AZATTYQ. ORG «"Қазақгейттен" кейінгі Нұрлан Балғымбаев» - Соңғы жылдары тасада жүрген Нұрлан Балғымбаев қайтыс болғаннан кейін жергілікті элита назары оған қайта ауды. Премьер-министр қызметін атқарған тұста «Қазақгейт» жанжалына ілігіп, отставкаға жіберілген еді.
«Путин Асадпен неге кездесті?» - Сирия президенті Башар Асад төрт жылдан бері алғаш рет шетелге шығып, Мәскеуде Ресей президенті Владимир Путинмен күтпеген кездесу өткізді. Мұның себебі неде?
«Жақияновамен соттасқан Ерғалиева жеңгеніне таңғалды» - Алматыда сот журналист Гүлжан Ерғалиеваның оппозициялық саясаткер Ғалымжан Жақияновтың әйелі Қарлығаш Жақияноваға талап-арызын ішінара қанағаттандырды. Адвокаты жауапкерге апелляциялық шағым жазуға кеңес бермек.
«Түркіменстан үкіметі кімді алдамақ?» - Түркіменстан үкіметі шындыққа көзін жұмып қарайтын тәрізді. Бұл жолы тіпті әдеттегіден қатты кетті. Түркіменстан сыртқы істер министрлігінің Қазақстан президентінің пікіріне шамданып қалуы осыны көрсетеді.
«Стамбулда "ТМД жасөспірімдерінің ИМ қосыны" жойылды» - Түркия полициясы Стамбулда Өзбекстан мен Тәжікстаннан шыққан жасөспірімдерді ИМ үшін дайындайтын орталықтың жойылғанын хабарлады. Бұл ақпаратты Түркиядағы «Өзбек бірлігі» ассоциациясының бастығы теріске шығарады.
ABAI.KZ. «Ахметов ісі: бланкілер бөгде адамдарға берілген» - Қарағанды облысын Серік Ахметов басқарған жылдары ресми мекеменің фирмалық бланкілері бөгде адамдарға берілген.
«Борышкердің жайы келімбетовті толғандыра ма?» - Басына түспеген адам қайта қаржыландыру (рефинансирование), ипотекалық қарыз дегендерді біле бермейді, тіпті білгісі де келмейді. Ал осылардың зардабы басында жүрген қаншама отандастарымыздың шырылдап бармаған жері, баспаған тауы жоқ.
ALASHAINASY.KZ «Депутат министрлерді мемлекет қаржысын жеке мүддеге жұмсамауға шақырды» - Жұрттың жылдар бойы тірнектеп жиған зейнетақы қорындағы миллиардттары несиеге берілмек.
JASQAZAQ.KZ. «"Асыл арна" туралы ресми мәлімдеме жасалды» - Жақында баспасөз беттерінде еліміздегі рухани-ағартушылық «Асыл арна» телеарнасының қызметіне байланысты «Асыл арнаны» кім қаржыландырады?» атты мақала жарық көріп, қоғамдық талқыға түскені белгілі.
AIKYN.KZ «Қазақтың бесігі Кавказға қалай барды?» - Қазақтың бесігі Кавказға қалай барды? Ел арасында «Қазақ пен бесік бір туған» деген сөз бар.