Атырау, 19 желтоқсан 23:23
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Балалар қылмысты жоқшылықтан емес, тоқшылықтан жасап, түрмеге түсуде". "Британ баспасөзі Назарбаевты мақтап та, сынап та жазды". "Батырлар жыры балаларға не береді?". "Айдын Айымбетов: Марсты бағындырғым келеді". "Қытайдың жаңа ойыны".

2 527 просмотра

NUR.KZ. "Балалар қылмысты жоқшылықтан емес, тоқшылықтан жасап, түрмеге түсуде" - Қазіргі таңда еліміз бойынша аса ауыр қылмыс жасаған 66 жеткіншек Алматыдағы Ла-155/6 түзету мекемесінде жазаларын өтеп жатыр. Олардың ең жасы 15 – те. Қазақстан заңы бойынша балалар жазаға 14 жастан бастап тартылады.

"Мамандар баланы әжесі бауырына басатын қазақ дәстүрін қауіпті деп атады" - Маманның пікірінше, ата-анасынан жырақта өскен бала әлеуметтік тұрғыдан жетістіктерге жете алмайды. Өзін ешкімге қажетсіз санап, жалғызсырап қалады дейді ол.

AZATTYQ.ORG. "Британ баспасөзі Назарбаевты мақтап та, сынап та жазды" - Ұлыбританияның басқа бір танымал басылымы Guardian газеті Лондон сапарына орай Назарбаевты мақтаған комментарийлерден тартынып, оған Қазақстандағы адам құқығына қатысты ахуалды сынаған екі мақала арнапты. Оның бірі «Қазақ президенті Ұлыбританияға екі күндік сапармен келеді» деп аталады, ал екінші мақала авторларының көзқарасын «Ұлыбританияда қазақ басшысын құшақ жая қарсы алудың қажеті жоқ» деген тақырыбынан байқауға болады.

ZHASALASH.KZ. "Олимпиада алтынын кiмнен күтемiз?" - Данияр ЕЛЕУСІНОВ: “Ұлттық құраманың белдi бокс­шылары қыркүйектегi Азия чемпионатына қатыспай-ақ, неге бiрден әлем чемпионатына бармады?" деп сұрайды. АИБА-ның шартында солай, биылғы әлем чемпионатына қатысу үшiн алдымен құрлықтық бiрiншiлiкте өзiңдi дәлелдеуiң керек. Мысалы, қа­лың орыс мақтан тұтатын Раджаб Бутаев Еуропа чемпионатында ұтылып қалды да, әлем бiрiншiлiгiне қатыса алған жоқ. Бiз әлем чемпионатына қатысу мақсатында Азия бiрiншiлiгiнде шеберлi­гiмiздi көрсеттiк.

BNEWS.KZ. "Киіз үй тігудің қыр-сыры (ФОТО)" - «Киіз үй тігу үшін, біріншіден, ыңғайлы, тегіс жер таңдалуы тиіс. Киіз үй босағадан, дәлірек айтсақ, оң жақ босағасынан бастап орнатылады. Босаға мықты етіп орнатылуы керек. «Босағаң берік болсын» деген сөз осыдан қалған. Кереге де оң жақтан бастап жайылады. Кереге киіз үйдің негізгі қаңқасын құрайды», - деді киіз үй тігудің шебері Долдахан Оралбайұлы.

INFORM.KZ. "Батырлар жыры балаларға не береді?" - Бізге жаңадан «Америка ашудың» қажеті жоқ. Бұрынғы бабаларымыздың баланы ұлтжандылыққа қалай тәрбиелегенін зерттеп-зерделесек те көп нәрсенің беті ашылады. Бертінге дейін ауылдың қариялары жас балаларға батырлар жырын жаттатқызып, кеш болса жыр оқытқызып келген. Сол жыр жаттап өскен, жыр тыңдап өскен балалар бүгінде ауызы дуалы, сөзі уәлі ақсақалға айналғанын өмір көрсетіп отыр.

"Айдын Айымбетов: Марсты бағындырғым келеді" - Мейман болашақта Марс планетасын бағындырғысы келетінін де жеткізді. - Бұл - «өмір» белдеуінде орналасқан төртінші планета. Адамзат білмейтін құпиясы мол. Ғарыштық теориялардың бірінде марстықтар Жерге ұшып баруы мүмкін деген болжам бар. Бүгінде аталмыш планетада органикалық іздердің бары анықталғаны мәлім. Өздеріңіз білетіндей, Марстың суреттерінде ұзындығы жүздеген шақырым, көлденеңнен 30-40 шақырым болатын алып жыра көрініс табады. Бұл да - планетаға қандай да бір «қонақтың» келгенін болжайтын теориялардың бірі. Жалпы, бұл алып Марстың құпияларын ашсам деймін, - дейді А. Айымбетов.

ABAI.KZ. "Батыстағы екі алпауыт елге елбасының сапары аяқталды (шолу)" - Әуелі ақсүйек ағылшындар елінде, Ұлыбритания патшайымымен кездессе, екінші сапар алты­ бұрышты саналатын ел - Францияда жалғасты. РФ мен Батыс елдерінің арасы суыған, алағай да бұлағай кезеңде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев стратегиялық ынтымақтастықтың жаңа көкжиегін Батыстан шындап іздей бастаған сияқты.

AIKYN.KZ. "Ертеде қазақтар даладағы өртті қалай ауыздықтаған?" - Ертедегі өрт сөндіруге байланысты тағы бір қызықты да, мықты амал, ол жайылым қаулап жанған сәтте жүйрік ат пен киіз және ұзын арқан да таптырмас құрал болған. Яғни, жүйрік атқа мінген жігіт ұзын арқанның екі ұшын ердің екі жақтама тақымына қайыра қысып, аттың артынан шұбатып тастайды да, оған үлкен киізді ортасынан екі жағына бүктеп қайыра іледі. Арқанға ілінген киізді сүйреген күйі жақын жердегі ағып жатқан өзен немесе бұлақтағы суды (киізге жақын жерде болса құдықтың суын да пайдаланады) кешіп өтеді. Суға малынып, әбден бөккен киізді суын сорғалатып атпен шапқан бойы жанып жатқан өртті көлденең үстінен немесе іргелетіп қабатынан шауып өткенде сорғалаған судан және ауыр киізден жердегі шөп пен топырақ батпақтанады және от тұншығып жану күшінен айырылады.

TURKISTAN.KZ. "Қытайдың жаңа ойыны" - Си Цзиньпиннің сөзіне қарағанда, «Бір белдеу – бір жол» ұлт­тық жо­басына әлемнің 60 мем­ле­кетінің қа­тысуы жоспарланған. Белдеудің эконо­микалық қуаты 4,5 миллиард адамды қам­тымақ. Бұл кө­р­сеткіштің ішінде бей­ресми саны 1,5 миллиардтан асқан Қытайдың өз халқы да бар, әрине. Сонда да, Пекин алыс көкжиекке көз тіккенде, ең кемінде жаһанның жартысын өз ықпалына алуды көздеп отырғаны байқалады.

ALASHAINASY.KZ. "«Нағыз қазақ кім?» десе «Қанат!» дер ем..." - Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы лақап аты – «ҚАЗАҚ». Кезінде шетелге барғанда «Қытайдың туы бар киімді кигім келмейтін. Жаттықтырушым «ки» десе де «ол киімге сондай болды, мұндай болды» деп түрлі сылтаулар айтып, еш жазуы жоқ киімді киіп жүруге тырысушы едім. Қазақтың формасын киген Қазақстаннан келген бауырларымды шетелде кездестіргенде «мен қашан қазақ туының астында бокстасады екенмін?» деп қатты армандайтынмын» деген Қанат бүгінде еліміздің атынан өнер көрсетіп жүр. Жаны да қазақ, жүрегі де қазақ батырымыз күні кеше кәсіпқой бокстан 20-шы жекпе-жегін өткізіп, оны да нокаудпен жеңді.

"Арман СҚАБЫЛҰЛЫ: ТАБЫЛДЫҢ МАХАББАТЫ..." - Табыл қоңыр гитарасын әлі бұрап отыр. Мен әлі бүк түсіп жатырмын. Мұндайда жұбататын сөз де айта алмайды екенсің. Өздерінің шешімдері. Досымның көңілі алай-дүлей, жаны өртеніп жатыр. Не дейсің мұндайда? Бір кезде қоңыр гитараға жан біткендей болды. Әлдебір белгісіз әуен ақырын басталды да әнге айналып сала берді.

9 қараша 2015, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.