AZATTYQ.ORG. "Қазақстанға көшіп келетін қазақтар еселеп кеміп барады" - Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қазанның 20-сы күні жариялаған дерегіне қарағанда, 2015 жылдың алғашқы 9 айында Қазақстанға 3012 этникалық қазақ (1164 отбасы) көшіп келген. Бұл былтырғы осы мерзімдегі көрсеткіштен (2014 жылдың алғашқы 9 айында 7468 оралман келген) екі жарым есе, алдыңғы жылғы осы кезеңдегіден (2013 жылдың алғашқы 9 айында 21949 оралман келген) жеті есе аз.
ZHASALASH.KZ. "Сириядағы соғыс: Ресей неден ұтты, неден ұтылды?" - РБК (РосБизнесКонсалтинг) талдау жүргiзiп, Сириядағы соғысқа Ресейдiң қанша шығын шығарғанын есептедi. РБК-ның дерегiнше, РФ Қорғаныс министрлiгiнiң Шам жерiнде әскери операция бастағалы бергi шығыны – күн сайын кем дегенде 2,5 миллион доллар. Әзiрге бұл шығынды 2015 жылғы бюджет қоржыны көтерiп тұр. Егер операция созылса, қосымша қаржы қажет болады.
ABAI.KZ. "Министрлік ұлттың тамырын балталап жатыр" - Қазақ қоғамында орыс тілінің ықпалы әлі күнге дейін орасан, ендігі жерде тағы бір жат тілді тықпалайтындай біз ағылшындардың отарында болған Үндістан емеспіз... Ана тілінде сөз сындырып, санасы орныққан бала қалаған тілін жеңіл меңгеріп алады. Ал, қазіргі үштілділік бағыты - он жылдан кейін қазақ қалаларында қазақ тілінде сөйлейтін бала қалдырмайды.
AIKYN.KZ. "ҰБТ-да дау неден шығады?" - Жақында Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев Қазақстанда Бірыңғай Ұлттық тестілеуді өткізу мерзімін ауыстыру жоспарланып отырғанын хабарлады. Әзірше жоба жасалып жатыр және ол сынақ түрінде келесі жылы енгізілетін көрінеді. Қазақстаннан шетелге оқуға кететіндердің санын азайту үшін қандай шаралардың жүзеге асырылып жатқаны туралы сұраққа ол түлектердің ҰБТ-ны ерте тапсыруға мүмкіндігі пайда болатынын айтты.
ALASHAINASY.KZ. "Қазтуған жырау қалмақтың жиені ме?" - Ресейдегі қалмақ, ноғай басылымдарында соңғы кездері «Қазтуған жыраудың анасы қалмақ қызы» деген деректер шыға бастапты. Мұндай деректі алғаш болып Ресей ғылым академиясына қарасты Қалмақ гуманитарлы зерттеулер институтының жоғары ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты Владимир Тепкеев жариялаған екен.
QAMSHY.KZ. "Қазақтың зейнеткер ғылымы жаңа жүйеге үйрене алмай жатыр" - Қазіргі қазақ ғылымын қарайтын болсаңыздар, бір ауыздан зейнеткер ғылым деуге болады. Ғылымда жол білімге емес, атақ- дәрежеге ашылған. ЖОО-да кадр құрамында 0.75% ғылыми дәрежесі бар мұғалімдар болуы деген шарт бойынша 50% зейнеткерлерді ұстап отыр. Ал, зейнеткерлеріміз жаңа технологиялар мен ғылымның жаңалықтарынан бейхабар.
NAMYS.KZ. "Дала заңы бойынша кісі өліміне құн төлеу немесе Ақыт хажының үкімі" - Кісі өлтіріп немесе әлдебір айыпқа жығылғандар дала заңы бойынша құн төлейтіні жайлы қазақтың төл тарихы талай хикаяны айтып берген-ді. Біразын тарихи кітаптардан оқығанбыз. Шариғат үкімдерін негізге алған «Жеті жарғы» жайлы білмейтін қазақ жоқ. Айтайын деп отырғанымыз әйгілі дала данышпаны, ақын, ағартушы Ақыт Үлімжіұлының қазы болуымен шыққан бір үкім жайлы. Оқиға қазірде көзі тірі қарт ұстаз Кәрменхан ақсақалдың қолжазбасы негізінде баяндалады.
SERKE.ORG. "АҚШ Сириядағы стратегиясын өзгертіп жатыр ма?" - Пентагон басшысы Эштон Картер алдыңғы күні «Ислам мемлекеті» террористік ұйымының содырларына қарсы жер үсті операциясының жүргізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Вашингтонды стратегияны өзгертуге мәжбүр етіп отырған не? Ал екінші жағынан, ол шынымен де өзгеріп жатыр ма? Картердің сөзінен әңгіменің Сирия не Ирак туралы, толық ауқымды әскери іс-қимыл немесе арнайы қызмет әскерінің шектеулі акциялары туралы болып жатқаны түсініксіз қалды.