Атырау, 19 желтоқсан 23:08
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі". "«Ханның сырын бiлгеннiң...»". "Путин пионерлер ұйымын жаңғыртпақ па?". "Қазақстандықтар қымбат шипажайларға барудан жаппай бас тартуда. "Арман қуып, Америкаға аттанғандардың үміті қаншалықты ақталуда?".

1 996 просмотра

24KZ. "Арман қуып, Америкаға аттанғандардың үміті қаншалықты ақталуда?" - Кіндік қаны тамған туған жерлерінен қоныс аударып, арман қуып шетел асқан азаматтардың үміті шын мәнінде ақталып жатыр ма? Манхэттоннан метроға отырсаңыз болғаны, 40 минуттың ішінде басқа әлемге тап боласыз. Бұл азаматтардың басым бөлігі Кеңес одағынан 70-жылдары көшіп келген. Ал мигранттардың екінші толқыны Америкаға 80-жылдары қоныс аударды. Кіші Одесса аталып кеткен аудан тұрғындары орыс тілінде сөйлеп, баршамызға жақын таныс тағамдарды тұтынады.

NUR.KZ. "Қазақстандықтар қымбат шипажайларға барудан жаппай бас тартуда" - Қазіргі жағдайда тұрғындар ішкі туризмге бет бұра ма, жоқ па, операторлар білмейді. Дегенмен Қазақстан бойынша жаңа турларды қарастырып қойғанды артық санамаған. Олар Алматы облысының, Тараздың көркем жерлеріне басты ден қоймақ.

AZATTYQ.ORG. "Қазақстан азаматы болуды армандайтын кубалық" - Қазақстанда тұрғанына 25 жылға жуықтаған Кубаның Гавана қаласы тумасы Густаво Субисаррета заңсыз мигрантқа айналған. Билік оны депортациялауға шешім шығарған, бірақ ол қалғысы келеді.

"Путин пионерлер ұйымын жаңғыртпақ па?" - Ресей президенті жаңадан жастар ұйымын құруға бұйрық шығарды, көпшілік оны советтік пионерлер мен комсомолдар ұйымына ұқсас болады деп болжайды. Кремль жастар лигасы идеологиясы жобасын ұсынып үлгерді. 1960- жылдары Ленинградта жастық шағы өткен Владимир Путин сыныбындағы пионерлер қатарына өтпей қалған балалардың бірі еді. Енді ол Ресейдің басқа балалары өз тағдырын қайталағанын қаламайтын тәрізді.

ZHASALASH.KZ. "«Ақ қағазға көңiлдiң кiрiн емес, сәулесiн түсiрейiк»" - Сонымен, осы уақытқа дейiн сахнаға 15 пьеса сыйлаған драматург Рахымжан Отарбаевтың туындылары несiмен ерекшеленедi? Ең алдымен айтарымыз, Р.Отарбаевтың қай-қай спектаклi­нiң де идеясы – аса шымыр. Қоғамдағы қайнап тұрған мәселенi көтередi. Адам “қып-қызыл майдан" iшiнде. Бұл бүгiнгi Сириядағы, Ауғанстандағы, Украинадағы қан­ды қырғын емес, өзi өмiр сүрiп отырған ортамен келiсе алмай, iшкi шындығын iздеп жүрген жандар.

"«Ханның сырын бiлгеннiң...»" - Бүгiн саясаткер Заманбек Нұрқадi­ловтiң қаскөйлердiң қолынан қаза тапқанына 10 жыл толды. Бұл күн – Қазақстан тарихындағы ең қаралы күндердiң бiрi. Сол тұста бетiмен жер басқандай болған билiк әлi күнге дейiн осы қаралы күндi ұмыттыруға тырысатындай. Зәкең түгiлi, жесiрi Мақпалдың аты аталса, кiрпiдей жиырылатындар аз емес. “Өзiн-өзi үш рет атып өлтiрдi" деген сандыраққа жұртты сендiргiсi келген де солар. Қазақтың өзге жұрттан ерекшелiгi, бәлкiм, кемшiлiгi – iштен тынатындығы. Әдiлетсiздiкке ашық қарсылық көрсете алмайды. Тым бей­қам, тым бұйығы. Бұйығы болмаса, сол кездегi iшкi iстер министрi Бауыржан Мұхамеджановтың “Нұрқадiлов өзiн-өзi үш рет атып өлтiрдi" деген мазағына көнер ме едi?!

EGEMEN.KZ. "Путинді мақтаған америкалық кім?" - АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинге «Ислам мемлекеті» делінетін лаңкестік топпен күрестегі іс-қимылы үшін өзінің жылы лебізін білдірді. Миллиардердің сөзіне қарағанда, ол Сириядағы іс-әрекеті үшін Ресей басшылығын толықтай қолдайды. «Егер Путин ИДИШ-ті түбірімен құртуға әрекеттенсе, мен 100 пайыз соның жағындамын», дейді республикашыл үміткер.

"Ердоғанның мақсаты – жаңа конституция" - Еуроодақ Түркия басшылығын күрдтерге қарсы зорлық-зомбылықты тоқтатып, олармен бітімге келуге шақырды. Мұндай мәлімдемені Түркияның ЕО-ға кіруі үшін қажетті реформаларды бақылау міндеті кіретін Еуропалық комиссия жасады.

ALASHAINASY.KZ. "Қайтпай сұлтанды қазақ неге танымайды?" - Біздің беріштен шыққан Бей­барыс Құтыз сұлтанды тағынан тайдырып, түгел билікті өз қолына ұстады. Мәмлүктер негізінен, әскери адамдар болғаны белгілі. Ал ол заманда мұсылман шариғатында әскери нормалар жоқтың қасы бо­латын. Сондықтан да, мәмлүктер Шың­ғыс ханның Ұлы Ясасын ша­риғатпен қатар ұстанды, өзара қатынасы сол заңмен реттелді. Бей­барыс сұлтан әскерді көшпе­лілердің осы тәртібі бойынша құрып, ке­й­іннен 1382 жылдан бастап осман­дықтар жаулап алғанға дейінгі 1517 жылға дейін мәмлүктерді шеркеш­терден (бүгінгі Кіші жүздің руы) шыққан сұлтандар басқарды. Соның ішінде соғыстағы жаужүректігімен, шапқат-қайырымдылығымен, жұртқа жұғымдылығымен аты шық­қаны Қайтпай сұлтан болатын. Бейбарыс бабамыз секілді Қайтпай атамыз да – қазаққа ортақ нар тұлға. Толық ныспысы – әл-Әшраф Сейіт ад-Дин Қайтпай. 1416 (18) жылы Дешті Қыпшақ топырағында кіндігі кесілді. Қыпшақтың шеркеш руынан шықты. Кескілескен қанды со­ғыстың бірінде бала Қайтпай, құлдыққа алынып, елден жырақтап кетті. Сол айналғаннан жиырма жасында мысырлық саудагердің құлы болып, Каирға барып табан тіреді. Жас Қайтпай садақ атудың шебері бола­тын. Со­нысына қы­зық­қан Барысбай сұлтан (1422-1438 жыл­дар) оны 50 динарға сатып алған.

"Құралайды көзге атқан жалғыз көзді Әлібай" - Тарихта құралайды көзге атқан мергендігімен аты қалған сол Әлібайдың сүйегі қайда жерленгенін көп ешкім білмейді. Ал қандықол Калпаков осы күнге дейін Зайсан қаласының төрінде жатыр.

AIKYN.KZ. "Жалақы төлеудің жаңа жүйесі енгізіледі" - Қазіргі кезде әлеуметтік даму бағы­тында елімізде үлкен жаңарулар жү­руде. Өмірге жолдама алғалы отырған жаңалықтардың мән-жайын түсін­діруге министрдің өзі білек сыбана кірісіп отыр. Халыққа түсіндірудің кең ауқымды шарасын Тамара Босым­бекқызы Астанадан бастады. Қараша айының үдерінде ол жұмыс сапарымен Алматы, Шымкент, Ақтөбе және Павлодар қалаларына бармақ.



12 қараша 2015, 12:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.