Атырау, 28 қараша 05:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 499.51
€ 525.83
₽ 4.62

Италия мұрағатынан алынған қыпшақтар сөздігінің электронды нұсқасы Қазақстанға жеткізілді

2 626 просмотра

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі Италияның мұрағатынан Дешті Қыпшақ кезеңінде жазылған «Кодекс куманикус», яғни, қыпшақ тілі сөздігінің электронды нұсқасын елімізге əкелді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мəлім етті.

«Мәдениет және спорт министрлігі мен Италияның Мұрағат комитеті арасында тиісті келісім бар. Осы келісімнің арқасында өте жақсы жұмыстар атқарылып жатыр. Мысалы, Италияның мұрағатында Дешті Қыпшақ кезеңінде жазылған «Кодекс куманикус» шығармасының түпнұсқаға жақын түрі сақталған. Осы келісімнің арқасында біз осы құжаттың электронды нұсқасын Қазақстанға əкелдік», - деген министр болашақта тарихи құжат негізінде кітап шығуы мүмкін екенін атап өтті.

А.Мұхамедиұлының айтуынша, бұдан өзге, Италияның мұрағатынан ұлтымыздың тарихына байланысты басқа да құжаттар табылған.

«Жалпы, Италияның мəдениет жəне туризм министрлігі мұрағаттар бас дирекциясымен арадағы қарым-қатынас өз тиімділігін көрсетіп отыр. Осы байланыстың арқасында біздің тарихымызға қатысты өте көне картаны ұсынған Ватикан жəне Рим мұрағаттарына да алғыс айтамыз», - деді А.Мұхамедиұлы.

Дереккөз: inform.kz

26 қазан 2015, 16:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.