Атырау, 19 мамыр 01:30
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +19
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

"Ұлттық банкті екі жыл басқарған Қайрат Келімбетов несімен есте қалды?". "Студенттер «массовка болудан шаршағандарын» айтады". "Келiмбетов қызметiнен босатылды. Ақышев не өзгерте алады?". "«Мәскеу үшін Сирия - екінші Ауғанстан»".

2 019 просмотра

NUR.KZ. "Ұлттық банкті екі жыл басқарған Қайрат Келімбетов несімен есте қалды?" - Ел есінде тек уәде беруімен қалатын Қайрат Келімбетов Ұлттық банкті 2 жыл басқарыпты. Осы мерзімде екі мәрте теңгені құлдыратқан бас банкир халықтың маңдай терімен жиналған зейнетақы қорына да қол салуымен ерекше есте қалады.

AZATTYQ.ORG. "«Қазақтілді телеарналар Еуропаға жетсе, бала тілі тез шығар еді»" - Ұлыбританиядағы қазақ мәдениеті орталығы төрағасы Исмаил Кесижимен Азаттық тілшісі Астанада жолықты. Ол британ жеріндегі «Қазақстан елшілігі, қазақ диаспорасы және қазақстандық студенттер қосылған «үш бұрышты» қоғамдарының» тыныс-тіршілігін әңгімелеп берді.

"Студенттер «массовка болудан шаршағандарын» айтады" - Студенттер әкімшілік ұйымдастырған шараларға мәжбүрлі түрде жиі баратындарын айтады. Мұны университет басшылығының бірі «әкімдікке көмек» дейді, енді бірі жоққа шығарды. Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің 3-курс студенті Марлен (есімі өтініші бойынша өзгертілді) университеттегі және қала аумағындағы іс-шараларға жиі баратындарын айтады.

ZHASALASH.KZ. "Келiмбетов қызметiнен босатылды. Ақышев не өзгерте алады?" - Келiмбетовтiң кетуiнде назар аударатын маңызды нәрсе – ол қызметiнен өз еркiмен кеткен жоқ. Президент оны қызметiнен босату жөнiнде шешiм қабылдаған. Келiмбетов өз еркiмен отставкаға кеткенде ғой, ең болмағанда өзi аз қалған абыройын сақтап қалар ма едi. “Айырбастау бағамын еркiне жiберу өзiн-өзi ақтамады", “екi мәрте девальвация Ұлттық банкке деген сенiмнiң жоғалуына әкеп соқтырды, бұған басшы ретiнде мен де жауаптымын, қызметiмнен сол себептi кетемiн" десе, қандай жарасымды шығар едi. Бiрақ президент бұл жолы оны кетiру­дiң абыройсыз жолын таңдағандай. Соған қарағанда, билiк­тегiлер Келiмбетовтi осындай жолмен кетiру арқылы халықтың айызын қандырудың тәсiлiн тапқан тәрiздi.

"Лениндi аңсау" - Ал ендi ше? Ендi Арқаның төрiне Лениннiң үлкен ескерт­кiшiн тұрғызып, қолын Кремльге “нұсқатып" қойсаң, Ресей мен Қазақстанның достығы “арта түседi". Еуразиялық экономикалық одақ елдерiнiң бiр-бiрiне деген “сенiмi" күшейедi. Өзбектер баяғыда күресiнге шығарып, орнын тегiстеген, кеше украиндер шетiнен құлатып талқандаған Ленин ескерткiшiн Астанада жарқырата тұрғызсаң, Путиннiң де мерейi тасымай ма? Әрi-берiден соң, лениншiл коммунис­тердiң өтiнiшi де сол Путин саясатының әсерi болуы әбден мүмкiн.

SERKE.ORG. "Сириядағы соғыс: кімнің қандай мүддесі бар?" - Сириядағы жанжал әлемдік аренадағы бірнеше негізгі ойыншының назарын өзіне аударды. Олар өз мүддесіне орай Башар Асад режимін немесе осы режимге қарсы күресіп жүрген боевиктердің көптеген топтарын қолдайды. Сириядағы жағдайды реттеу үшін Венада өткен келіссөзге тұңғыш рет жанжалға кіріккен барлық елдер, соның ішінде Иран қатысты. Олардың әрқайсысының өз мүддесі бар. Кімнің мүддесі қандай екенін қарастырған Би-би-си Орыс қызметінің материалына назар аударайық.

TENGRINEWS.KZ. "Ұлттық банктің жаңа төрағасына "камикадзе ролін сомдау ғана қалды" - Досым Сәтбаев" - Сонымен қатар, ол Келімбетовтің орнында кез келген адамның болуы мүмкін екенін айтты. "Ұлттық банк те, үкімет те экономикамыздың негізгі ойыншылары емес. Олар сыртқы факторларға тәуелді болуға мәжбүр: мұнай бағасының түсуі, біздің ірі серіктестеріміз - Ресей мен Қытайдағы экономикалық жағдайдың шиеленісуі. Яғни, Ұлттық банктің төрағасы қазіргі жағдайда қалай болғанда да камикадзе ролін сомдауға мәжбүр", - деді Сәтбаев.

ABAI.KZ. "«Мәскеу үшін Сирия - екінші Ауғанстан»" - Террористік Әл-Каида ұйымының жетекшісі Айман әл - Завахири (суретте) өзінің мұсылман жақтастарын һәм діни ұйым басшыларын Ресейге қарсы күш біріктіруге және Сирия, Иран, Батыс елдерінің қысымына қарсы тұруға үндеу жариялаған. Бұл туралы abai.kz порталы Reuters агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

TURKISTAN.KZ. "Түркілер құрған 110 мемлекет ішінде Қазақ хандығы 4-ші ұлы мемлекет" - Түркі мемлекеттері ішінде ең ұзақ билік құрған бірінші мемлекет – 1299-1922 жылдары аралығында 623 жыл өмір сүрген Осман империясы, екінші мемлекет 1500-1920 жылдары арасында 420 жыл өмір сүрген Бұхара хандығы, үшіншісі 1512-1920 жылдары арасында 408 жыл өмір сүрген Хиуа хандығы.




3 қараша 2015, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.