Атырау, 19 мамыр 00:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +18
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Қазақстанда азық-түлікке талондар енгізілуі мүмкін". "Отандық экономист: ЕАЭО елдері ортақ валютаны КСРО-ға қайтып оралу ретінде қабылдайды". "Париж қазағы: терактілерден соң тексеріс күшейді". "Теңге эволюциясы". "Париж: террорлық шабуылдардан соң".

2 510 просмотра

NUR.KZ. "Қазақстанда азық-түлікке талондар енгізілуі мүмкін" - Қазақстанда азық-түлікке талондар енгізілмек. Олар әлеуметтік көмек карталары деп аталуы мүмкін. Мәжіліс депутаты Айқын Қоңыров аз қамтылған тұрғындарды қамтамасыз етудің өзге жолы жоқтығын алға тартты.

"Қазақстанның ұлттық валютасы бүгінге дейін қалай өзгерді? (фото)" - Кеңес Одағы құлап тәуелсіздігін алған Қазақстанның экономикасы Одаққа мүше болған елдердегідей күрт құлдырағаны белгілі. Ел тұрғындары жалақылары мен зейнетақыларын ала алмай, дүкен сөрелерінде азық-түлік таусылып, халық нан мен тұз алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрғаны әлі күнге көз алдымызда.

"Отандық экономист: ЕАЭО елдері ортақ валютаны КСРО-ға қайтып оралу ретінде қабылдайды" - Танымал отандық экономист ортақ валютаны құру Қазақстанмен қоса, Ресейге де тиімсіз деп санайды. Ол ЕАЭО елдері ортақ валютаны КСРО-ға қайтып оралу ретінде қабылдап, қарсылық білдіруі Ресейге кері әсер етеді деген ойын ортаға салды.

"Теңге құнсызданғанда жалақының өспей тұрғанынан халықтың қалтасы біраз жұқарған" - Тамыз девальвациясынан кейін елде тамақ өнімдері, тұрмыстық техника, киім-кешек және аяқ киім бағасы күрт қымбаттағаны байқалады. Ал жалақы негізінен бұрынғы деңгейде қалған.

AZATTYQ.ORG. "Белсенділерді қамау: медиа-кеңістікті «тазалау» ма әлде қорғау ма?" - Кейінгі кезде блогерлер мен азаматтық белсенділерді қылмыстық қудалаудың жиілеп кетуін кейбір сарапшылар елдегі экономикалық дарғарыспен де байланыстырады. Бұл жайт AzattyqLIVЕ бағдарламасында да қозғалды.

"Париж қазағы: терактілерден соң тексеріс күшейді" - Франция билігі терактілерге күдікті бір адамның анықталғанын хабарлады. Шабуылдан қаза болғандар саны артқан. Париж қазағы Абдулсамет Алтай көшеде тексеріс күшейгенін айтады.

"Франция терактілерден соң төтенше шаралар қабылдады" - Франциядағы террорлық шабуылдардан, ресми дерек бойынша, 128 адам қаза тауып, екі жүзден аса адам жараланған. «Ислам мемлекеті» тобы терактілерге жауапкершілікті мойнына алды.

"Париж: террорлық шабуылдардан соң" - Франция астанасында террорлық шабуылдардан кейін күзет күшейтілген, жұрт аяғы сирек көшелерде қарулы полиция қызметкерлері мен журналистер ұшырасады. Соңғы мәліметтер бойынша, 13 қарашада кешкісін Парижде бірнеше жерде қатар жасалған террорлық шабуылдар салдарынан қаза тапқандар саны 129 адамға жеткен. Терактілерде жараланған 300-ден аса адамның жүзге жуығы ауыр халде жатқаны хабарланды. Азаттықтың Өзбек қызметінің тілшісі Гүласал Камолованың Парижден түсірген суреттерін назарларыңызға ұсынамыз.

SERKE.ORQ. "Теңгенің эволюциясы" - Кеңес Одағы құлап тәуелсіздігін алған Қазақстанның экономикасы Одаққа мүше болған елдердегідей күрт құлдырағаны белгілі. Ел тұрғындары жалақылары мен зейнетақыларын ала алмай, дүкен сөрелерінде азық-түлік таусылып, халық нан мен тұз алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрғаны әлі күнге көз алдымызда. Елімізде қолма-қол ақша болмай, Ресейге күніміз қарағаны да жасырын емес. 1993 жылдың соңына дейін Қазақстан біртұтас рубль аймағында болып, тәуелсіз экономикалық саясатын жүргізуге қауқарсыз болатын.

24KZ. "Босқындар өмірі «24 KZ» телеарнасы тілшілерінің көзімен" - Гуманитарлық апаттың ауқымы «24 KZ» арнасы тілшілерінің көзімен. Біздің түсірілім тобымыз бірнеше елде болып, жақсы өмірді аңсап, Еуропаға ағылған мыңдаған босқынның назын тыңдады. Барар жері, басар тауы қалмаған босқындарға құшағын жайған ешкім жоқ. Еуропа елдері шекараларын бекітіп, жәрдемақыларын қысқартып жатыр. Жылы қабақ танытқан жергілікті тұрғындардың да қарасы аз. Мыңдаған адамның тағдыры жайында «Потерянный дом» арнайы репортажын 16 қараша күні сағат 21:40-та арнамыздан тамашалаңыздар. Әріптесіміз Иван Тулинов бір апта бойы ең ірі босқындар лагерінде болып, олардың тұрмысын өз көзімен көріп қайтты.

ABAI.KZ. "Керри: «Келер күннен жақын жоқ» деді" - Джон Керри мырзаның Орта Азияға, соның ішінде біздің елге келіп қайтқанына біраз күн болып қалды. Әйтсе де, АҚШ Мемлекеттік хатшысының аймаққа алғаш жасаған қадамын, айтқан сөздерін қайыра бір еске алып қою артық етпейтін сияқты.

"Тарих тиын тілінде де сөйлейді" - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінің Музейлік деректану және қолжазба орталығының жетекшісі Нәпіл Базылхан мырзадан (суретте) «Алаш айнасы» газетінің тілшісі сұхбат алып бүгінгі теңгеміздің бастауында тұрған ақша-шақалар туралы танымдық сұхбат құрыпты. Сұхбат аталған газетте 2012 жылы 6 наурызда жарияланғанын ескертеміз. «Жазба деректерде жоқ, ешкім білмейтін мағлұматты да титтей тиын айтып береді», - дейді Нәпіл мырза сұхбат барысында.

ALASHAINASY.KZ. "Әкіміміз - биші, генералымыз - әнші" - Біздің Қостанай облысы өнер тарландарынан кенде емес. Таланттар әсіресе билік басында өріп жүр десек артық айтқандық болмас. Облысымыздың бұрынғы әкімі Нұралы Сәдуақасов көрші Ресейден талай әншілер мен бишілерді қайта-қайта қолқалап жүріп шақырып алатын да, астына ат, үстіне шапа жауып мәз-мәйрам болатын.

16 қараша 2015, 10:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.