттіктің деректері бойынша, банк Британия сотына Храпуновтың үстінен арыз беріп, оны Мұхтар Әбілязовтың активтерін жасыруға ықпалдастық етті деп айыптады. Сот бизнесі Женевада шоғырланған Ілияс Храпуновқа өз қаражатына билік етуіне тыйым салды.

QAMSHY.KZ. "Сепаратистік идеялар әлеуметтік желіде кең тарауда (ФОТО)" - Соңғы уақытта Қазақстанның территориялық тұтастығына, конституциялық құрылымына қарсы әрекеттерді насихаттаған, тіпті, батыл қимылдарға шақырған үндеу, мәлімдемелер қайтадан қылаң беруде. Кезінде 90-жылдардың басында Қазақстанның біраз аумағын Ресейге қосу керек деген пікірлер қазіргі таңда заманға сай әдіс-амалдарға көшіп, әлеуметтік желілерде көптеп көрініс табуда. Ондай пиғылдағы жандар Қазақстан мен Ресей арасындағы бүгінгі достық һәм әріптестік қарым-қатынастарды, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграцияны өздерінің идеяларының қолдау табуы, қазақ елін Ресейге қосуға бағытталған жүйелі жұмыс деп түсінетін сияқты.

"Еуразиялық экономикалық Одақтағы Ресейдің энергетикалық экспансиясы" - Қайбір жылы Шығыс Қазақстан облысына іссапармен бара қалғанда куә болған оқиғамыз еді. Аудан орталығында оқырмандармен кездесу өтіп жатты. Негізі, журналистерді шын мәніндегі «төртінші билік» деп танитын ниеті адал қауым… қазақ ауылдарында ғана қалғандай әсерде боласың.

EGEMEN.KZ. "Маяға түскен ине" - іспетті Ауған майданында жоғалған тұтқын солдат қайда жүр екен? Комиссия жиырма жылдан астам уақыт ішінде 5 мүрдемен қатар 30 бұрынғы солдатты тірідей тапты. Оның 22-сі өздерінің туған жерлеріне оралды. 8-і қайтып келуден бас тартты, себебі, басқа дінді ұстанып, өзге тілде сөйлейтін болған. Шаңырақ көтеріп, түтін түтеткен. Енді Алланың осы берген несібесіне разы. Бір өмірі екі түрлі тағдырдан тұратын олардың біразын сәлден соң сипаттап кетерміз. Ал комиссия мәліметінше, 18 интернационалист-жауынгердің не өлі, не тірі екені әлі белгісіз. Сондай кебін кигені де, кебенек кигені де анықталмағанның бірі – Борис Бочкин. 1991 жылы қазан айында Алтай Сармолдаев Борис «тірі» деген тұжырымға тоқтаған.

KAZAKZAMAN.KZ. "Қазақстан түркі-мұсылман мемлекетіне айналады" - Ол туралы белгілі саясаткер Айдос Сарым мәлімдеме жасады. Ол П.Своикпен пікірталас барысында «Жақын болашақта саны жағынан өзбектер екінші орынға, ұйғырлар үшінші орынға шығады. Қазақстан түркі-мұсылман мемлекетіне айналады»,-деген болжам жасады. Жиырма жылдан кейін орыстар саны жағынан Қазақстандағы төртінші ұлтқа айналады-мыс.

TURKYSTAN.KZ. "БҰҰ-ны реформалау қажет пе?" - Бірікен Ұлттар Ұйымының негізі ХІХ ғасырдағы «Еуропалық концерт» деген мекемеден басталады. Батыс елдері саяси мақсатқа әскери емес, дипломатиялық жолмен жету үшін осындай ұйым құрған. «Еуропалық концерт» халықаралық құқықтың қалыптасуына, әскери шараларды жүргізудің ережелерін жасауға, қарусыздандыру мәселесіне қомақты үлес қосты.

"Еліміздегі 27 мыңдай қоғам­дық ұйым бар, бірақ…" - «ҮЕҰ-ның мемлекетпен байланысы және өзара іс-қимылдарын зерттеу» жобасының қорытындысы жарияланды.



17 қараша 2015, 11:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.