Атырау, 29 қараша 05:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -1
$ 513.00
€ 541.16
₽ 4.69

Үш ауданда құм көшкіні қаупі бар

9 888 просмотра


Екі елді мекен – Исатай ауданындағы Исатай ауылы мен Жылыой ауданындағы Майкөмгенде құм көшкінімен күресу үшін облыстық бюджеттен 41 млн теңге қаржы бөлінді.

Бұл туралы Атырау қаласындағы өңірлік коммуникациялар қызметінде журналистермен кездесу барысында облыстық табиғатты пайдалану және табиғи ресурстарды реттеу басқармасының басшысы Орақ БИСЕМБИЕВ хабарлады.

О. Бисембиевтің айтуынша, Исатай ауылында темір тормен қоршау, жалпы ұзындығы 6200 метр болатын қамыстан механикалық қорғаныс құрылғысын салу, 5500 дана сексеуіл егу жұмыстары жүріп жатыр. Өткен жылы 10 мыңнан аса сексеуіл отырғызылды. Ауданы – 11,2 га.

Майкөмгенде қамыстан жасалған механикалық қорғанның ұзындығы 5280 метрді құрайды, 5280 сексеуіл отырғызылады.

Келесі жылы Қызылқоға ауданынындағы Миялы және Жасқайрат ауылдары бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар әзірленеді.

- Алғашқы жарты жылдық жұмыс жобасын әзірлеуге кетеді, ал шілдеде тендер жариялаймыз, - деді Бисембиев.

Оның айтуынша, құм көшкіні мәселесі Исатай (Исатай мен Зинеден ауылдары), Жылыой (Майкөмген ауылы) және Қызылқоға (Миялы, Жасқайрат, Тасшағыл және Қарабау ауылдары) аудандарында өзекті болып тұр.

Құм көшкінінің болу себептері туралы:

- Негізгі себеп – бұл халықта малдың көбеюі. Бұрын, кеңес уақытында, мал ауылдан 10 және одан да көп шақырым алыста жайылатын. Қазір ол ауылда жайылады, мал басы жыл сайын көбейіп келеді, өсімдіктер азайып, құмның көлемі артуда. Екінші себеп – бұл табиғатты пайдаланушылар. Мен «Ембімұнайгазда» өткен қоғамдық тыңдауда бұл туралы айтқанмын. Исатай ауылында Забурын кен орны бар, ол құмда орналасқан, алайда бұл компаниялар құм тоқтату жұмыстарымен мүлдем айналыспайды, бұл проблемада мұнай өндіруші компанияларды қосатын белгілі бір үлесі бар.

Үшінші – климаттық фактор. Өзен алқабына 2008 жылдан бері су құйылған жоқ, су өз арнасынан шықпайды, алқаптағы ағаштар көтерілмейді, сәйкесінше шөп алқабының ауданы да кішірейеді. Жауын-шашын жоқ, жазда аудандарда тамшы да болмады.

О. Бисембиев, сондай-ақ, энергетика министрлігі қазір Атырау қаласында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу үшін қаржы бөлу туралы Халықаралық даму банкімен келіссөздер жүргізіп жатқанын хабарлады.

- Өткен аптада облыстық әкімдіктің өкілдері Кореяға барды. Өткен жылы, естеріңізде болса, Румынияға барған еді. Құрылыс 2017 жылға жоспарланған, әзірге қай нұсқаны пайдаланатынымыз белгісіз.

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

6 қараша 2015, 11:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.