Атырау, 19 желтоқсан 23:29
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Қанат Ислам: «Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік аз»". "ЕО мен ЕАЭО арасындағы Қазақстан". "Ассалаумағалейкум, теңге!". "Қоғамдық қабылдау мәселені шеше ме?". "М.Iлиясұлы: Әлеуметтiк әдiлетсiздiкке араласқанымыз билiктiң үрейiн қашырды".

1 853 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Қанат Ислам: «Қазақстанда жекпе-жек өткізуге мүмкіндік аз»" - Кәсіпқой рингтегі жиырмасыншы кездесуін де жеңіспен аяқтаған қазақ боксшысы Азаттыққа берген сұхбатында биылғы бірнеше сайысы неге өтпей қалғанын да айтты.

"ЕО мен ЕАЭО арасындағы Қазақстан" - Келер айда Қазақстан мен ЕО арасында ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі келісімге қол қойылмақ. Астана мұны жариялаған кезде ЕАЭО-ның саяси мүдде көздемейтін одақ екенін тағы айтты. Бірақ бақылаушылар "ЕАЭО - Кремль үшін саяси жоба" дейді.

"Шарбұлақтағы белгісіз белгілер" - Қазығұрттың Шоқайтөбесіндегі алып нысандарды тұрғындар я геоглиф, я совет әскери базасының ізі деп ойлайды. Ғалымдар мен әскерилер мұны жоққа шығарады.

"Қоғамдық қабылдау мәселені шеше ме?" - Депутаттар да тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдай бастады. Ал сарапшылар олардың шаруа шешердей ықпалы барына сенбейді.

NUR.KZ. "Психологтар еліміздегі жастардың суицидке жиі баруына ата-аналарды кінәлады" - Қазақстандық жасөспірімдер арасында өзіне-өзі қол салу фактісі жыл санап артып барады. Өткен жылмен салыстырғанда биыл тіркелген суицид фактілері 12 пайызға артқан.

ZHASALASH.KZ. "Ассалаумағалейкум, теңге!" - Әлеуметтiк желi дүрлiгiп жатыр. “ҚР президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметi теңгенiң “туған күнiне" орай ең үздiк құттықтауға байқау жариялапты" дейдi фейсбуктағы құдашалар. Несi бар, бастама дұрыс. Туған күн десе, өре түрегелетiн халық емеспiз бе, менiң де құйысқаным көтерiлдi. Құдай қаласа, құдашалармен билемек ойым бар. Бiрақ қайда барарымды бiлмей, дiлгiрдiм. Астананың туған күнi болса ғой, Арқаны бетке алып, заулай жөнелер ем. Ал теңгенiң туған күнi...

"М.Iлиясұлы: Әлеуметтiк әдiлетсiздiкке араласқанымыз билiктiң үрейiн қашырды" - Сейсенбi күнi астаналық бел­сен­дi, “Антигептил" қозғалысының мүшесi Мақсат Iлиясұлының үстiнен қылмыстық iс қозғалғаны белгiлi болды. Мұны М.Iлиясұлының өзi әлеуметтiк желiдегi парақ­шасында хабарлады. Белсендiнiң айтуынша, қылмыстық iстiң қозғалуына әлде­бiреудiң өзiнiң үстiнен түсiрген домалақ арызы түрткi болған. М.Iлиясұлына құқық қорғау органдары қандай айып тағып отыр? Домалақ арыз түсiрген кiм? Жалпы, соңғы кездерi азаматтық белсендiлердiң үстiнен қылмыстық iс қозғау нелiктен жиiлеп кеттi? Бiз осы сұрақтарды Мақсат Iлиясұлының өзiне қойып көрдiк.

"Адамдар дағдара бастады..." - “Жас Алашым" соттасып жатыр" дегелi дегбiрiм қалмай, жатсам да, тұрсам да ойланып жүрмiн. Қайран, “Жас Алашым" менiң! Кiмдермен соттасып, кiмдермен айқаспадың? Бұл жолы кiмдердiң көлеңкесiн басып кеттiң екен? Бiрақ сенiң жалтақтап, жалтармайтыныңды, жағымпазданбайтыныңды, шындықтың бетiне тiке қарайтыныңды бiлсем де, артыңда сан мыңдаған оқырманыңның тұрғанын, олардың да сенiң тiлеуiңдi тiлейтiнiн айтқым келедi.

QAMSYY.KZ. "Тәттімбет Қазанғаповтың көне суреті мен хаты табылды" - Шертпе күйдің шебері Тәттімбет Қазанғапұлының Құрманғазы Сағырбайұлымен түскен көне суреті табылды. Тарихи жәдігер осы уақытқа дейін күйшінің Омбы қаласына қоныстанған санаулы ұрпақтарының бірінде сақталып келген. Бұл туралы Омбы қаласында тұратын күйшінің бесінші ұрпағы, 66 жастағы Молдабек Зікіршин хабарлап отыр, - деп хабарлайды «Қамшы» порталы ҚР Ұлттық мүрағатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

KTK.KZ. "Үкіметтің триллиондаған қарызы сенаторларды шошытты" - Үкімет доллардың қымбаттап, теңгенің құнсыздауынан ең төменгі күнкөріс деңгейін де белгілей алмай қиналып отыр. Өйткені, жұрт жиі тұтынатын негізгі азық-түліктің бағасы күн сайын сан құбылып тұр. Әсіресе нанның нақты қанша теңгеге қымбаттайтыны белгісіз. Ал, әлеуметтік көмектің көлемі дәл осы ас атасының бағасына тікелей байланысты. Экономика мен бюджетке жауапты министрлерден қазір ұйқы қашқан. Тіпті алдағы үшжылдық бюджетті бекіту де, дауға айналып барады.

SERKE.ORG. "Шымкент «ақылды қала» ма? Әкімі ше?" - Жақында Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұловқа қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Шымкент қаласының 2016-2020 жылдарға арналған даму жоспарын таныстырды. «Өйтіп жібереміз», «бүйтіп жібереміз» деген даңғаза жобадан «жаңа заманауи іскерлік орталықты - «Shymkent City»-ді және мұның алдында Бейбіт Атамқұловтың өзі таныстырған «Shymkent mall» сауда-ойын сауық кешенін ерекше бөліп қарауға тұрарлық. Әрине, бұл екі кешеннің де алатын ауқымы аз емес.

13 қараша 2015, 12:19

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.