BNEWS.KZ. "А.Мамытбеков: Адам жылына 70 келі нан тұтынуы қажет" - «Жылына медициналық норма бойынша адам баласы 70 келі нан тұтынуы қажет деп бекітілген. Алайда біздің есебіміз бойынша Қазақстандағы орташа тұтыну көрсеткіші әлдеқайда төмен. Мысалы 70 келі дегеніміз 60 бөлке нан екен. Мұның қаржысы 5000 теңге көлемінде болады. Бірақ біз ол арзандатылған бағаны барлық әлеуметтік жағдайы төмен және жақсы азаматтарға ұсыну дұрыс емес деп санаймын. Сондықтан әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға атаулы түрде одан көбірек іс-шара жасайтын боламыз», – дейді министр.
NUR.KZ. "Қазақ тойындағы жаттанды дәстүрлерге өзгеріс еніп жатыр" - Қазір еліміздегі тойлардың бір-бірінен айнымай, ұқсап кеткені үйреншікті көрініске айналған. Дегенмен, уақыт өте келе қазақ тойындағы үйреншікті дәстүрлерге өзгерістер еніп жатқанының куәсі болған журналист жаңа той үлгісінің қалай ұйымдастырылғанын баяндады.
"Сары әулие: Тәуелсіз Қазақстанға исламды тұңғыш әкелген мұсылманмын" - Бірде Кеңсай қорымынан жерлеуден қайтып келе жатып, бір азамат «Сары әулие сіздің қолыңызды алып, амандасайын» деп тізерлеп, қолымды сүйді. Шыны керек танымадым. Дереу «бауырым тұр. Бұл дұрыс емес, маған тәу ететіндей мен пайғамбар емеспін. Өзің секілді мұсылманмын» дедім. Қасымдағы бір-екі жігіт бұл Мұстафа Өзтүрік деп айтты. Орнынан тұрған азамат мен сізге тәу етіп жатқан жоқпын, уағыздарыңызды естіп, ізеттілігімді және ризашылығымды білдірдім деді. Шыңғыс Айтматов та әуежайда жолығып, қолымнан сүйіп, басын иген еді. Алайда, сырттан көрген халық оны басқаша түсінеді.
AZATTYQ.ORG. "Путиннің қызы және жас миллиардер жігіт" - Владимир Путин Ресей билігіне келгеннен бері оның көптеген достары байлыққа кенелді. Алайда Путиннің өзі оның маңындағылар айтқандай ақшаға құнықпаған болып көрінеді. Биылғы сәуірде Путин 7 миллион 65 мың рубль көлеміндегі табысын жария еткен. Оған бар болғаны екі пәтер мен гараж ғана тиесілі болып шықты. Дегенмен оның қызы Катерина әкесіне қарағанда әлдеқайда дәулетті.Reuters агенттігінің зерттеуі жас қыздың қомақты қаржыға Ресей президентінің ықпалды достарының көмегімен қол жеткізгенін көрсетіп отыр.
"Тәжікстанда ислам партиясын қудалай бастады" - Тәжікстан билігі өздері «Ислам терроршылары» деп атайтын топты қудалап жатыр. Бұл «терроршылар» Тәжікстан билігі құрамында болып әрі бейбіт келісім бойынша 18 жыл бойы үкімет әріптесі саналып келген еді.
"Данияр Саламат: Әлеуметтік драмаға мән берілмейді" - Режиссер Данияр Саламаттың «Сағынтайдың бірінші әйелі» атты авторлық көркем фильмі Германияның Котбус қаласында 3-8 қараша күндері өткен Шығыс Еуропа фильмдері кинофестивалінде арнайы жүлдеге ие болды. Биыл түсірілген 70 минуттық фильм фестивальдің мәдениетаралық байланыстарға арналған «Диалог» секциясының сыйлығын иеленген. Фильмнің режиссері Данияр Саламат Азаттыққа берген сұқбатында бұл фильмді түсіруге не себеп болғанын да айтты.
INFORM.KZ. "Дәурен Абаев: Қазіргі таңда ЕАЭО ортақ валютасы мен есеп айырысу бірлігін құру күн тәртібінде тұрған жоқ" - РФ Мемлекеттік Думасының ТМД істері жөніндегі Комитет Төрағасы Леонид Слуцкийдің қазіргі уақытта ЕАЭО елдері үшін бірыңғай есеп айырысу бірлігін құру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр деген сөзіне қатысты не айта аласыз?» деген сауалға Дәурен Абаев: «Қазіргі таңда есеп айырысу бірлігі мен ЕАЭО ортақ валютасын құру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Бұл мәселе интеграциялық бірлестіктің бір де бір деңгейінде талқыланып жатқан жоқ», деп жауап берді.
ZHASALASH.KZ. "Жаңа төраға теңгенiң “түбiн" көрсетпек" - Ұлттық банк басшылығына Данияр Ақышев келгелi берi теңгенiң бағамы күрт құлдырай бастаған едi. Өткен жұмада Қазақстан қор биржасындағы кешкi сессияда доллардың бағамы 310 теңгеден асты. Кешегi саудада доллар бұдан да қымбаттай түстi. Бар гәп – Ұлттық банк валюталық саудаға араласуын тоқтатқаннан кейiн басталды.
"Мәскеудiң алдында тәуiр-ақ тiзерледiк қой" - Осыдан бiраз бұрын Ресей мен Қазақстан “28 панфиловшылдар" деген фильмдi бiрiгiп түсiрмек болған-ды. Рас, фильмнiң сценарийiн жазатын да, түсiретiн де – орыстар. Ал қазақтар әдеттегiдей қосалқы жұмыстарға жегiледi: жалпылама көрiнiстердi ұйымдастырады, эпизодтық көрiнiстерге түседi және т.т. Бұл фильмге Ресей – 2 миллион доллар, Қазақстан 1 миллион доллар қаржы бөлмек боп шешiлген. ҚР Мәдениет министрi А.Мұхамедиұлының айтуынша, дағдарысқа байланысты Қазақстан 1 миллион доллардың орнына бұл фильмге жақында 80 миллион теңге аударыпты. Әрине, 80 миллион теңге де аз қаржы емес. Бiрақ, ең дұрысы–дағдарысты сылтауратып, не болмаса одан өзге де себеп тауып, осы қаржыны мүлде аудармай-ақ қоюымыз қажет едi. Неге?
ABAI.KZ. "«Еураз» теңгемізді тентіретіп жібермей ме?" - Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аясында ортақ валюта енгізу туралы бастамалар көтеріліп, сыбыстар алғаш шыға бастаған кезде қазақстандық саясаткерлер мен құзырлы мекеме басшылықтары бұны теріске шығарған болатын. Қазақстан Президентінің өзі мемлекетіміздің тәуелсіздігіне қатер төндіретін кез келген одақтан бір-ақ күнде шығып кетеміз деген еді.
"Ақшаны Үкімет үйіне апарып беріпті" - «Ахметов ісі» бойынша Қарағанды облыстық сотында өтіп жатқан сот процесінде куәгер ретінде жауап берген Ғұмар Рахымжанов С. Ахметовке қолма-қол ақшаны қалай апарып бергенін әңгімеледі. Айта кетелік, бұрын С. Ахметовтің кеңесшісі, «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының және «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басқарма төрағасы болған Ғ. Рахымжанов та сотталушылар орындығында отыр. Ол өзінің кінәсін толық мойындады.
ALASHAINASY.KZ. "Қазақстандықтар шетелде емделуге жылына 200 млн доллар жұмсайды" - тандастарымыз шетелде емделуге жыл сайын кемінде 200 миллион доллар жұмсайды. Havard Medical International ұйымы осындай мәлімдеме жасады. Бұл туралы «Алматы» телеарнасы «Іскерлер уақыты» бағдарламасы хабарлайды.