Атырау, 14 мамыр 19:06
 ашықВ Атырау +13
$ 510.06
€ 566.32
₽ 6.32

Елiмiзде қарыз алушының есеп шотынан ақшаны өндiрiп алу сомасына шектеу қойылды

2 539 просмотра

Бүгiн ҚР Парламентi Сенаты жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің жұмыс істемейтін кредиттері мен активтері, қаржылық қызметтер көрсету және қаржы ұйымдары мен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын бірінші және екiншi оқылымда қарастырып қабылдады. Аталған құжат Қазақстанда қарыз алушы жеке тұлғаның есеп шотынан ақшаны өндiрiп алу қолда бар немесе түсетiн ақшаның 50%-ынан артық болмауын қарастырады, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Заң жобасында Қазақстан Республикасының 8 Кодексiне және 35 Заңына өзгерiстер енгiзу көзделедi. Мыналар заң жобасының негiзгi бағыттары: бiрiншiден, борыштық жүктеменi төмендету және банк көрсететiн қызметтердiң айқындылығын арттыру арқылы қарыз алушы жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту; екiншi, қаржы жүйесiнiң тұрақтылығын қамтамасыз ету; үшiншiден, капитал нарықтарын және исламдық қаржыландыруды дамыту. Борыштық жүктеменi төмендету арқылы қарыз алушы жеке тұлғалардың құқықтарын қорғауды күшейту аясында заң жобасында мынадай жаңалықтар бар: валютамен кiрiсi жоқ жеке тұлғаға шетел валютасында ипотекалық қарыздар беруге тыйым салу, төлемдердiң мерзiмi бойы өтiп кеткен кезде бiрiншi кезекте мерзiмi өткен негiзгi борышты және соңғы кезекте тұрақсыздық айыбы мен айыппұлдарды өтеу. Бұл ретте қарыздың қалған бөлiгiн тиiстi сыйақысымен мерзiмiнен бұрын қайтару, сондай-ақ, кепiлге алынған мүлiктi өндiру жолымен қарыз алушыға қатысты шаралар қабылдау жөнiнде кредитордың құқығы сақталады. Ипотекалық тұрғын үй қарызы шарты бойынша мерзiмiмен 180 күн өткеннен кейiн есептелген сыйақы мен тұрақсыздық айыбын мiндеттi автоматты түрде есептен шығару ұсынылып отыр. Қарыз алушы жеке тұлғаның есеп шотынан ақшаны өндiрiп алу қолда бар немесе түсетiн ақша сомасының 50%-ынан артық болмауын қарастырады», - дейдi ҚР Ұлттық Банкi төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов.

Қ.Қожахметов заң жобасындағы банк көрсететiн қызметтердiң ашықтығын арттыру бөлiгiнде банктердiң тiркелген мөлшерлеме бойынша қандай да бiр қосымша комиссияларсыз және төлемдерсiз бөлшек кредиттер беру жөнiндегi мiндеттiлiгi енгiзiлетiнiн айтты. Сонымен атап, әрекеттерi мен әрекетiмiздегi қаржы ұйымының банкротқа ұшырауына немесе төлем қабiлетсiздiгiне алып келген азаматтарға қаржы ұйымында басшы лауазымын атқаруға тыйым салу да көзделiп отыр.

Дереккөз: bnews.kz

5 қараша 2015, 15:30

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.