Атырау, 19 желтоқсан 23:02
 ашықВ Атырау -4
$ 522.63
€ 548.66
₽ 5.07

"Порошенкоға сын болатын жергілікті сайлау". "Қазақстанда нағыз мұсылмандарды қалай дайындайды". "Геннадий Головкин рингтен тыс уақытын қалай өткізеді?". "Сирия соғысының қатерлі сипаты". "Таразда өзін өртеген Ерлан Бектібаев не үшін сотталды".

1 876 просмотра

AZATTYQ.ORG. "Порошенкоға сын болатын жергілікті сайлау" - Болжамдар бойынша, мэрлер мен жергілікті депутаттар саны бойынша ең көп орынды Порошенконың «Солидарность» партиясы алуы ықтимал. Бірақ президентті қолдайтындар қатары бұрынғы деңгейінен 26 пайызға дейін төмендеген. 2014 жылы ел президенті болып сайланарда оны жақтаушылар бұдан екі есе көп еді.

"Мұнайшылар Назарбаевтан еңбек кодексін қабылдамауды сұрайды" - Мұнайшылар қол қойып президент Нұрсұлтан Назарбаев пен вице-премьер Дариға Назарбаеваға жазған хатта «еңбек кодексінің жаңа жобасы кәсіподақтар рөлін шектейді» деп санайтындарын мәлімдеген. «Өндірістегі еңбек қатынасын тек ұжымдық шартпен реттеуге болмайды, себебі Қазақстанда әлі күшті әлеуметтік серіктес жоқ» деп жазған.

NUR.KZ. "Қазақстанда нағыз мұсылмандарды қалай дайындайды" - Оқу орнының студенттерін қандай да бір киім киюге күштемейді. Оқу бөлімінің басшысы студенттер ең бастысы мәдениеттілікті сақтап, ашық-шашық киінбесе болды деген пікірде.

"Сайрамдағы кесене шырақшысы ата-бабаларға жиі зиярат ететін шенеуніктер туралы айтты" - Кесенеге табан тірейтіндердің арасында депутаттар мен шенділер де бар. «Мысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының бұрынғы әкімі Асқар Мырзахметов отбасымен әр 1,5-2 айда келіп тұратын. Бірде менің бөлмеме кіріп, шай да ішті. Ал жуырда облысымыздың жаңа әкімі – Бейбіт Атамқұлов та келіп, Ибраһим атаға зиярат етіп кетті. Ол кісі менен «Қандай көмек керек?» деп сұрады. Мен Ибраһим ата кесенесіне су шығарып беруін сұрадым. Сөйтіп көкейді көптен бері мазалаған мәселе оң шешімін тауып өңір басшысы кесененің мұқтаждығына қажет суды 2 күнде шығарып берді, бұл жаңа әкімнің зияратшыларымызға жақсы тартуы болды», – деп ризашылығын білдірді қария.

"Геннадий Головкин рингтен тыс уақытын қалай өткізеді?" - Қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкин өз отанының патриоты екенін дәлелдей алған спортшылардың бірі. Боксшының рингтен тыс уақытын немен өткізетінін ztb.kz сайтына сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.

TURKYSTAN.KZ. "Сирия соғысының қатерлі сипаты" - Пессимистер қауымы үшінші дүниежүзілік соғысты болжап та, одан сақтандырып та, оның сипаты мен салдарын суреттеп те болды. Ресейдің Сирияда әскери қимылдарға ашық кірісуі осы тектес болжамдарды растағандай көрінген. Бірақ бұл Сириядағы дағдарыстың кезекті сатысы ғана сияқты. Базбіреулер АҚШ бастаған коалициялық күштер мен Ресей әрекетінен соң енді бұл қақтығыстарға Қытайдың кірісуінен сескенеді.

"Мұрат МҰХАМЕДОВ, Сенат депутаты: Тәуелсіздікті қолдан берер жайымыз жоқ" - Парламент Сенатының депутаты, саясаттану ғылымдарының докторы Мұрат Мұхамедовпен сұхбат тәуелсіздіктің жиырма төрт жылында қазақтың түгенделмеген есесі, ұлттық ұстындарды бекемдеудегі мүлт кеткен тұсы, өзгеде кеткен ақысы, халқының көрген талқысы мен халықаралық саясаттағы алпауыттардың тартысына ұласты.

JASQAZAQ.KZ. "«Жігіттер, кончайте базар-вокзал» немесе қазақты бұзудың қарапайым әдісі" - Аз халықты ақымақ қылып, сауатсыздау етіп, ұстаудың өте тиімді екенін уақыт көрсетіп берді. Өйткені, Сібір, Тайга, Азия территорияларындағы «көзге көрінбейтін эксперименттер» өз «жемісін» берді. Мұндағы көптеген шағын ұлттар мен ұлыстар жойылып кетті, жойылмағандары қазіргі кезде «қызық көзді орыстар» (якут, тува, ненец және тағы басқалары) болып, өмір сүріп жатыр. Бұдан біздің Қазақстанымыздың да «қалыс қала» қоймағаны белгілі.

KAZAKHSTANZAMAN.KZ. - "Мәңгілік көршінің мұраты не?" - Шыны керек, бүгінгі таңда Ресей Қазақстанның сауда саласындағы дәстүрлі ірі серіктесі болып саналады. Өзара тауар айналымының орташа жылдық көлемі шамамен 21 миллиард долларды құрайды. Ресей компаниялары Қазақстанның ірі көмірсутек шикізаты кеніштерін игеруге қатысуда. Қазақстанда ресейлік капиталдың қатысы бар 5600-ден астам кәсіпорын жұмыс жүргізуде.

TODAY.KZ. "Таразда өзін өртеген Ерлан Бектібаев не үшін сотталды" - Қолжетімді ақпаратқа сәйкес, 2015 жылдың 5 ақпанында Тараз қаласының колледждерінің бірінің студенті Ерлан Бектібаев ерегесіп қалған білім алушылардың біріне пышақ салған. Іс материалдары бойынша 14 ақпанда Бектібаев Алматыда жүріп, қоғамдық көлікте үш рет қалта ұрлығын жасаған. Оны зардап шегушілердің бірі таныған. Жігіт төрт эпизод бойынша да кінәсін мойындап, өкініш білдірген. Зардап шеккендер Бектаевты кешірген.

26 қазан 2015, 10:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.